Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 (2008.02.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Президенті 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен күші жойылды
Экономиканы әртараптандыру және жаңғырту негiзiнде елдiң тұрақты дамуын қамтамасыз ету, өнiмнiң бәсекелiк түрлерiн шығару мен экспортты ұлғайту үшiн жағдайлар жасау мақсатында қаулы етемін: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы (бұдан әрi - Стратегия) бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: екі ай мерзiмде Стратегияны iске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын әзiрлеп, бекiтсiн (І кезең); жылына екi рет, 1 ақпанға және 1 тамызға дейiн жарты жылдық қорытындылары бойынша Мемлекет басшысына Стратегияның орындалу барысы туралы ақпарат беретiн болсын. 3. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдар Стратегияны iске асыру жөнiнде барлық шараларды қолдансын. 4. Стратегияның орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiне жүктелсiн. 5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
ҚР Президентінің 2008 ж. 2 шілдедегі № 627 Жарлығымен Стратегия жаңа редакцияда (бұр. ред.қара) Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған СТРАТЕГИЯСЫ
Астана, 2008 жыл
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауларынан:
««Біздің экономикалық жетістіктеріміз Қазақстанның Орталық Азия экономикасында көш басына шығуына жол ашты. Ендігі жерде біздің қолымызда Қазақстанды экономикалық дамудың «өңірлік локомотивіне» әрі оны әлемдік экономиканың оңтайлы «ойыншысына» айналдыра алатындай күш бар.» Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|