|
|
|
«Көркемсурет көрмелерi мен аукциондар дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы (2003.24.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 369 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. «Көркемсурет көрмелерi мен аукциондар дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны «Көркемсурет көрмелерi дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны болып қайта аталсын. ҚР Үкіметінің 24.11.03 ж. № 1172 қаулысымен 2-тармақтың күші жойылды 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң Мәдениет комитетi» деген бөлiмде: реттiк нөмiрi 512-25-жол мынадай редакцияда жазылсын: «512-25 «Көркемсурет көрмелерi дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы»; 2) «Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 500 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 16, 164-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң Мәдениет комитетiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 23-жол мынадай редакцияда жазылсын: «23. Көркемсурет көрмелерi дирекциясы». 3. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен «Көркемсурет көрмелерi дирекциясы» РМҚК-ны әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркеудi қамтамасыз eтсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |