|
|
|
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 6 желтоқсандағы № 1193 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация (2006.17.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң құзыретi шегiнде, әуе көлiгiн қоспағанда, көлiк саласында арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады. Комитеттiң негiзгi мiндетi әуе көлiгiнен басқа, көлiктiң барлық түрлерiн қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз етудi және олардың қызметiн мемлекеттік бақылау, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде көлiктік қызметтер саласындағы қызметті мемлекеттік реттеудi жүзеге асыру болып табылады. Комитеттiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар. 2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкi, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң органдарында шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 4. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар шығарады. 5. Комитеттiң құрылымын және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетi" мемлекеттік мекемесi. 7. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 47. 8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады. 9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға заңнамалық кесiмдермен құқық берiлген болса, онда осындай қызметтен түскен кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. 2. Комитеттiң негiзгi функциялары және құқықтары 10. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады: ҚР Үкіметінің 2006.01.03. № 142 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар: Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен көлiктегі қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасасу; қозғалыс қауiпсiздігі талаптарын бұзушылықтарға мемлекеттік статистикалық есептiлiк жүргiзу, қозғалыс қауiпсiздiгiн, жолаушылар мен жүктердi темір жол көлiгiмен тасымалдау қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң жай-күйiне мониторинг жүргiзу; қозғалыс қауiпсiздiгiн, жолаушылар мен жүктердi темір жол көлiгiмен тасымалдауды бұзудың алдын алу; Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде темір жол көлiгіндегі (Қазақстан Республикасының темір жол көлігі құралдарымен болған) қирауларды, аварияларды және қақтығыстарды тексеру; сауда мақсатында теңiзде жүзуде пайдаланылатын кемелердiң тiзiлiмдерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының темір жол көлiгi құралдарының мемлекеттік тiзiлiмiн және кеме тiзiлiмдерiн жүргiзу; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес авиациялықтан басқа, көлiктік қызметтер көрсету саласындағы қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялау; Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп өтуге шетел мемлекеттерiнiң тасымалдаушыларына және шетел мемлекеттерiнiң аумағы бойынша жүрiп өтуге Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына рұқсаттар беру; Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және iрi көлемдi көлiк құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүріп өтуiне арнайы рұқсат беру; автомобиль көлiгiнде қауiптi жүктi тасымалдауға жүргiзушiнi жiберу туралы куәлiк беру; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын беру және кеменi шетел мемлекетiнiң туын көтерiп жүзуге уақытша ауыстыру туралы шешiм қабылдау; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен теңiз порттарын жобалауға, салуға және қайта жаңартуға келісім беру; сауда мақсатында теңiзде жүзуде пайдаланылатын кемелердi қоспағанда, кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыру, тиiстi құжаттарды беру; кемелердi, порттарды, жағалаулық объектілердi, кеме қатынасы гидроқұрылыстарын, жасанды аралдарды техникалық куәландыруды жүргізуді қамтамасыз ету; жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеме қатынасы су жолдарын пайдалануына рұқсаттар беру; бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi тасымалдау жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердiң автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруды болдырмау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен және жағдайларда шаралар қабылдау; өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының айдынында кемелермен болған авариялар мен уақиғаларды тексеру, оларды жiктеу және есепке алу; қадағалауындағы кемелерге кемелiк құжаттар мен мемлекеттік борттық нөмiрлер беру; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында мемлекеттік тiркелуге жататын кемелердiң командалық құрамы тұлғаларын дипломдау, сондай-ақ теңiзшi паспорттарын беру; кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлерге аттестаттау жүргiзу; кемелердiң командалық және қатардағы құрамының тұлғаларына оларды тиiстi аттестаттау кезiнде атқаратын лауазымына сәйкестiк куәлiктерiн беру; шағын көлемдi кемелердi басқару құқығына куәлiктер беру; өз құзыретi шегiнде халықаралық ұйымдарда көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiру. ҚР Үкіметінің 2006.17.08. № 774 қаулысымен 2) тармақша толықтырылды (2006 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі) 2) бақылау және қадағалау функциялары: заңды және жеке тұлғалардың әуе көлiгiнен басқа, көлiктiң барлық түрлерiнiң жұмыс iстеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесiмдерiн, халықаралық шарттарын сақтауын мемлекеттік бақылау және қадағалау, олардың бұзылуын анықтау және оларды болдырмау жөнiнде шаралар қабылдау; авиациялықтан басқа, көлiктiк қызметтер көрсету саласында лицензиялық ережелердiң сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау; сауда мақсатында теңiзде жүзуде пайдаланылатын кемелердiң мемлекеттік тiркелуiн бақылауды жүзеге асыру; теңiз кемелерiне және олардың жiктелуiне техникалық қадағалау жүргiзiлуiн мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; лоцмандық қызметтiң және iшкi су көлiгiндегі өзге де қызметтердiң iшкi су жолдарындағы жүзу ережелерiнiң сақталуын мемлекеттік бақылау; өзен және шағын көлемдi кемелердi, шағын көлемдi кемелерге арналған база-тұрақтарды, порттарды, жағалаулық объектiлердi, кеме қатынасы гидротехникалық құрылыстарды жiктеу және оларға техникалық қадағалауды жүзеге асыру; кемелердiң iшкi су жолдарында пайдаланатын байланыс саласындағы ережелердiң, нормалардың және стандарттардың орындалуын мемлекеттік бақылау; техникалық пайдалану ережесiнiң және кемелердегi қызмет жарғысының ұсақталуын қадағалауды жүзеге асыру; теңiз жолдарының жай-күйiн, лоцмандық қызметтi және өзге де теңiз қызметтерiн мемлекеттік бақылау; тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шартын тасымалдаушының жасасуына мемлекеттік бақылау жүргiзу; жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеме қатынасы су жолдарын пайдалану мерзiмiн мемлекеттік бақылау; Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру кезiнде рұқсат беру жүйесi талаптарының орындалуын мемлекеттік бақылау; Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiн мемлекеттік бақылау; Қазақстан Республикасы тасымалдаушыларының және шетел мемлекеттерi тасымалдаушыларының халықаралық автомобиль тасымалдарын орындау кезiнде Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру және автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының жасалуын мемлекеттік бақылау; жолаушылар мен жүктерді, оның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау саласында автокөлік құралдарын пайдалану кезінде шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерінің сақталуын бақылау. 11. Комитет негізгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн заңнамада белгіленген тәртiппен мыналарға құқылы: 1) көлiк кешенiндегi қызметтi реттейтiн заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгізуге; 2) жеке және заңды тұлғалардан Комитеттiң құзыретiне кiретiн барлық мәселелер бойынша қажеттi ақпаратты, материалдарды, анықтамалық деректердi сұрауға; 3) Комитеттiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi бойынша ұсыныстар енгізуге; 4) Комитеттiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдарының Комитеттің белгіленген құзыретi шегiндегi мiндеттерi мен функцияларына сәйкес келмейтiн бұйрықтарының күшін жоюға, хаттарын қайтарып алуға; 5) әуе көлiгiнен басқа көлiктiң барлық түрлерiнде тасымалдау және басқа да қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың, олардың заңнама ережелерiн сақтауы бөлігiндегi қызметiн тексеруге; 6) біліктілiк талаптарын және лицензиялаудың белгіленген нормалары мен ережелерiн сақтауды тексеруге; 7) өз құзыреті шегiнде тексерулердiң нәтижелерi бойынша актiлер жасауға және көліктiң жұмыс iстеу тәртібін белгiлейтiн заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, стандарттар мен нормалар талаптарының анықталған бұзылуын жою туралы нұсқамалар енгiзуге; 8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес хаттамалар жасауға, әкiмшілiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс жүргізудi жүзеге асыруға; 9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда жеке тұлғаны әкiмшілiк ұстауды, көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстауды жүзеге асыруға, тұлғаның жеке басына тексерiс және жеке тұлғаның өзiндегi заттарына тексерiс жүргiзуге, көлiк құралдарына, шағын көлемдi кемелерге тексерiс жүргiзуге; 10) мыналарды: құқық бұзушылық жасалған жерде не әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы iс жүргізудi қамтамасыз ету шараларын қолдану кезiнде табылған құқық бұзушылық құралы немесе объектiлерi болып табылатын жеке тұлғаның өзiндегі заттар мен құжаттарды; әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде не заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарға, үй-жайларға, көлiк құралдарына, тауарларға, өзге де мүлiкке тексеру жүргiзу кезiнде табылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тiкелей объектісi болған, заңды тұлғаға тиесілi асыруға; көлемдi кеменi басқарудан шеттетуге және оларды мастық күйiне медициналық куәландыруға жiберуге; тексеру жүргiзуге; 13) өз құзыретi шегінде әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салуға; 14) шетелдiк ұйымдармен өзiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша сыртқы экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға; 15) Комитеттiң құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша 16) мемлекеттік органдарға көлiктiк уақиғалардың, көлiктi пайдалану ережесiнiң бұзылуының алдын алу жөнiндегі шаралар туралы ұсыныстар енгiзуге; 17) кеме жүргiзушiлердi даярлау жөнiнде курстар ұйымдастыруға, оларды аттестаттауды жүзеге асыруға; 18) аралас (өзен-теңiз), iшкi жүзудегi кемелердiң командалық құрамында дипломдардың, куәлiктердiң және оларға куәландырулардың болуын тексеруге; 19) кеме қатынасы мен теңiзде жүзудiң қауiпсiздiгi талаптарын бұзғаны үшiн кемелердiң командалық құрамындағы тұлғалардан дипломдарға бақылау талондарын алуға, сот шешiмi бойынша кеме жүргiзушілердi кеменi басқару құқықтарынан айыруға; 20) жай-күйі қозғалыс қауiпсiздігінiң және қоршаған ортаны қорғаудың белгіленген талаптарына жауап бермейтiн магистралдық темір жол тораптарының, темір жолдардың және жылжымалы құрамның пайдаланылуын тоқтата тұруға және тоқтатуға; 21) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен және жағдайларда көлiктiк бақылау бекеттерiнде автокөлiк құралдарын тоқтатуға; 22) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда автокөлiк құралдарын қарауға. 12. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Комитеттiң мүлкі оған мемлекет берген мүлiк есебiнен құралады және құны Комитеттiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн негiзгi қорлардан, айналым қаражатынан, сондай-ақ өзге де мүлiктерден тұрады. 13. Комитетке бекітіп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 14. Комитеттің өзiне бекітіп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Комитетке заңнамада белгiленген шарттарда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. 4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру 15. Комитет және оның аумақтық органдары көлiктiк бақылау органдарының бiрыңғай жүйесiн құрайды. 16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. Төрағаның заңнамада белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады. Төраға орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 17. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуы үшiн жеке жауап бередi. 1) өзiнiң орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi; 2) заңнамаға және Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрі бекiтетiн лауазымдар номенклатурасына сәйкес Комитеттiң және оның аумақтық органдарының қызметкерлерiн қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады. Бұл ретте аумақтық органдардың басшыларын қызметтерге тағайындау және қызметтерден босату Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрімен келісім бойынша жүргізiледi; 3) заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрі бекiтетін лауазымдар номенклатурасына сәйкес Комитеттiң және оның аумақтық органдарының қызметкерлерiн көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету және тәртiптiк жаза қолдану мәселелерiн шешедi; 4) Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды; 5) Комитеттiң регламентiн және құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi; 6) Комитеттiң аумақтық органдарының ережелерiн, құрылымын және штат кестесiн бекiтедi; 7) Комитетті мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда бiлдiредi; 8) өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды. 19. Комитеттiң қызметкерлері (лауазымды тұлғалары) өкіметтің өкiлдерi болып табылады, арнайы куәлiктерi және белгiленген үлгiдегi кеуде белгілерi, қызметтiк униформасы болады, қызметтік міндеттерін атқару кезiнде байланыстың арнайы техникалық құралдарын, арнайы су көлiгін және арнайы автокөлiктi пайдалануға, сондай-ақ Комитеттiң көліктік бақылау посттарында жұмыс жасау кезiнде асатаяқ, ысқырық және тоспа пайдалануға құқылы. 20. Комитеттiң ұшуға рұқсаты бар қызметкерлерi ұшу тапсырмасына "Тексерушiлер" бағанына мамандығын көрсете отырып, ал мұндай рұқсаты жоқтар - "Қызметтік жолаушылар" бағанына әуе кемесi экипажы кабинасында болу құқығымен жазу арқылы енгізілуі мүмкiн. 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату 21. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгі Көлiктiк бақылау комитетiнiң құрылымы Басшылық Автокөлiкте және автожолдарда бақылау басқармасы Темір жол көлiгінде бақылау басқармасы Су көлiгiнде бақылау басқармасы Ұйымдастыру-талдау жұмысы және лицензиялау басқармасы Ұйымдастыру-қаржы басқармасы Заң және кадр қызметi бөлiмi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |