|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы Осы редакция 2005 ж. 28 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесi бекітілсiн. 2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi № 1408 қаулысы; 2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi № 1408 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 230 қаулысы; 3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi № 1408 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi № 1210 қаулысы. 3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Үкіметінiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1405 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесi Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану тәртібін айқындайды. 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөніндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзiрлеу үшiн құрылған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөніндегі консультативтiк-кеңесшi орган; күтпеген шығындар - оларды болжауға болмағандықтан ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеген кезде жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында дереу қаржыландыруды талап ететiн шығындар; Қазақстан Республикасының ресми iзгілiк көмегi - басқа мемлекеттердiң аумағындағы әскери, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында Қазақстан Республикасы өтеусiз көрсететiн көмек. 2. Қазақстан Республикасының ?кіметі мен жергіліктi атқарушы органдар резервiнiң қатаң нысаналы мақсаты бар және осы Ережеде және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтен ақша бөлу туралы шешімінде көзделмеген мұқтаждарға пайдаланылмайды. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергілiктi атқарушы органдардың резервiнен ақша бөлу туралы шешiмiн дайындау: 1) ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергілiктi бюджеттерде осы мақсаттарға арналған ақша болмаған; 2) сот шешiмдерi бойынша тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, орталық мемлекеттік органдардың, жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн өтеу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдар резервiнiң ақшасын қажетсiну ағымдағы қаржы жылында туындаған және оларға қажеттiлiк бюджеттік бағдарлама әкiмшiсiнiң бұрынғы мiндеттемелерiне байланысы жоқ болған; 3) Қазақстан Республикасы ресми iзгілiк көмек көрсетуге төтенше резервтi пайдаланған жағдайда Комиссияның оң ұсынымы болған жағдайларда жүзеге асырылады. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың резервiнен бөлiнген ақша қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған немесе iшiнара пайдаланылған жағдайда бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi бөлiнген ақшаның пайдаланылмаған бөлiгiнiң тиiстi бюджетке ағымдағы қаржы жылының аяғына дейiн қайтарылуын қамтамасыз етедi. 2. Төтенше резервтi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға пайдалану тәртібі 5. Қазақстан Республикасының аумағында табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен ақша бөлу туралы өтiнiштердi төтенше жағдайлар жөніндегі орталық уәкiлеттi орган қарайды. Бұл ретте туындаған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайдың өңiрлiк немесе жаһандық ауқымы болуы тиiс. 6. Жергiлiктi ауқымдағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда тиiстi жергiлiктi атқарушы органның резервiнен ақша бөлу туралы өтiнiштердi төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкiлеттi орган немесе аудандық (қалалық) қаржы бөлiмi қарайды. 7. Негiздеушi материалдарды ұсыну тәртібін және олардың тiзбесiн төтенше жағдайлар жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды. Бұзылған объектiлердi салуға немесе күрделi жөндеуге төтенше резервтен ақша бөлiнген жағдайда құжаттардың құрамында құрылыс жөніндегі уәкiлеттi органның оң қорытындысы да табыс етіледі. 8. Өңiрлiк және жаһандық ауқымдағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар жөніндегі орталық уәкiлеттi орган заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға ақша бөлу туралы шешiмнiң жобасын енгiзедi. 9. Жергiлiктi ауқымдағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкiлеттi орган немесе аудандық (қалалық) қаржы бөлiмi заңнамада белгiленген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органға табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға ақша бөлу туралы шешiмнiң жобасын енгiзедi. 10. Төтенше резервтiң ақшасы "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі iс-шараларға жұмсалады. 3. Төтенше резервтi Қазақстан Республикасының ресми ізгілік көмек көрсетуiне пайдалану тәртібі 11. Басқа мемлекеттердiң аумағындағы әскери, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында тиiстi орталық мемлекеттік орган Комиссияның ұсынымы негiзiнде Қазақстан Республикасының ресми iзгiлiк көмек көрсетуiне арналған Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiмiнiң жобасын әзiрлейдi және заңнамада белгiленген тәртiппен оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзедi. 12. Қазақстан Республикасы ресми ізгілік көмектi ақшалай немесе тауар нысанында көрсетедi. 13. Қазақстан Республикасы ресми iзгiлiк көмектi ақшалай нысанда көрсеткен жағдайда ақша қаражатын аудару Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен алушы ел шот деректемелерiн ресми ұсынғаннан кейiн жүзеге асырылады. 14. Қазақстан Республикасының тауар нысанында ресми iзгiлiк көмек көрсетуi үшiн ұсынылған тауарлардың құнын өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiзiнде төтенше резервтен жүзеге асырылады. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiліктi атқарушы органдардың резервтерiн шұғыл шығындарға пайдалану тәртібі 15. Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлiгiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң резервiнен өзге де күтпеген шығындарға ақша бөлу жағдайлары туындаған кезде тиiстi мемлекеттік орган бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға тиiстi негiздемелермен және есептеулермен бірге ақша бөлу туралы өтiнiш бередi. 16. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган берiлген өтiнiш негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнде көзделген шекте шұғыл шығындарға ақша бөлудiң мүмкiндiгi не мүмкiн еместiгi туралы қорытынды бередi. 17. Мемлекеттік органның өтiнiшiне оң қорытынды берiлген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның резервiнен шұғыл шығындарға ақша бөлу туралы шешiмiнiң жобасын заңнамада белгiленген тәртiппен осы мемлекеттік орган дайындайды. 18. Резервтi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шұғыл шығындарына ұтымды бөлу мақсатында өтiнiштi қараған кезде қаржы жылы iшiнде өзге де күтпеген шығындарға бөлiнетiн ақшаның жалпы сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шұғыл шығындарына арналған резервке көзделген жылдық соманың 50 пайызынан аспауы тиiс. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шұғыл шығындарға арналған резервiн сот шешiмдерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және орталық мемлекеттік органдардың мiндеттемелерiн орындауға пайдалану тәртібі 19. Сот шешiмдерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және орталық мемлекеттік органдардың мiндеттемелерiн орындау сот атқару құжаттары болған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шұғыл шығындарына арналған резервiнен қамтамасыз етiледi. Сот шешiмдерi бойынша төлемдердi жүргiзуге мiндеттi орталық мемлекеттік органдар қолданыстағы заңнамада көзделген негiздемелер болған жағдайда көрсетiлген шешiмдерге барлық сот инстанцияларында шағымдануы тиiс. Орталық мемлекеттік органдар өздерiнiң құқыққа сай емес қабылданған кесiмдерi, сондай-ақ әкiмшiлiк басқару саласындағы өздерiнiң лауазымды тұлғаларының құқыққа сай емес iс-әрекеттерi үшiн оларды ұстауға бөлiнген ақшамен жауап бередi. 20. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мiндеттемелерiн орындауға Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен ақша бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiмiнiң жобасын заңнамада белгiленген тәртiппен бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган дайындайды. 21. Орталық мемлекеттік органдардың мiндеттемелерiн орындауға Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен ақша бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiмiнiң жобасын заңнамада белгiленген тәртiппен тиiстi орталық мемлекеттік орган дайындайды. Бұл ретте орталық мемлекеттік орган осы Ереженiң 19-тармағының сақталғанын растайтын материалдардың көшiрмелерiн орталық мемлекеттік органдардың мiндеттемелерiн орындауға Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен ақша бөлу туралы шешiмнiң жобасымен қоса бередi. 6. Жергiлiктi атқарушы органдардың шұғыл шығындарға арналған резервiн сот шешiмдерi бойынша жергілікті атқарушы органдардың мiндеттемелерiн орындауға пайдалану тәртібі 22. Сот шешiмдерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн орындау сот атқару құжаттары болған жағдайда жергілікті атқарушы органдардың шұғыл шығындарға арналған резервтерiнен қамтамасыз етіледі. Сот шешiмдерi бойынша төлемдердi жүргiзуге мiндеттi жергiлiктi атқарушы органдар қолданыстағы заңнамада көзделген негiздемелер болған жағдайда көрсетiлген шешiмдерге барлық сот инстанцияларында шағымдануы тиiс. Жергiлiктi атқарушы органдар өздерiнiң құқыққа сай емес қабылданған кесiмдерi, сондай-ақ әкiмшiлiк басқару саласындағы өздерiнің лауазымды тұлғаларының құқыққа сай емес iс-әрекеттерi үшiн оларды ұстауға бөлiнген ақшамен жауап бередi. 23. Жергiлiктi атқарушы органның мiндеттемелерiн орындауға жергiлiктi атқарушы органның резервiнен ақша бөлу туралы жергiлiктi атқарушы орган шешiмiнiң жобасын заңнамада белгiленген тәртiппен тиiстi атқарушы орган дайындайды. Бұл ретте мүдделi жергiлiктi атқарушы органдар осы Ереженiң 22-тармағының сақталғанын растайтын материалдардың көшiрмелерiн жергiлiктi атқарушы органның мiндеттемелерiн орындауға жергiлiктi атқарушы органның резервiнен ақша бөлу туралы шешiмнiң жобасымен қоса бередi. 7. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң кассалық алшақтығын жабуға арналған резервiн пайдалану тәртібі 24. Облыстық бюджетте, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінде кассалық алшақтық пайда болған жағдайда оларға кредит беру үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң кассалық алшақтығын жабуға арналған резерв көзделедi. 25. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң кассалық алшақтығын жабуға арналған резервiнен ақша бөлу үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкiмдерi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға тиiстi негiздемелермен және есептеулермен бірге Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен ақша бөлу туралы өтiнiш бередi. 26. Берiлген өтiнiш негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң осыған ұқсас мәселелер бойынша бұрын қабылдаған шешiмдерiн және облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiне бұрын берiлген кредиттер туралы деректерге негізделе отырып, бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң кассалық алшақтығын жабуға ақша бөлу мүмкiндiгi не мүмкiн еместiгi туралы қорытынды бередi. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң кассалық алшақтығын жабуға арналған резервiнен ақша бөлу үшiн: 1) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiне кредит беру үшiн ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген сомалардың болуы; 2) бөлiнетiн ақшаның белгiлi бір есептi кезеңде мәслихаттардың шешiмдерiмен бекітілген және облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiне ағымдағы түсiмдермен және облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етiлмеген облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң шығыстарын қаржыландыруға бағытталуы; 3) жергiлiктi атқарушы органдардың республикалық бюджеттен бұрын берiлген кредиттер бойынша берешегiнiң болмауы мiндеттi шарттар болып табылады; 4) бөлiнетiн кредит сомасы жергiлiктi атқарушы органның Қазақстан Республикасының Үкіметі тиiстi қаржы жылына белгiлеген борыш лимитiнiң асып түсуiне әкеп соқпауы тиiс. 27. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң кассалық алшақтығын жабуға арналған резервiнен бюджеттік кредит беру қаржы жылы шегіндегі алты айға дейiнгi мерзiмде жүзеге асырылады және республикалық бюджеттiң нақтылануын талап етпейдi. 28. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінiң өтiнiшi бойынша оң қорытынды берiлген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінiң облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң кассалық алшақтығын жабуға арналған резервiнен ақша бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiмнiң жобасын бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзедi. 8. Облыстың жергiлiктi атқарушы органының аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң кассалық алшақтығын жабуға арналған резервiн пайдалану тәртібі 29. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерiнде кассалық алшақтық пайда болған жағдайда оларға кредит беру үшін облыстық бюджетте аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң кассалық алшақтығын жабуға арналған резерв көзделедi. 30. Облыстың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң кассалық алшақтығын жабуға ақша бөлу үшiн аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерi бюджеттi атқару жөніндегі облыстық уәкілетті органға тиiстi негiздемелермен және есептеулермен бірге облыстың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен ақша бөлу туралы өтiнiш бередi. 31. Берiлген өтiнiш негiзiнде, сондай-ақ облыс әкiмдiгiнiң осыған ұқсас мәселелер бойынша бұрын қабылдаған шешiмдерiн және төмен тұрған бюджеттерге бұрын берiлген кредиттер туралы деректерге негiзделе отырып, бюджеттi атқару жөніндегі облыстық уәкiлеттi орган облыстың жергілікті атқарушы органының резервiнен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң кассалық алшақтығын жабуға ақша бөлу мүмкiндiгi не мүмкiн еместiгi туралы қорытынды бередi. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң кассалық алшақтығын жабуға облыстың жергілікті атқарушы органының резервiнен ақша бөлу үшiн: 1) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне кредит беру үшiн ағымдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджетте көзделген сомалардың болуы; 2) бөлiнетiн ақшаның белгілі бір есептi кезеңде мәслихаттардың шешiмдерiмен бекітілген және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне ағымдағы түсiмдермен және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етiлмеген аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң шығыстарын қаржыландыруға бағытталуы; 3) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының облыстық бюджеттен бұрын берiлген кредиттер бойынша берешегiнiң болмауы мiндеттi шарттар болып табылады. 32. Жергiлiктi атқарушы органдардың резервiнен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң кассалық алшақтығын жабуға бюджеттік кредит беру қаржы жылы шегіндегі алты айға дейiнгi мерзiмде жүзеге асырылады және жергiлiктi бюджеттердiң нақтылануын талап етпейдi. 33. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінiң өтiнiшi бойынша оң қорытынды берілген жағдайда облыстың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң кассалық алшақтығын жабуға ақша бөлу туралы шешiмнiң жобасын бюджеттi атқару жөніндегі облыстық уәкiлеттi орган облыс әкiмдiгiнiң қарауына енгiзедi. 34. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнен бөлiнген ақшаны алатын бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және мерзiмде олардың пайдаланылуы, көлемi және орындалған жұмыстардың құны туралы есеп беруi тиiс. 35. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ай сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Үкіметі резервiнiң ақшасын пайдалану және оның тиiстi кезеңдегi қалдықтары туралы ақпарат ұсынады. 36. Сыртқы саяси қызмет жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасы көрсеткен ресми iзгiлiк көмектi алушы елдiң алғаны туралы тиiстi ақпаратты ұсынады. 37. Бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi атқарушы орган ай сайын жергiлiктi атқарушы органға жергiлiктi атқарушы органның резервi ақшасының пайдаланылуы және оның тиiстi кезеңдегi қалдықтары туралы ақпарат ұсынады. 38. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдар резервтерiнiң бөлiнетiн ақшасын мақсатсыз пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнен ақша алған бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен жауапкершiлiкке тартылады. 39. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн мақсатты пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |