|
|
|
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мәселелері Қазақстан (2006.27.02. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi; 3) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi төрағасының үш орынбасары болады деп белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 481-жол алынып тасталсын; 2) "Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң Ақпараттық-баспа орталығы" - "Қазстатақпарат" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 479 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 15, 153-құжат): 3-тармақтың алтыншы абзацы алынып тасталсын. 4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi туралы ереже Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi (бұдан әрi Агенттiк) Қазақстан Республикасының Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органы болып табылады. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: 1) мемлекеттік саясатты жүргiзу және мемлекеттік статистиканы басқару; 2) ғылыми әдiснама мен халықаралық стандарттардың негiзiнде бiрыңғай статистикалық ақпарат жүйесiнiң жұмыс iстеуiн және оны жетiлдiрудi қамтамасыз ету; 3) мемлекеттік, коммерциялық құпиялардың сақталуын және бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету; 4) статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, дұрыстығы мен жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету; 5) елiмiзде болып жатқан экономикалық және әлеуметтiк процестер мен олардың даму үрдiстерiн жан-жақты және объективтi түрде зерделеу, қорыту және талдау. 2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Агенттiк туралы ереженi және оның жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 4. Агенттiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң қазынашылық органдарында ашылатын шоттары, өз атауы мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жазылған бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi болады. Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Агенттiк, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкiлеттi болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 5. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өзiнiң мемлекеттік өкiлеттiктерi шеңберiнде өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар нысанында кесiмдер шығарады. 6. Агенттiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары бар. Агенттіктiң ведомстволық бағынысты ұйымдары бар, олардың тiзбесiн Үкiмет бекiтедi. 7. Агенттiктiң заңды мекен-жайы: 480008, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 125. 8. Толық атауы - "Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi" мемлекеттік мекемесi. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтайшы құжаты болып табылады. 9. Агенттiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Агенттiкке, Агенттiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады. Егер Агенттiкке Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер белгіленген тәртiппен мемлекеттік бюджет кiрiсiне жiберiледi. Агенттіктiң негiзгi функциялары мен құқықтары 10. Агенттiктiң мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялары: 1) статистика саласында мемлекеттік саясатты пысықтау; 2) Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетiлдiру жөніндегі шараларды әзiрлеу; 3) мемлекеттік статистика мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзірлеу; 4) статистикалық байқаулар бағдарламаларының жалпы мемлекеттік және ведомстволық бағдарламаларын әзірлеу және бекіту; 5) халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес статистикалық әдiснаманы әзірлеу болып табылады. 11. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететін функциялар: 1) мемлекеттік статистиканы жетiлдiру жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру; 2) статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың статистикалық қызметiн үйлестiру; 3) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізу; 4) мемлекеттік органдарды статистикалық және талдамалық ақпаратпен қамтамасыз ету; 5) заңды және жеке тұлғалар үшiн жиынтық статистикалық ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету; 6) мемлекеттік статистика органдарына ақпарат ұсынатын жеке және заңды тұлғаларды статистикалық нысандардың бланкiлерiмен және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз ету; 7) елдiң және оның өңiрлерiнiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық-статистикалық дерекқорды жинақтауды, жүргiзудi және жандандыруды қамтамасыз ету; 8) әрбiр шаруашылықтың есебiн жүргiзудiң және осы есептiң деректерiн тиiстi статистикалық көрсеткiштер өндiру үшiн пайдаланудың әдіснамалық басшылығын жүзеге асыру; 9) Мемлекеттік статистикалық тiркелiмдi жүргiзу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; 10) қолданыстағы халықаралық шарттар бойынша мiндеттемелерге сәйкес қызметтi жүзеге асыру, сондай-ақ шет елдермен статистикалық ақпарат алмасуды жүргізу; 11) статистикалық жинақтарды, бюллетеньдердi, экономикалық шолуларды және басқа да статистикалық материалдарды басып шығару және тарату; 12) ұлттық санақ өткізу; мемлекеттік саясатты іске асыруды бақылау саласында: 1) жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың бастапқы есепке қойылуын бақылауды жүзеге асыру; 2) әдiстемелiк нұсқаулықтардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру. 12. Агенттiк міндеттердi іске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өз құзыретi шегiнде: 1) заңды тұлғалардан анық мемлекеттік статистикалық есептiлiктi статистикалық жұмыстар жоспарында белгіленген көлемдерде және мерзiмдерде өтеусіз алуға; 2) заңнамада белгiленген жағдайларда жеке тұлғалардан статистикалық қорыту және талдау үшiн олардың экономикалық және әлеуметтік-демографиялық жағдайы, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметi туралы анық ақпарат алуға; 3) мемлекеттік органдардан бастапқы статистикалық ақпаратты, сондай-ақ Мемлекеттік статистикалық тiркелiмдi жүргізу үшiн орындалатын функцияларға қарай оларда бар басқа да ақпаратты алуға, сондай-ақ мемлекеттік органдар қалыптастыратын жиынтық статистикалық деректердi қайталамайтын статистикалық деректердi өндiруге; 4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртіппен ұйымдардың лауазымды адамдарын мемлекеттік статистикалық байқаулар жүргiзуге тартуға; 5) шет елдердiң тиiстi мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдiк заңды тұлғалармен мемлекеттік статистиканың мiндеттерiне байланысты халықаралық шарттар жасасуға, келiссөздер жүргiзуге және келiсімдерге қол қоюға; 6) мемлекеттік статистиканы жетiлдiру мен қызметiн үйлестiрудiң неғұрлым маңызды проблемаларын шешу үшiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, халықаралық ұйымдарды қоса алғанда, басқа да ұйымдар өкiлдерiнiң қатысуымен, олармен келісім бойынша ведомствоаралық ғылыми-әдiснамалық және сараптау кеңестерiн, сондай-ақ жұмыс топтарын құру жөнiнде ұсыныстар енгізуге; 7) Агенттiктiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар және халықаралық симпозиумдар өткізуге; 8) мемлекеттік статистика мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдер шығаруға; 9) мемлекеттік органдарға олар қабылдаған, статистика саласында мемлекеттік саясатты iске асыруға кедергi келтiретiн нормативтiк құқықтық кесiмдердi тоқтату немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге; 10) бейiндiк және өзге де тақырып бойынша статистикалық жұмыстар жүргiзуге, сондай-ақ статистикалық ақпаратты заңды және жеке тұлғаларға өткізудi жүзеге асыруға; 11) мемлекеттік статистика жүйесiн дамыту және халықаралық стандарттарды енгізу проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын ұйымдастыруға; 12) Агенттiкке ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсiпорындардың құрылтайшысы болуға және олардың жарғыларын бекітуге, оларға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмдерi бойынша акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерiне иелiк етудi және пайдалануды жүзеге асыруға құқылы. 13. Агенттiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Агенттiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптастырылады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Агенттiктiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады. 14. Агенттiкке бекітіп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 15. Агенттiк өз бетiмен оған бекітіп берiлген мүлiктi иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсiлдермен билiк етуге құқығы жоқ. Агенттiкке Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгіленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру 16. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Yкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын төраға басқарады. 17. Агенттiк төрағасының төрағаның ұсынуымен Қазақстан Республикасының Yкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын орынбасарлары болады. 18. Төраға Агенттiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, аумақтық органдардың, сондай-ақ өз құзыретiнiң шегiнде ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiн бақылауды жүзеге асырады және Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және олардың өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап бередi. 19. Агенттiктiң төрағасы осы мақсатта: 1) бұйрықтар шығарады; 2) өз орынбасарларының және Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының өкiлеттiктерi мен мiндеттерiн белгiлейдi; 3) Агенттiктiң құрылымын және орталық аппарат пен аумақтық органдардың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Агенттiктiң орталық аппаратының қызметкерлерiн және аумақтық органдардың басшыларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады; 5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Агенттiктi бiлдiредi; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Агенттiк қызметкерлерiн және аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарларын көтермелейдi және оларға тәртiптiк жаза қолданады; 7) Агенттiктiң құзыретiне енетiн басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды. 20. Агенттік төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын алқа құрылады. Алқаның сандық және дербес құрамын Агенттiктiң төрағасы бекiтедi. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату 21. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мемлекеттік мекемелерi - аумақтық органдары: 1. Ақмола облысының статистика басқармасы 2. Ақтөбе облысының статистика басқармасы 3. Алматы облысының статистика басқармасы 4. Атырау облысының статистика басқармасы 5. Шығыс Қазақстан облысының статистика басқармасы 6. Жамбыл облысының статистика басқармасы 7. Батыс Қазақстан облысының статистика басқармасы 8. Қарағанды облысының статистика басқармасы 9. Қызылорда облысының статистика басқармасы 10. Қостанай облысының статистика басқармасы 11. Маңғыстау облысының статистика басқармасы 12. Павлодар облысының статистика басқармасы 13. Солтүстiк Қазақстан облысының статистика басқармасы 14. Оңтүстiк Қазақстан облысының статистика басқармасы 15. Астана қаласының статистика басқармасы 16. Алматы қаласының статистика басқармасы Мемлекеттік мекемелер - ақпараттық-статистикалық орталықтар: 1. Ақмола облысының ақпараттық-статистикалық орталығы 2. Ақтөбе облысының ақпараттық-статистикалық орталығы 3. Алматы облысының ақпараттық-статистикалық орталығы 4. Атырау облысының ақпараттық-статистикалық орталығы 5. Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық-статистикалық орталығы 6. Жамбыл облысының ақпараттық-статистикалық орталығы 7. Батыс Қазақстан облысының ақпараттық-статистикалық орталығы 8. Қарағанды облысының ақпараттық-статистикалық орталығы 9. Қызылорда облысының ақпараттық-статистикалық орталығы 10. Қостанай облысының ақпараттық-статистикалық орталығы 11. Маңғыстау облысының ақпараттық-статистикалық орталығы 12. Павлодар облысының ақпараттық-статистикалық орталығы 13. Солтүстiк Қазақстан облысының ақпараттық-статистикалық орталығы 14. Оңтүстiк Қазақстан облысының ақпараттық-статистикалық орталығы 15. Астана қаласының ақпараттық-статистикалық орталығы 16. Алматы қаласының ақпараттық-статистикалық орталығы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi 1. "Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Yкіметінiң күшi жойылған кейбір шешімдерінің тізбесi 1. "Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 30 наурыздағы № 325 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 10, 98-құжат). 2. "Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң Ақпараттық-баспа орталығы" - "Қазстатақпарат" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 479 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 15, 153-құжат) 4-тармағы. 3. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 2 тамыздағы № 1093 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 40, 343-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы. 4. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 30 наурыздағы № 325 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 16 тамыздағы № 912 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 27, 299-құжат). 5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 30 наурыздағы № 325 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 25 маусымдағы № 708 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 26, 337-құжат).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |