|
|
|
2007 жылға арналған реснубликалық бюджеттік бағдарламалардың
Осы редакция 2007 жылғы 13 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Мыналардың: 402, 403, 404-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 402-ҚОСЫМША
502 - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Қазақстан Республикасында заңдардың және заңға тәуелді актілердің дәлме-дәл және бірізді қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыру» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 9116762 мың теңге (тоғыз миллиард бір жүз он алты миллион жеті жүз алпыс екі мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 529, 534, 537-541-баптары; «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдесіндегі Заңы; «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығы; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 1550 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: заңды бұзушылықты, осындай бұзушылықтарға кеп соқтыратын себептер мен жағдайларды ең жоғары шамада анықтау және жою, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: адам және азаматтың, заңды тұлға мен мемлекеттің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауды заң бұзушылықты анықтау және жою. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына жүктелген заңдардың қолданылуын қадағалау жөніндегі функциялардың тиімді орындалуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қорғау мақсатында қылмыстық қудалау саласында алынған халықаралық міндеттемелерді жедел орындау және қамтамасыз ету. Шетелде ұсталған Қазақстан Республикасының азаматтарын экстрадициялау саласында халықаралық ынтымақтастық деңгейін арттыру. Бірыңғай статистикалық қағидаттар мен стандарттар негізінде елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жағдайы туралы мемлекеттік органдарды, заңды тұлғаларды ақпараттармен тиімді қамтамасыз ету. Өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалаpы бойынша теориялық және практикалық білімді іскерлікті және кәсіби дағдыны шыңдауды жүзеге асыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: - прокурордың қатысуымен істерді қарау; - жалпы саны 5131 бірлік Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының орталық аппаратының және оның аумақтық бөлімшелерінің, жалпы саны 771 бірлік құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің орталық аппаратының толық көлемде міндеттерін атқаруы; - 1198 адамның кәсіби деңгейін арттыру; - 1947 адамға мемлекеттік тілді үйрету; - аумақтық прокуратура органдары 16 бірлік автокөлік және 6 бірлік кіші-АТС, табиғатты қорғау прокуратурасы үшін 1 бірлік катер, Қарағанды облысы Приозерск қаласының әскери прокуратурасының әскери қызметкерлері үшін 7 бірлік тұрғын-үй, Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында әскери прокуратураны орналастыру үшін 1 бірлік қызметтік ғимаратты сатып алу; - прокуратура органдары аумақтық бөлімшелерінің 13 ғимаратында күрделі жөндеу жұмысын жүргізу. Түпкі нәтиже: - 100 пайыз материалдық-техникамен жарақтандырумен, Қазақстан Республикасы Бас әскери прокуратурасының аумақтық бөлімшелерінің әскери қызметкерлерін тұрғын-үймен қамтамасыз ету; - заңдылықтарды қолдану және шектелмеген адамдар шеңберінде Конституциялық құқықтарды қорғау бойынша қадағалау іс-шараларын өткізу; - шетелде ұсталған адамдарға экстрадициялауды іске асыру; - құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласы бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын анықтау және жоюға бағытталған кешендік бақылау шараларын өткізу. Қаржылық-экономикалық нәтиже: - орталық аппараттың бір мемлекеттік қызметкерін ұстауға арналған орташа шығын 1694 мың теңге; - аумақтық органдардың бір мемлекеттік қызметкерін ұстауға арналған орташа шығын 916 мың теңге; - штаттан тыс бір мемлекеттік қызметкерін ұстауға арналған орташа шығын 276 мың теңге; - бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға арналған орташа шығын 13 мың теңге; - бір мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік тілге үйретудің орташа шығыны 24 мың теңге. Уақтылығы: - белгіленген мерзімге сәйкес іс-шараларды уақытылы орындау. Сапасы: - адам мен азаматтың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда заң бұзушылықты анықтау және жою; - белгіленген мерзімде сотталғандығы/сотталмағандығы туралы анықтаманы ұсыну және азаматтар өтініштерінің болмауы; - мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды бірыңғай статистикалық қағидаттар мен стандарттар негізінде елдегі құқықтық тәртіп заңдылығының жағдайы туралы ақпараттармен нақты және тиімді қамтамасыз ету; - қазіргі экономикалық жағдайларға сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру; мемлекеттік тілді оқыту курсынан өткеннен кейін мемлекеттік тіл бойынша іс жүргізуге ауысқан мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 9 пайыз; біліктілігін арттыру курстарынан өткеннен кейін жоғары лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 4 пайыз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 403-ҚОСЫМША
502 - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Криминалдық және жедел есеп жүргізу жөніндегі мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимыл» деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2188 мың теңге (екі миллион бір жүз сексен сегіз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жедел-анықтамалық, іздестіру, криминалдық және өзге де есепке алынатын мәліметтермен мемлекетаралық алмасу бойынша қылмыстардың алдын алу, ашу және тергеу. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары, прокуратура, құқықтық статистика және арнайы есепке алу және өзге де мемлекеттік органдарды қылмысқа қарсы күрес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық тәртіпті қорғау міндеттерін шешу үшін жедел-анықтамалық, іздестіру, криминалдық және өзге есепке алынатын мәліметтермен мемлекетаралық алмасу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: - тұрақты негізде жедел-анықтамалық, іздестіру, криминалдық және өзге де есепке алынатын мәліметтермен алмасу. Түпкі нәтиже: - тергеумен аяқталған немесе жедел-анықтамалық, іздестіру, криминалдық және өзге де есепке алынатын мәліметтермен алмасу нәтижесінде қылмыстардың ашылуын арттыру. Қаржы-экономикалық нәтиже: - жедел-анықтамалық, криминалдық және өзге де есепке алынатын мәліметтермен алмасу шегінде мемлекетаралық ақпараттық банктің мәліметтерін тікелей пайдаланумен жедел-іздестіру қызметтеріне арналған шығындарды азайту (оңтайландыру). Уақтылығы: - мемлекетаралық ақпараттық банктің мәліметтерін ұстау үшін уақытылы төлемдерді төлеу. Сапасы: - жедел-анықтамалық, іздестіру, криминалдық және өзге де есепке алынатын мәліметтермен мемлекетаралық алмасу нәтижесінде алынған ақпараттардың уақыттылығы және дәлділігімен қанағаттандырылған мемлекеттік органдардың - 100 пайызы.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 404-ҚОСЫМША
502 - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің ақпараттық жүйесін құру» деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 626405 мың теңге (алты жүз жиырма алты миллион төрт жүз бес мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңы 7-бабы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 1550 жарлығы 3-тармағының 2 тармақшасы; «Қазақстан Республикасында Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алуды дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1374 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: құқықтық статистика және арнайы есепке алу жүйесін жетілдіру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: - автоматтандырылған ақпараттық мәліметтер базасын одан әрі жетілдіру; - дүние жүзілік ақпараттық ортаға Қазақстандық мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйесін біріктіру, құқықтық статистикалық мәліметтерді тарату мен жариялық жүйесін жетілдіру; - құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кадрларды даярлау мен кәсіби біліктілігін үздіксіз жетілдіру мен құруы. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: - статистикалық және талдау ақпараттарымен өз уақытылы қамтамасыз етілген мемлекеттік органдар мен өзге де құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері; - әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұлдарды өздігімен өтеуден жыл сайын 52 млн. теңгеге өсуі күтілуде, прокурорлық қадағалау актілері бойынша залалды өтеуден 396 млн. теңгеге ұлғайту, мемлекеттік бажды төлеу табысының 86 млн. теңгеге ұлғаюы, ақпараттарды жинақтау, өңдеу және талдау әрекетінің автоматтандырылу арқылы әкімшілік құқық бұзушылықтар айыппұлының 115 млн. теңгеге ұлғаюы; - сәйкестендіру принциптері бойынша мәйіттерді тану және жеке тұлғаларды анықтауға қатысты көрсеткіштердің 30 пайызға жоғарылауы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |