|
|
|
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 22 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қазандағы № 425 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті функцияларын, өкілеттіктерін және мүлкін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі - Агенттік) бере отырып таратылсын. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) өңіраралық инспекциялары - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылсын. 3. Қоса беріліп отырған: 1) Агенттік туралы ереже; 2) Агенттіктің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі; 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 4. Агенттік және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Осы қаулы Агенттіктің жауапты хатшысы тағайындалған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін Агенттік туралы ереженің 20 және 21-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) өңіраралық инспекциялары - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. «Ақмола облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Қарағанды облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Астана қаласы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана қаласы бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі; 2. «Ақтөбе облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Батыс Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі; 3. «Алматы облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Алматы қаласы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі; 4. «Атырау облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Маңғыстау облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі; 5. «Жамбыл облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Қызылорда облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі; 6. «Қостанай облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы баскарма» мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі; 7. «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Павлодар облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті корғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі - Агенттік) Үкіметтің құрамына кірмейтін, қаржы ұйымдары көрсететін қаржылық қызметтер нарықтарын қоспағанда, тиісті тауар нарықтарында бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу және тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттіктің аумақтық бөлімшелері - өңірлік инспекциялары болады. 2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің органдарында шоттары болады. 4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Агенттіктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 6. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік Төрағасының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 7. Агенттіктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 8. Агенттіктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, «Транспорт Тауэр» ғимараты. 9. Агенттіктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)» мемлекеттік мекемесі. 10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады. 11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 12. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Агенттікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Агенттіктің негізгі міндеттері мен функциялары
13. Агенттіктің негізгі міндеттері: 1) бәсекелестікті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру және монополистік қызметке жол бермеу, жосықсыз бәсекелестікті болдырмау және жою; 2) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету; 3) мемлекеттік органдардың бәсекелестікті дамыту және монополистік қызметті шектеу жөніндегі қызметтерін өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыру; 4) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; 5) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету болып табылады. 14. Агенттік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) бәсекелестікті дамыту және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз етеді және іске асырады; 2) мемлекеттік органдардың бәсекелестікті шектеуге бағытталған актілерінің, іс-әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) жолын кеседі; 3) монополияға қарсы заңнаманың талаптарына қайшы келетін экономикалық шоғырлануды болдырмау жөніндегі шараларды қабылдайды; 4) тиісті тауар нарығындағы үстем (монополиялық) жағдайды теріс пайдаланудың алдын алады және жояды; 5) бәсекелестікке қарсы келісімдерді, жосықсыз бәсекелестікті болдырмайды және олардың жолын кеседі; 6) бәсекелестікті және кәсіпкерлікті дамыту негізінде нарықтық катынастарды қалыптастыруға жәрдемдеседі; 7) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлейді және оны қолдану тәжірибесін жинап қорытады; 8) тауар нарықтарының жұмыс істеуі, бәсекелестікті дамыту және монополистік қызметті шектеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі; 9) тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің баға белгілеу мониторингін жүзеге асырады; 10) шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды және ынтымақтастықты, сондай-ақ өзінің өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша халықаралық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға қатысуды ұйымдастырады; 11) тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің Мемлекеттік тізілімін жүргізеді; 12) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді; 13) Қазақстан Республикасының Үкіметіне: бәсекелестікті дамыту және монополистік қызметті шектеу саласындағы негізгі бағыттар; реттеуші органмен бірлесіп мемлекет реттейтін бағаны енгізу қажет тауарлар номенклатурасы бойынша ұсыныстар енгізеді; 14) бәсекелестікті дамыту және монополистік қызметті шектеу мәселелері бойынша ақпараттық-таныстыру іс-шараларын, сондай-ақ кеңестер ұйымдастырады және өткізеді; 15) монополиялық кірісті айқындау, монополиялық жоғары (төмен) бағаларды белгілеу ережесін бекітеді; 16) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзуға монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану ережесін бекітеді; 17) бәсекелестікті шектейтін нарық субъектілерінің келісімдерін (келісілген іс-әрекеттерін) анықтау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді; 18) тауар нарығындағы бәсекелі ортаның жай-күйін талдау және бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекітеді; 19) мемлекеттік органдардың, нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша монополияға қарсы заңнамада белгіленген тәртіппен тексеру жүргізеді; 20) нарық субъектілеріне: монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды тоқтату және (немесе) оның салдарын жою; бастапқы жағдайды қалпына келтіру; монополияға қарсы заңнамаға қайшы келетін шарттарды бұзу немесе өзгерту; нарықтың басқа субъектісімен шарт жасасу; тұтынушыларға келтірілген залалдарды өтеу және (немесе) монополиялық кірісті бюджетке аудару туралы орындалуға міндетті нұсқамалар береді; 21) мемлекеттік органдарға өздері қабылдаған актілерді жою немесе өзгерту туралы, бұзушылықтарды тоқтату, сондай-ақ монополияға қарсы заңнамаға қайшы өздері жасаған келісімдерді бұзу немесе өзгерту туралы орындалуға міндетті нұсқамалар береді; 22) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде бекітілген тәртіппен әкімшілік жазалар қолданады; 23) талап-арыздармен және өтініштермен сотқа жүгінеді, сондай-ақ Республикасының монополияға қарсы заңнамасын қолданумен және оны бұзумен байланысты істерді соттар қараған кезде процестерге қатысады; 24) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының байланысты қылмыстардың белгілері бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарына материалдар жібереді; 25) мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы бәсекелестікті дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізу жөнінде ұсынымдар береді; 26) мемлекеттік органдардың, нарық субъектілерінің және олардың лауазымды тұлғаларының Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзуларына тергеу жүргізеді; 27) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, нарық субъектілерінің үй-жайлары мен аумақтарына кедергісіз кіруге рұқсат алады; 28) мемлекеттік органдардан, нарық субъектілерінен, олардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, ақпарат сұратады және алады; 29) монополияға қарсы заңнаманы бұзуға жол берген нарық субъектілеріне реттеуші органға тіркелген бағаларды енгізу туралы ұсыныс енгізеді; 30) жыл сайын, 1 маусымнан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік кызметті шектеу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы жылдық есеп жібереді; 31) тауар нарығының жай-күйін, ондағы бәсекелестіктің деңгейін зерделейді және оның негізінде монополистік қызметтің алдын алу, шектеу және жолын кесу жөнінде шаралар әзірлейді; 32) Қазақстан Республикасының тауар нарықтарында Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 33) тиісті тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау мақсатында талдау жүргізеді; 34) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы мәселелері бойынша түсініктеме береді; 35) олардың өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде өтініш берушілерге қабылданған шешімдер туралы хабарлайды; 36) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын, алынатын мәліметтердің, сондай-ақ өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде алынған басқа ақпараттың сақталуын қамтамасыз етеді; 37) тиісті тауар нарықтарының шекараларын айқындайды; 38) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында көзделген жағдайларда нарық субъектілерін мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді алдын ала келіседі; 39) экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтініштерді беру және қарау тәртібін белгілейді және экономикалық шоғырлануға рұқсат береді; 40) тауар нарықтарын талдау бойынша мемлекеттік органдар, нарық субъектілері және олардың бірлестіктері ұсынатын деректер нысандарын белгілейді.
3. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру
15. Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері Агенттіктің біртұтас жүйесін құрайды. 16. Агенттікті Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Төрағаның ұсынысы бойынша Төрағаның Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады. Төраға Агенттікке басшылық жасауды жүзеге асырады және Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауап береді. 1) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Агенттіктің атынан өкілдік етеді; 2) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және қол қояды; 3) өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. 18. Агенттік аппаратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады. 19. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Агенттік Төрағасының қызметтен кетуі жауапты хатшы өкілеттіктерінің тоқталуына әкеп соқпайды. 1) Агенттік Төрағасы қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді және оның актілері мен тапсырмаларын орындайды; 2) Агенттік аппаратына басшылық жасауды жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды; 3) Агенттіктің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 4) Агенттік Төрағасымен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Агенттіктің штат санының лимиті шегінде Агенттіктің және аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штат санын бекітеді; 5) Агенттік Төрағасымен келісілгеннен кейін Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді; 6) Агенттіктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссиясының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауды, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды; 7) Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастырады; 8) Агенттік Төрағасымен келісілгеннен кейін Агенттік департаменттері мен басқармалары басшыларын, сондай-ақ Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 9) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Агенттіктің қызметкерлерін қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады; 10) Агенттік Төрағасының келісімімен Агенттіктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар мен сыйақы төлеу мәселелерін шешеді; 11) Агенттік Төрағасының келісімі бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Агенттік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді; 12) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Агенттік Төрағасы бекітетін Агенттіктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді; 13) Агенттіктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есебін әзірлеуді қамтамасыз етеді және Төрағаға бекітуге ұсынады; 14) Агенттіктің бюджеттік өтінімін дайындауды, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Агенттік Төрағасына бюджеттік өтінімді ұсынуды, сондай-ақ бюджеттік үдерістің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді; 15) Агенттіктің қаржыландыру жоспарлары мен қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және Төрағамен келісілгеннен кейін бекітеді; 16) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады; 17) Агенттіктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады; 18) Агенттікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады; 19) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынаста Агенттікті білдіреді; 20) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 1) Агенттік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге; 2) өзге де мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан жауапты хатшының құзыретіне жататын мәселелерді шешуге қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға; 3) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқылы. 22. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты болады. 23. Агенттік Төрағасының жанынан консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқа құрылады. Алқаның сандық және дербес құрамын Агенттіктің Төрағасы Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері басшыларының қатарынан бекітеді. 24. Агенттіктің қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттіктері Агенттіктің жұмыс регламентінде және құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерінде белгіленеді.
25. Агенттіктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Агенттіктің мүлкі оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ құны Агенттіктің теңгерімінде көрініс табатын өзге де мүлік есебінен қалыптасады. 26. Агенттікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады. 27. Агенттіктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеліктен айыруға немесе өзге тәсілмен билік етуге, егер заңда өзгеше белгіленбесе, құқығы жоқ.
5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
28. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана қаласы бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы. 2. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Ақтөбе қаласы. 3. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Талдықорған қаласы. 4. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Ақтау қаласы. 5. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы. 6. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы. 7. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Семей қаласы.
Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат): 6-тармақта: 9-1) тармақшасы алып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде: 1-тармақта: бірінші абзацта «және қаржы ұйымдары бәсекелестігін қорғау мен олардың монополиялық қызметін шектеу саласын қоспағанда, бәсекелестікті қорғау» деген сөздер алып тасталсын; үшінші абзацта «, Бәсекелестікті қорғау комитеті» деген сөздер алып тасталсын; 12-тармақтың 1) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |