|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 41 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Осы редакция 2008 жылғы 31 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» акционерлік қоғамын дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 41 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 27 тамыздағы № 776 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Жекелеген акционерлік қоғамдарға банктік қызмет көрсету мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 наурыздағы № 316 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 10, 94-құжат): көрсетілген қаулыға қосымшада: реттік нөмірі 9-жол алынып тасталсын. 2. «Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 8, 85-құжат): көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: реттік нөмірі 5-жол алынып тасталсын. 3. «Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 12, 129-құжат): 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агент болып белгіленсін.». 4. «Ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы № 182 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 8, 101-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық компаниялардың тізбесінде: реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын: «4. «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ.». 5. «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 8, 68-69-құжаттар): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасында: Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: реттік нөмірлері 1.6, 1.7, 1.14, 1.22, 1.43, 1.45, 1.60, 1.62, 1.63, 1.64-жолдардың 4-бағанында «АКК АҚ» аббревиатурасы «АКК ҰК» аббревиатурасымен ауыстырылсын; ескертудегі «АКК -«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» акционерлік қоғамы» деген сөздер «АКК ҰК - «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы» деген сөздермен ауыстырылсын. 6. «Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 257-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесінде: бүкіл мәтін бойынша «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын. 7. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 357-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында (екінші кезең): «Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі» деген 5-бөлімде: «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға арналған бюджеттік инвестициялар» деген кестеде: реттік нөмірі 20-жолдың 6-бағанында «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен назарға алынған «Ұлттық компанияларды дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы» деген 6-бөлімде: Мазмұнында «2007 - 2009 жылдарға арналған перспективалар» деген бөліктегі «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» деген сөздермен ауыстырылсын; «Ұлттық компанияларды дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы» деген 6-бөлімнің бірінші бөлігіндегі «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын; «2007 - 2009 жылдарға арналған перспективалар» деген кіші бөлімде: «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ» тарауында тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ»; бірінші абзацта «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын; «Ұлттық компанияларды дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштері» деген кестенің 1-бағанындағы «Азық-түлік корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» деген сөздермен ауыстырылсын. 8. «Республикалық мониторингке жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 тамыздағы № 655 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 27, 312-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мониторингке жататын салық төлеушілердің тізбесінде: реттік нөмірі 132-жолдың 3-бағанында «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын. 9. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 753 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 354-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында: көрсетілген қаулымен назарға алынған «Ұлттық компаниялардың 2008 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы» деген 6-бөлімде: Мазмұнында «2008 - 2010 жылдарға арналған перспективалар» деген бөліктегі «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын; «Ұлттық компаниялардың 2008 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы» деген 6-бөлімнің бірінші бөлігіндегі «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын; «2008 - 2010 жылдарға арналған перспективалар» деген кіші бөлімде: «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ» тарауында тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ»; бірінші абзацтағы «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын; «Ұлттық компанияларды дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштері» деген кестенің 1-бағанындағы «Азық-түлік корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» деген сөздермен ауыстырылсын. 10. «Қазақстанды өз тыңайтқыштарымен толыққанды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1105 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстанды өз тыңайтқыштарымен толыққанды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарында: реттік нөмірі 10-жолдың 2-бағанында, 2) тармақшасында «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын; реттік нөмірі 10-жолдың 4-бағанында, 2) тармақшасында «АКК» деген аббревиатура «АКК» ҰК» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; аббревиатуралардың толық жазылуында: «АКК» АҚ - «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» акционерлік қоғамы» деген сөздер «АКК» ҰК» АҚ - «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы» деген сөздермен ауыстырылсын. 11. «Отандық өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуды, сондай-ақ оны сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1106 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 43, 512-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Отандық өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуды, сондай-ақ оны сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесінде: 1-тармақтағы «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |