|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің
ҚР Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 167 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 137-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттары бекітілсін. 2. Осы Жарлық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2009 жылғы сәуірдің 7-і.
№ 788
Президентінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 788 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттары
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың осы стандарттары (бұдан әрі - Стандарттар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленген және мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізуге бірыңғай талаптарды белгілейді. 2. Стандарттардың мақсаты мемлекеттік қаржылық бақылау органдары (бұдан әрі - бақылау органдары) мен олардың қызметкерлерінің бақылауды жүзеге асыруына негіз болатын бірыңғай талаптарды белгілеу болып табылады. 3. Стандарттар бақылаудың тиімділігін, тұтастығын, өзара байланыстылығын, дәйектілігін, сабақтастығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін әзірленді. 4. Стандарттарға жалпы стандарттар, жұмыс стандарттары, басқару және сапаны бақылау стандарттары жатады. 5. Стандарттарды іске асыру олардан шығатын бақылауды жүзеге асырудың әдістері мен рәсімдерін реттейтін ережелерді, әдістемелік және басқа құжаттарды мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органының әзірлеп, бекітуі арқылы қамтамасыз етіледі. 6. Стандарттардың сақталуын бақылауды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |