|
|
|
Күзет қызметі туралы Қазақстан Республикасының (2009.17.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 7 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (статьи 1 - 6) 2-тарау. Күзет қызметінің субъектілері (статьи 7 - 13) және олардың жіктелімі 3-тарау. Күзет қызметінің түрлері және (статьи 14 - 17) күзет қызметін құқықтық ресімдеу 4-тарау. Күзет қызметі субъектілерінің қару (статьи 18 - 19) пайдалануы 5-тарау. Қорытынды ережелер (статьи 20 - 23)
2008 ж. 4 шілдедегі № 53- ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтіні бойынша «жеке кәсіпкерлер», «жеке кәсіпкерлік», «жеке кәсіпкер», «жеке кәсіпкерге», «жеке кәсіпкердің», «жеке кәсіпкерлердің» деген сөздер тиісінше «дара кәсіпкерлер», «дара кәсіпкерлік», «дара кәсіпкер», «дара кәсіпкерге», «дара кәсіпкердің», «дара кәсіпкерлердің» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағындағы күзет қызметінің құқықтық негіздерiн белгілейдi, күзетті және күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектілердің мәртебесi мен өкілеттігiн айқындайды.
1-бап. Күзет қызметі ұғымы 1. Жеке (дара кәсіпкерлер) және заңды тұлғалардың жеке адамдардың өмiрiн, денсаулығы мен мүлкін, сондай-ақ заңды тұлғалардың мүлкін құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау қызметін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруы (күзет қызметін көрсетулері) күзет қызметі деп ұғынылады. 2. Осы Заңның күші жеке күзет ұйымдарына, жеке күзетшілерге, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелеріне, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшелеріне қолданылады. Осы Заңның күші, егер ішкі істер органдары туралы Қазақстан Республикасының заңдарында, Президенті мен Үкіметінің актілерінде өзгеше көзделмесе, ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелеріне қолданылады. 3. Осы Заңның күші, егер заңдардан өзгеше туындамаса, азаматтар мен заңды тұлғалардың денсаулық сақтау саласына, санаткерлік меншікке, мемлекеттік құпияларға, коммерциялық құпияларға байланысты өзге де игіліктері мен заңды мүдделерін қорғауға қолданылмайды.
2-бап. Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңдары Күзет қызметін жүзеге асырудың құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілері құрайды.
3-бап. Күзет қызметiнiң мiндеттерi Күзет қызметiнiң негiзгi мiндеттерi: 1) жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығын қылмыстық және өзге де құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау; 2) жеке және заңды тұлғалардың мүлкiн құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау болып табылады.
4-бап. Күзет қызметiнiң принциптерi 1. Күзет қызметi заңдылықтың конституциялық принциптерiне, адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын құрметтеу мен сақтауға, сондай-ақ жеке бастың, қоғам мен мемлекеттiң өмiрлiк маңызы бар мүдделерiн ескеруге негiзделедi. 2. Күзет қызметiн жүзеге асыру үшiншi тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиiс.
ҚР 22.02.02 ж. № 297-II Заңымен 5-бап өзгертілді 5-бап. Күзет қызметiн лицензиялау және оны жүзеге асыруды шектеу 1. Күзет қызметi, лицензиялау туралы заңдарда белгiленген тәртiппен, осы Заңда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып лицензиялануға тиiс. Күзет қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы жоқ азаматтар (дара кәсiпкерлер) мен заңды тұлғаларға күзет қызметiн көрсетуге тыйым салынады. Iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi жүзеге асыратын күзет қызметi лицензиялауға жатпайды. 2. Жеке күзетшіні, жеке күзет ұйымында, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшесінде, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшесінде күзетші қызметін атқаратын қызметкерлерді даярлау мен қайта даярлау (арнаулы оқыту курсы) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мамандандырылған оқу орталықтарында жүргізіледі. 3. Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттердiң күзет ұйымдары қызметiне тыйым салынады. 4. Шетелдiк заңды тұлғалардың, шетел қатысатын заңды тұлғалардың, шетелдiктердiң, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың: 1) күзет қызметiнің барлық түрін жүзеге асыруға; 2) жеке күзет ұйымдарын құруға немесе олардың құрылтайшылары (қатысушылары) болуға; 3) сенiмгерлiк басқарудағы жеке күзет ұйымын ұстауға; 4) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелерін құруға құқығы жоқ.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 6-бап. Күзет қызметiн жүзеге асыру кезiнде терiс пиғылды iс-әрекеттерден мемлекеттік кепiлдiктер және күзет ұйымдарының күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлерiн сақтандыру 1. Күзет қызметi субъектiлерiнiң қызметтi жүзеге асыруы кезiнде мемлекет азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына кепiлдiк бередi және оны қамтамасыз етедi. 2. Күзет қызметiн құқық тәртібі мен адамгершiлiк негiздерiне көрiнеу қайшы келетiн мақсаттарға жету үшiн жүзеге асыруға жол берiлмейдi. 3. Күзет қызметiн жүзеге асырушы адамның iс-әрекеттерi арқылы құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған адам ондай адамнан тиiстi түсiндiрмелер мен ақпарат талап етуге құқылы, сондай-ақ мұндай iс-әрекетке сотқа және заңдарда белгiленген тәртiппен басқа мемлекеттік органдарға шағым жасауға құқылы. 4. Күзет қызметiн жүзеге асыратын және үшiншi тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзған адам жәбiрленушiге келтiрiлген материалдық және моральдық зиянды заңдарға сәйкес өтеуге мiндеттi. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілер қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына зиян келтірумен байланысты тәуекелдерді сақтандыру Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. Күзет қызметінің субъектілері және олардың жіктелімі
7-бап. Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлер Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлерге: 1) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi; 2) жеке күзет ұйымдары; 3) жеке күзетшiлер; 4) дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлiмшелерi; 5) мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлiмшелерi жатады.
8-бап. Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлердiң мемлекеттік органдармен өзара iс-қимылы 1. Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлер мемлекеттік органдарға заңдармен жүктелген мiндеттердi орындауда осы мемлекеттік органдарға жәрдемдесуге мiндеттi. 2. Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлер құқық қорғау органдары, арнаулы органдар және әскери құрылымдар заңдарда көзделген жедел-iздестiру, тергеу немесе күзет шараларын жүргiзген кезде мемлекеттік органдар қызметкерлерiнiң барлық заңды талаптарын, қаруды уақытша тапсыру туралы талабын қоса, орындауға мiндеттi.
ҚР 22.02.02 ж. № 297-II ; 2004.20.12 № 13-III Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 9-бап өзгертілді 9-бап. Iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң күзет қызметiн жүзеге асыру ерекшелiктерi 1. Мемлекеттік күзетiлуге жататын объектiлердi күзету, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, тек қана iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi жүзеге асыра алатын мемлекеттік монополия болып табылады. 2. Мемлекеттік күзетiлуге жататын объектiлердi айқындау тәртібін, сондай-ақ олардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. 3. Күзет қызметiн көрсету саласында бәсекелестiк ортаны қалыптастыру мақсатында iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға шарттық негiзде осындай қызметтер көрсетуге құқылы.
ҚР 22.02.02 ж. № 297-II Заңымен ; 2008.04.07 № 53- ІV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 10-бап. Жеке күзет ұйымының құқықтық мәртебесi 1. Өзiнiң кәсiпкерлiк қызметi ретiнде жеке адамдардың өмiрiн, денсаулығы мен мүлкiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың мүлкiн құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау қызметтерiн көрсететiн (күзет қызметтерiн көрсету) коммерциялық ұйым жеке күзет ұйымы болып табылады. Жеке күзет ұйымының өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқығы жоқ. 2. Жеке күзет ұйымы күзет қызметiн, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жарғының және күзет қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензияның негiзiнде жүзеге асырады. 3. Жеке күзет ұйымының күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерiнде күзет қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензияның болуы талап етiлмейдi. 4. Жеке күзет ұйымының күзетшiсi қызметiне Қазақстан Республикасының 19 жасқа толған және күзетшiнiң арнайы даярлығынан (күзетшiнi оқытудың арнаулы курсынан) өткен азаматтары қабылдана алады. 5. Күзетшiнi арнайы даярлаудың (күзетшiнi оқытудың арнаулы курсының) мазмұнын, бағдарламасы мен біліктiлiк талаптарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. 6. Жеке күзет ұйымының күзетшiсi қызметiне: 1) жүйке ауруы, маскүнемдiгi немесе нашақорлығы себептi денсаулық сақтау органдарында есепте тұратын; 2) қасақана қылмыс жасағаны үшiн соттылығы бар адамдарды қабылдауға болмайды. 7. Жеке күзет ұйымының басшысы үшiн оның жеке күзет ұйымының күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлерiне қойылатын талаптарға сәйкес болуы мiндеттi талап болып табылады. 8. Жеке күзет ұйымы күзетшiнi ол қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiнде оның жеке басын және жеке күзет ұйымының күзетшiсi екендiгiн куәландыратын белгiленген үлгiдегi құжатпен қамтамасыз етуге мiндеттi. Жеке күзет ұйымы күзетшiсi құжатының нысаны мен үлгiсiн Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
11-бап. Жеке күзетшiнiң құқықтық мәртебесi 1. Жеке адамдардың өмiрiн, денсаулығы мен мүлкiн қорғауға, сондай-ақ заңды тұлғалардың мүлкiн құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан күзетуге байланысты күзет қызметiн көрсету жөніндегі дара кәсiпкерлiк қызметтi (күзет қызметiн көрсетудi), атыс қаруы мен арнаулы қорғаныс құралдарын пайдалануға және қолдануға байланысты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы жеке күзетшi болып табылады. 2. Жеке күзетшiге осы Заңның 10-бабы 4-6-тармақтарының талаптары қолданылады. 3. Жеке күзетшi күзет қызметiн өзiнiң дара кәсiпкер ретiнде тіркелгенін куәландыратын құжат және күзет қызметiне арналған лицензия негiзiнде жүзеге асырады. 4. Жеке күзетшi күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт бойынша мiндеттемелерден туындайтын күзет қызметтерiн өзi көрсетiп, iс-әрекеттер жасауға мiндеттi. 5. Жеке күзетшiлер бiрлескен қызмет туралы шарт немесе олардың өзара қатынастарын және мiндеттердi бөлiсу тәртібін белгiлейтiн өзге де келісім негiзiнде күзет қызметтерiн бiрлесiп көрсетуге не күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт бойынша қызмет беруші тарап ретiнде бiрлесiп iс-қимыл жасауға құқылы. 6. Лицензиар лицензияны берген кезде жеке күзетшiге оның жеке басын және жеке күзетшi мәртебесiн куәландыратын белгiленген үлгiдегi құжат беруге мiндеттi. Жеке күзетшi құжатының нысаны мен үлгiсiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
12-бап. Күзет бөлiмшесiнiң құқықтық мәртебесi 1. Арнаулы құрылымдық бөлiмшенiң қызметi атыс қаруын және арнаулы қорғану құралдарын пайдалану мен қолдануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн тiзбе бойынша арнаулы техникалық құралдарды пайдалануға байланысты болғанда, өз қызметкерлерiнiң өмiрiн, денсаулығын және өз мүлкiн қорғауды жүзеге асыру үшiн заңды тұлға немесе дара кәсiпкер құратын, заңды тұлға емес арнаулы құрылымдық бөлiмше күзет бөлiмшесi болып табылады. 2. Күзет бөлiмшесiнiң қызметiн жүзеге асыруға лицензия өз құрылымында осындай күзет бөлiмшесi құрылған заңды тұлғаға немесе дара кәсiпкерге берiледi. Күзет бөлiмшесiне лицензия алғанға дейiн қызметтi жүзеге асыруға тыйым салынады. 3. Күзет бөлiмшесiне күзетке байланысы жоқ қызметпен айналысуға, сондай-ақ үшiншi тұлғаларға - азаматтар мен заңды тұлғаларға күзет қызметiн көрсетуге тыйым салынады. 4. Күзет бөлiмшесiнiң күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерiне осы Заңның 10-бабы 4-6-тармақтарының талаптары қолданылады. Күзет бөлiмшесiнiң күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерiнде күзет қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензияның болуы талап етiлмейдi. 5. Күзет бөлiмшесiн құрған заңды тұлға немесе дара кәсiпкер күзет бөлiмшесiнiң қызметкерiн өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiнде оның жеке басын және күзет бөлiмшесiнiң күзетшiсi екендiгiн куәландыратын белгiленген үлгiдегi құжатпен қамтамасыз етуге мiндеттi. Күзет бөлiмшесi қызметкерi құжатының нысаны мен үлгiсiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
13-бап. Мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлiмшелерiнiң құқықтық мәртебесi 1. Мемлекеттік органдардың құрамына (құрылымына) кiретiн, заңды тұлға емес және олардың материалдық және ақшалай құндылықтарын күзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн өзге де мiндеттердi орындауға арналған мемлекеттік органдардың арнаулы ведомстволық күзет қызметi ведомстволық күзет бөлiмшесi болып табылады. 2. Ведомстволық күзет бөлiмшесiне осы Заңның 12-бабында көзделген күзет бөлiмшесiнiң құқықтық мәртебесi қолданылады.
3-тарау. Күзет қызметінің түрлері және күзет қызметін құқықтық ресімдеу
22.02.02 ж. № 297-II ; 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді 14-бап. Күзет қызметiн көрсету түрлерi Лицензиялануға тиiстi күзет қызметiн күзет қызметiнiң субъектiлерi мынадай қызметтер көрсету: 1) жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғау; 2) заңды және жеке тұлғалардың мүлкiн, соның iшiнде оны тасымалдау кезiнде, күзету түрінде жүзеге асырылады; 3) 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
15-бап. Күзет қызметiн жүзеге асыру тәртібі 1. Күзет қызметтерiн көрсету шарт (күзет қызметiн көрсету жөніндегі шарт) негiзiнде жүзеге асырылады. Күзет қызметтерiн көрсету шартын жасасу, орындау, тоқтату тәртібі, шарт бойынша тараптардың жауапкершiлiгi азаматтық заңдарға сәйкес, осы Заңда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып анықталады. 2. Күзет бөлiмшелерiнiң күзет қызметi оларды құратын тұлғаның осы Заңға және күзет қызметiн жүзеге асыруды реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес әзiрленетiн нормативтiк актілері негiзiнде жүзеге асырылады. 3. Iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшелерiнiң және мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлiмшелерiнiң күзет қызметiн жүзеге асыру тәртібінiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. 2008.04.07 № 53- ІV ҚР Заңымен 15-бап 4 тармақпен толықтырылды (Заң қолданысқа енгізілген күнінен бастап бір жыл өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
16-бап. Күзет қызметiн көрсету туралы шарт 1. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт бойынша қызмет көрсетушi клиентке тараптардың келісiмімен айқындалған күзет қызметтерiн осы шартта белгiленген тәртiпте, көлемде және ақыға көрсетуге мiндеттенедi. 2. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт бойынша қызмет көрсетушi ретiнде iс-қимыл жасауға (осы Заңнан туындайтын талаптарды ескере отырып) күзет қызметiнiң мынадай субъектiлерi: 1) iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi; 2) жеке күзет ұйымдары; 3) жеке күзетшiлер құқылы. 3. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт бойынша клиент ретiнде жеке және заңды тұлғалар iс-қимыл жасауға құқылы. 4. Күзет қызметiн көрсету туралы шартта: 1) қызмет көрсетушiнiң күзет қызметiн көрсету лицензиясының нөмiрi мен оның берiлген күнi көрсетiле отырып, уағдаласушы тараптар туралы мәлiметтер; 2) қызмет көрсетушiнiң мiндеттерi көрсетiле отырып, көрсетiлетiн күзет қызметiнің түрлерi; 3) шарттың объектiсi туралы мәлiметтер; 4) шарттың мерзiмi мен жасалған күнi; 5) тараптардың жауапкершiлiк шаралары болуға тиiс. 5. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарттың жазбаша нысанда жасалуын сақтамау оның жарамсыз болуына әкеп соғады.
17-бап. Күзет бөлiмшелерi қызметiнiң негiзi 1. Күзет бөлiмшесiн құрған кезде оны құрушы заңды тұлға немесе дара кәсiпкер Күзет бөлiмшесi туралы ереже әзiрлеп, бекiтуге мiндеттi. 2. Күзет бөлiмшесi туралы ережеде мыналар болуға тиiс: 1) күзет бөлiмшесiнiң құқықтық мәртебесi және оның заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердiң iшкi ұйымының құрылымында алатын орны; 2) күзет бөлiмшесi жүзеге асыратын күзет қызметiнiң мақсаттары мен түрлерi; 3) күзет бөлiмшесiнiң ұйымдық құрылымы және оны басқару жүйесi; 4) күзет бөлiмшесi басшысының өкiлеттiгi және оның заңды тұлғаның немесе дара кәсiпкердiң iшкi ұйымының құрылымындағы бағыныстылық жүйесi; 5) күзет бөлiмшесi қызметкерлерiнiң құқықтары, мiндеттерi мен лауазымдық функциялары; 6) күзет бөлiмшесiнiң заңды тұлғаның немесе дара кәсiпкердiң өзге де құрылымдық бөлiмшелерiмен өзара iс-қимыл тәртібі; 7) күзет бөлiмшесiнiң қызметiн тоқтату тәртібі. 17-1-бап. Күзет қызметiн жүзеге асырумен байланысты шектеулер 1. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары мен азаматтарының бiр мезгiлде күзет қызметiмен айналысатын бiр ұйымнан артық ұйымның құрылтайшысы, қатысушысы және (немесе) меншiк иесi болуға құқығы жоқ. 2. Құрылымында күзет бөлiмшесi бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының (заңдарда тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ күзет бөлiмшесi бар жеке адамның (дара кәсiпкердiң) басқа күзет ұйымының құрылтайшысы, қатысушысы және (немесе) меншiк иесi болуға құқығы жоқ. 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 3. Жеке күзет ұйымының, дара кәсiпкердiң және (немесе) заңды тұлғаның күзет бөлiмшесi қызметкерлерiнiң санын өздерiнiң мiндеттерiн орындауға қажеттi сан нормативiнен асыруға болмайды. Адам саны нормативiн Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi. Адам саны нормативiн асыру лицензияның күшiн тоқтата тұруға әкеп соғады. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған күннен бастап, 40 күнтiзбелiк күн iшiнде жеке күзет ұйымының, дара кәсiпкердiң және (немесе) заңды тұлғаның күзет бөлiмшесi қызметкерлерiнiң саны сан нормативi талаптарына сәйкес келтiрiлмеген жағдайда, уәкiлеттi органның (лицензиар) лицензиатты лицензиядан сот тәртібімен айыруға құқығы бар. 4. Қазақстан Республикасының заңдарында заңды тұлғалар мен дара кәсiпкерлердiң күзет бөлiмшелерiнiң құрылуы мен жұмыс iстеуiне қосымша талаптар белгiленуi мүмкiн. 4-тарау. Күзет қызметі субъектілерінің қару пайдалануы ҚР 22.02.02 ж. № 297-II Заңымен 18-бап өзгертілді 18-бап. Күзет қызметi субъектiлерiн қарумен және арнаулы құралдармен жарақтандыру шарттары 1. Күзет қызметiнiң субъектiлерi өздерiнiң күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлерiн олардың қызметтiк мiндеттерiн жүзеге асыруы кезiнде заңдарда белгiленген тәртiппен қаруландыруға құқылы. 2. Тиiстi лицензия алғаннан кейiн күзет қызметi субъектiлерiнiң заңды тұлғалардан - өнiм берушiлерден азаматтық немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметтiк қару, арнаулы құралдар сатып алуға құқығы бар. Күзет қызметi субъектiлерi қызметкерлерiнің пайдалануына арналған қарудың түрлерiн, үлгiлерiн, модельдерi мен санын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. 3. Сатып алынған қару тиiстi iшкi iстер органында оның сатып алынған күнiнен бастап бiр апта мерзiмде тiркелуге тиiс. Қаруды тiркеу кезiнде қарудың сатып алынғандығы заңды екендiгiн растайтын құжаттар негiзiнде бұл қаруды үш жыл мерзiмге сақтауға және пайдалануға рұқсат берiледi. Рұқсаттың нысанын және оның қолданылу мерзiмiн ұзарту тәртібін қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi. 4. Жеке күзет ұйымының күзетшiсi, күзет бөлiмшесiнiң қызметкерi мен жеке күзетшi заңдарда белгiленген тәртiппен қаруды және арнаулы құралдарды алып жүру, сақтау мен пайдалану құқығына рұқсат алуға тиiс. 5. Объектiлердi күзету және патрульдеу үшiн қызметтiк иттер пайдаланылуы мүмкiн. 6. Күзет ұйымдарының басшылары заңдарда белгiленген тәртiппен қаруды күзетшi қызметiн атқаратын штаттағы қызметкерлерге олардың қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезеңiне бередi. Қару қызметкерлер тиiстi даярлықтан өткен соң берiледi. ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен ; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертілді 19-бап. Күзет қызметi субъектiлерiнiң қаруды және арнаулы құралдарды қолдануының шарттары, негiздерi мен тәртібі 1. Күзет қызметiн жүзеге асыру барысында арнаулы құралдар мен қызметтiк қаруды осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша ғана қолдануға рұқсат етiледi. 2. Жеке күзет ұйымдары күзетшiлерiнiң, жеке күзетшiлердiң және күзет бөлiмшелерiнiң күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлерi қару мен арнаулы құралдарды заңда көрсетiлген шекте: 1) күзетiлетiн объектiге немесе оның қызметкерлерiне шабуылды тойтару үшiн; 2) күзетiлетiн адамға шабуылды тойтару үшiн; 3) құқық бұзушыларды ұстағанда, соның ішінде олар қарсылық көрсетсе, оларды iшкi iстер органдарына апару үшiн, егер олар қашып кетуi немесе айналасына немесе өзiне зиян келтiруi мүмкiн деп есептеуге жеткіліктi негiздер болса; 4) жануарлардың шабуылынан қорғану үшiн; 5) қауiп-қатер дабылын беру немесе көмекке шақыру үшiн; 6) қажеттi қорғану және аса қажеттiлiк жағдайларында қолдануға құқығы бар. Арнаулы құралдар мен қаруды осы Заңда және өзге де заң актiлерінде көзделмеген мақсаттарда қолдануға тыйым салынады. Арнаулы құралдарды немесе қаруды өзге мақсаттарда, сондай-ақ өз өкiлеттiгiнен, қажеттi қорғану шегiнен асыра пайдалануға жол берген адам Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жауапкершiлiкте болады. Арнаулы құралдарды немесе қаруды өз өкiлеттiгiнен, қажеттi қорғану шегiнен асыра қолдану жеке күзет ұйымы күзетшiсiнiң, жеке күзетшiнiң, жеке күзет бөлiмшесi қызметкерiнiң құжатының күшiн жоюға әкеп соғады. Бұдан басқа, уәкiлеттi орган лицензиялау туралы заңдарда көзделген санкцияларды қолдануы мүмкiн.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |