|
|
|
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы (2016.26.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар бекітілсін: 1) ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.28.10. № 261 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.17.07. № 128 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3) ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.20.10. № 198 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4) ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.26.12. № 305 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5) ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.08.08. № 183 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесі қабылдайтын шешімдерді келісу ережесі. 2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының 4) тармақшасын қоспағанда, осы қаулы, ол бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш.Қарақұлова): 1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеу шараларын қолға алсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |