|
|
|
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi туралы ереженi бекіту туралы (2009.22.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 15 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2009.22.01. № 729 Жарлығымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара) «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңның 16-бабының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН: 1. Қоса берiлiп отырған Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi туралы ереже бекітілсiн. 2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) «Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетi туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 19 сәуірдегі № 2956 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, № 17, 137-құжат); 2) «Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетiнiң мәселелерi» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 3 маусымдағы № 3012 өкімі; 3) Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 21 наурыздағы № 825 «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы № 3038 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы» Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасы. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығымен бекітілген ҚР Президентінің 2005.04.05. № 1570 Жарлығымен ереже жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi туралы ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң (бұдан әрі - Есеп комитетi) мәртебесiн, өкiлеттіктерiн және жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Есеп комитеті республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік қаржы бақылауының жоғары органы болып табылады. 2. Есеп комитетiнiң негiзгi мiндеттерi: 1) республикалық бюджеттiң атқарылу мәселелерiн реттейтiн бюджеттік заңнама және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының сақталуын бақылау; 2) Қазақстан Республикасы Президентінің республикалық бюджеттiң атқарылуына байланысты мәселелер бойынша тапсырмаларын орындау; ҚР Президентінің 2009.22.01. № 729 Жарлығымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 3) республикалық бюджетке түсетiн түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ республикалық бюджеттен түсетiн түсiмдер сомаларының қайтарылуын , салықтық және кедендік әкімшілік етудің тиімділігіне бақылау; ҚР Президентінің 2009.22.01. № 729 Жарлығымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 4) республикалық бюджет қаражатының, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттердің, байланысқан гранттардың, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, концессиялық жобаларды бюджеттен бірлесіп қаржыландырудың, сондай-ақ мемлекет кепілгерліктері мен активтерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланылуына бақылау болып табылады. ҚР Президентінің 2009.22.01. № 729 Жарлығымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Есеп комитетi мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрi, белгіленген үлгiдегi бланкілері және өзінің туы болады. 4. Есеп комитетiнiң құқықтық ережесi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен айқындалады. 5. Есеп комитетiнiң құрамы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 7) тармақшасына және 57-бабының 1) тармақшасына сәйкес қалыптасады. 6. Есеп комитетiнiң құрылымын Есеп комитетiнiң Төрағасы, Есеп комитетiнiң мүшелерi мен аппараты құрайды. 7. Есеп комитетiнiң қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаттары есебiнен жүзеге асырылады.
2. Есеп комитетiнiң функциялары
ҚР Президентінің 2009.22.01. № 729 Жарлығымен 8 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1) сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу тәртібін айқындайды; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органымен бірлесіп мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын әзірлейді және олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 3) мыналарға: өз қызметінің бағыттары бойынша тиімділігіне; республикалық бюджетке түсетін түсімдердің толықтылығы мен уақтылығына, сондай-ақ республикалық бюджеттен түскен түсімдер сомаларының қайтарылуына, салықтық және кедендік әкімшілік етудің тиімділігіне; мемлекеттік төтенше бюджеттің атқарылуына; Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік органдарға және бақылау объектілеріне жіберілген ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалуына; бақылау объектілерінің есеп пен есептілікті жүргізуінің растығы мен дұрыстығына; республикалық бюджет қаражатының, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттердің, байланысқан гранттардың, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, концессиялық жобаларды бюджеттен бірлесіп қаржыландырудың, сондай-ақ мемлекет кепілгерліктері мен активтерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланылуына; республикалық бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуына; Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен немесе тапсырмасы бойынша ғана Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі активтерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланылуына; бюджеттік бағдарламаларда көзделген мақсаттар үшін квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады; 4) мыналарға: республикалық бюджеттің, оның ішінде Қазақстан Республикасы бюджеттік жүйесінің принциптеріне сәйкес атқарылуына; орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына бағалауды жүзеге асырады; 5) Қазақстан Республикасының Президентіне тоқсан сайын Есеп комитетінің жұмысы туралы ақпарат ұсынады; 6) мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің басқа да жекелеген тапсырмаларын орындайды; 7) есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті ағымдағы жылдың 15 мамырынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынады, ол өзінің мазмұны жағынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылады; 8) мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бақылау актілерін талдайды және мемлекеттік қаржылық бақылаудың сапасын арттыру жөнінде ұсынымдар береді; 9) мемлекеттік қаржы бақылау объектілерінің лауазымды адамдарының іс-әрекетінде қылмыстың немесе әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға береді; 10) мемлекеттік бюджет саясатын іске асыруға қатысады; 11) мемлекеттік қаржылық бақылау саласында талдау және зерттеулер жүргізеді, мемлекеттік қаржылық бақылау саласында оқу бағдарламаларын іске асырады; 12) Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар енгізеді, мемлекеттік қаржылық бақылау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер әзірлейді және келіседі; 13) мемлекеттік сыртқы қаржылық бақылауды республикалық деңгейде жоспарлауға және жүргізуге қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті құжаттама мен ақпаратты құпиялылық режимінің, қызмет бабындағы, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиялардың сақталуын ескере отырып, сұратады және өзі белгілеген мерзімде алады; 14) мемлекеттік сыртқы қаржылық бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша бақылау объектілерінің лауазымды адамдарының тиісті есептерін тыңдайды; 15) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік қаржы бақылау объектілерінің лауазымды адамдарының сақтамауы жөнінде анықталған фактілер бойынша, сондай-ақ тиімділікті бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізеді; 16) мемлекеттік органдардан және мемлекеттік қаржы бақылау объектілерінен республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді өзі белгілеген мерзімде алады; 17) бақылау және талдау іс-шаралары барысында анықталған (анықталатын) заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолданады; 18) бақылау объектісінен Қазақстан Республикасының құжаттау және сақтау мәселелерін реттейтін заңнамасын сақтай отырып, бақылаудың қорытындысын растайтын тиісті материалдарды (дәлелдемелерді) кедергісіз алады; 19) мемлекеттік сыртқы қаржылық бақылау жүргізуге мемлекеттік органдардың және мәслихаттардың тексеру комиссияларының (олармен келісе отырып) тиісті мамандарын, сондай-ақ қажет болған жағдайда, республикалық бюджеттен қызмет көрсетулеріне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдарды, сарапшыларды тартады; 20) шетел мемлекеттерінің қаржы бақылау органдарымен және олардың халықаралық бірлестіктерімен байланыс жасайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен олармен ынтымақтастық туралы шарттар мен келісімдер жасасады және халықаралық ұйымдардың құрамына кіреді; 21) мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарына өзінің қызметі туралы ақпаратты тұрақты ұсынып отырады; 22) өзі қабылдаған актілердің мерзімді жинақтарын, бюллетеньдер, журналдар мен басқа да басылымдар шығарады; 23) мәслихаттардың тексеру комиссияларына әдістемелік, оның ішінде мәслихаттардың тексеру комиссиялары туралы үлгілік ережені және мәслихаттардың тексеру комиссияларының қызметкерлері үшін үлгілік біліктілік талаптарын әзірлеу жөнінде көмекті жүзеге асырады, мемлекеттік қаржылық бақылау қызметкерлерін даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады; 24) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сотқа талап арызбен және арызбен жүгінеді, сондай-ақ сот процестеріне қатысады.
3. Есеп комитетiнiң жұмысын ұйымдастыру
9. Есеп комитетiне Қазақстан Республикасының Президентi бес жыл мерзiмге тағайындайтын Төраға басшылық етедi. 10. Есеп комитетінiң Төрағасы: 1) Есеп комитетiнiң қызметiне басшылық етедi, өзiне жүктелген тапсырмалар мен мiндеттемелердiң орындалуына Қазақстан Республикасы Президентінің алдында дербес жауапты болады; 2) Есеп комитетiнiң жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын бекiтедi; 3) Есеп комитетiнiң лауазымды адамдарының арасындағы мiндеттердi бөледi, Есеп комитетi мүшелерiнiң және оның аппаратының жұмысын ұйымдастырады; 4) өз құзыретi шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар бередi, олардың орындалуын тексередi, Есеп комитетiнiң отырыстарында қабылданған қаулылар мен өзге де актiлерге қол қояды; ҚР Президентінің 2009.22.01. № 729 Жарлығымен тармақ 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының және Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары Төрағаларының қарауына Есеп комитеті мүшелерінің кандидатуралары бойынша оларды тағайындау және қызметінен босату жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы; 5) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен Есеп комитетiнің жалпы штат саны және республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде Есеп комитетi аппаратының құрылымы мен штат кестесін бекiтедi; 6) жұмыс учаскелерін, талдау және бақылау объектілерінің тiзбесiн бекiтедi; 7) Есеп комитетiнiң жылдық жұмыс жоспары шеңберiнде жүзеге асырылатын бақылау іс-шараларының жоспарларын бекiтедi, тексерулердiң кезеңділiгi мен ұзақтығын айқындайды; 8) Есеп комитетiнің мүшелеріне тексеру жүргізуге тапсырмалар бередi; 9) Есеп комитетi қызметінің регламентiн бекiтедi; 10) Есеп комитетi аппаратының қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 11) республикалық және шетел ұйымдарымен өзара қарым-қатынастарда Есеп комитетінің атынан өкілдiк етедi; 12) Есеп комитетi Төрағасының жанынан консультативтік-кеңесшi және консультативтiк-сараптамалық органдар құрады; 13) Қазақстан Республикасы Үкiметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi басқармасының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары алқасының отырыстарына қатысуға хақылы; 14) республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау мәселелерiне қатысты құжаттамамен құпиялылық режимiнiң, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпиялардың сақталуын ескере отырып, кедергiсiз танысады; 15) бақылау объектілерiнен бақылау iс-шараларын жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi талап етедi және өзі белгiлеген мерзiмде алады; 16) заңдарда көзделген жауапкершілiкте болады; 17) осы Ереженiң 17-тармағында көзделген негiздемелер болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президентi тағайындаған Есеп комитетi мүшесiнiң өкiлеттіктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс бередi; 18) өзі болмаған жағдайда Есеп комитетi Төрағасының мiндетiн Есеп комитетi мүшелерiнің бiрiне жүктейдi; 19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттiктердi жүзеге асырады. 11. Есеп комитетiнiң мүшелерi: 1) өз өкілеттiктерiн жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтайды, тексерілетiн бақылау объектілерiнiң жұмыс iстеуiне кедергі жасамауы және олардың ағымдағы шаруашылық қызметiне араласпауы қажет; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi басқармасының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары алқасының отырыстарына қатысуға хақылы; 3) республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау мәселелерiне қатысты құжаттамаға құпиялылық режимiнiң, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпиялардың сақталуын ескере отырып, кедергісiз қол жеткiзе алады; 4) бақылау объектiлерiнен бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi талап етедi және өздерi белгілеген мерзiмдерде алады; 5) өз құзыретi шегiнде өздерi жетекшiлiк ететiн қызмет бағыттарының мәселелерi бойынша өз бетiнше шешiм қабылдайды; 6) бақылауды тиiмдi ұйымдастыру үшiн қажеттi ресурстардың көлемiн анықтай отырып, өз құзыретi шегiнде тексеру бағдарламаларын бекiтедi; 7) Есеп комитетi аппаратының қызметкерлерiне тексерулер жүргізуге тапсырмалар бередi; 8) республикалық бюджеттiң атқарылуына бақылауды қамтамасыз ететiн бақылау-ревизиялық, сараптамалық-талдамалық, ақпараттық және өзге де қызметтердi ұйымдастырады; 9) заңдарда көзделген жауапкершiлiкте болады; 10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 12. Өз өкiлеттiктерiн iске асыру үшiн Есеп комитетiнiң Төрағасы және мүшелерi: 1) өзiнiң мазмұны жөнiнен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есебiнiң қорытындысы болып табылатын аяқталған қаржылық жыл үшiн республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы Қазақстан Республикасының Парламентiне жылдық есеп жасайды; 2) бақылау нәтижелерi бойынша актiлердi қабылдайды; 3) бақылау актілері негiзiнде тексеру нәтижелерi туралы қорытындылар жасайды; 4) Есеп комитетiнiң қаулыларын қабылдайды; 5) мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және лауазымды адамдарға республикалық бюджеттiң атқарылуы бойынша жұмыстағы кемшiлiктердi жою туралы, құқық қорғау органдарына - Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жауапкершiлiкке тарту мәселелерi бойынша ұсынымдар жолдайды. 13. Анықталған кемшiлiктердi жою, мемлекетке келтiрiлген залалдың орнын толтыру және Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына жiберiлген Есеп комитетiнiң қаулылары мен ұсынымдары оларда белгілеген мерзiмдерде немесе, егер мерзiмi көрсетiлмеген болса, оларды алған күннен бастап жиырма күн iшiнде қаралуға тиiс. 14. Тиiстi мемлекеттік орган және ұйым қаулы мен ұсыным бойынша қабылданған шешім туралы және оны iске асыру жөніндегі шаралар туралы Есеп комитетін дереу хабардар етедi. 15. Есеп комитетiнiң Төрағасы мен мүшелерiне Қазақстан Республикасының Президентi қол қоятын, белгіленген үлгiдегі куәлiктер берiледi. 16. Республика Президентi тағайындаған Есеп комитетiнiң Төрағасы мен мүшелерiнiң өкiлеттiктерi Республика Президентінің шешiмiмен тоқтатылады. 17. Есеп комитетiнiң Төрағасы мен мүшелері: 1) орнынан түсуiнiң қабылдануы; 2) оларға қатысты соттың айыптау үкімінiң заңды күшіне енуi; 3) белгiленген тәртiппен iс-әрекет қабiлетi шектеулі немесе іс-әрекетке қабiлетсiз деп танылуы; 4) анттарын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және осы Ереженi бұзуы, өздерiнiң мәртебесiмен сыйыспайтын әрекеттерге баруы; ҚР Президентінің 2009.22.01. № 729 Жарлығымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 5) қайтыс болуы себептi, сондай-ақ хабарсыз кеткен немесе дүние салған деп танылған жағдайда; ҚР Президентінің 2009.22.01. № 729 Жарлығымен тармақ 6) тармақшамен толықтырылды 6) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуы; ҚР Президентінің 2009.22.01. № 729 Жарлығымен тармақ 7) тармақшамен толықтырылды 7) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі себепті мерзімінен бұрын қызметінен босатылуы мүмкін. ҚР Президентінің 2009.22.01. № 729 Жарлығымен Ереже 17-1 тармақпен толықтырылды 17-1. Бақылау іс-шараларын, Есеп комитетінің қызметін ақпараттық-талдау, құқықтық, консультациялық, ұйымдастырушылық және өзге де қамтамасыз етуді Есеп комитетінің аппараты (бұдан әрі - аппарат) жүзеге асырады. Есеп комитетінің аппаратын Есеп комитетінің Төрағасы тағайындайтын аппарат басшысы басқарады. 18. Аппарат қызметкерлерiнiң құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi, сондай-ақ олардың мемлекеттік қызметтi өткеру жағдайлары мемлекеттік қызмет туралы, еңбек туралы заңнамамен, осы Ережемен және өзге де нормативтік құқықтық актiлермен айқындалады. 19. Есеп комитетiнiң төрағасы Есеп комитетiнiң құзыреті шегiнде бақылау іс-шараларын жүргiзуге қатысуға хақылы Есеп комитетi аппараты қызметкерлерiнiң шеңберiн айқындайды. 20. Есеп комитетiнiң отырыстарында Есеп комитетiнiң жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру мәселелерi, бақылау iс-шараларының нәтижелерi, Есеп комитетiнiң Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасының Парламентiне, мемлекеттік органдардың басшыларына жолданатын есептерiн, ақпараты мен қорытындыларын дайындау қаралады. 21. Есеп комитетiнiң отырыстарын жүргiзудiң тәртібі, жұмысты ұйымдастыру мәселелерi және республикалық бюджеттiң атқарылуына бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі басқа да мәселелер Есеп комитетiнiң регламентiмен айқындалады.
4. Қорытынды ережелер
22. Есеп комитетi Төрағасының лауазымы материалдық-тұрмыстық және медициналық қамтамасыз ету, сондай-ақ көлiк қызметiн көрсету жағдайлары бойынша министрдің лауазымына, ал Есеп комитетi мүшелерiнiң лауазымдары вице-министрдің лауазымына теңестiрiледi. 23. Есеп комитетi қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз етудi және оған көлiк қызметiн көрсетудi Қазақстан Республикасы Президентінің Iс Басқармасы жүзеге асырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |