|
|
|
Биоотын айналымы бойынша декларациялардың нысанын, оларды табыс ету қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы
ҚР Yкіметінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 573 Қаулысымен күші жойылды
«Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 118 бұйрығын қараңыз
«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Биоотын айналымы бойынша декларацияларды табыс ету қағидасы мен мерзімдері; 2) Биоотын айналымы бойынша декларацияның нысаны бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 807 қаулысына қосымша
Биоотын айналымы бойынша декларацияларды табыс ету қағидасы мен мерзімдері
1. Осы Биоотын айналымы бойынша декларацияларды табыс ету қағидасы мен мерзімдері (бұдан әрі - Қағида) «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және биоотын айналымы бойынша декларацияларды (бұдан әрі - Декларация) табыс ету тәртібі мен мерзімдерін айқындайды. 2. Биоотын айналымының көлемін декларациялау осы қаулымен бекітілген белгіленген нысанға сәйкес биоотын айналымы туралы мәліметтерді көрсететін декларацияларды тапсыру арқылы жүзеге асырылады. 3. Декларацияны биоотын айналымын жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар тапсырады. Декларация ай сайын есепті айдан кейінгі айдың он бесі күнінен кешіктірмей ақпараттық жүйе арқылы электронды түрде немесе қағаз тасығышта салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілердің орналасқан орны және (немесе) тіркелген орны бойынша салық органына (бұдан әрі - салық органы) тапсырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |