|
|
|
Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеудің, бір жолғы жәрдемақылар тағайындау мен оны төлеудің ережесін бекіту туралы (2010.21.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 9 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755; 05.03.04 ж. № 277 (бұр. ред. қара) ; 2005.30.06 № 662 (бұр. ред. қара); 2008.18.11 № 1068 (бұр.ред.қара) қаулыларымен тақырып өзгертілді
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңын (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755; 05.03.04 ж. № 277 (бұр. ред. қара) ; 2005.30.06 № 662 (бұр. ред. қара); 2008.18.11 № 1068 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеудің, бір жолғы жәрдемақылары тағайындау мен оны төлеудің ережесі бекітілсін. 2. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
ҚР Үкіметінің 2005.30.06 № 662 (бұр. ред. қара); 2008.18.11 № 1068 (бұр.ред.қара) қаулыларымен тақырып және мәтініндегі cөздер өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 тамыздағы № 803 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеудің, бір жолғы жәрдемақыларын тағайындау мен оны төлеудің ережесі
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755; 05.03.04 ж. № 277 (бұр. ред. қара) қаулыларымен тақырып және кіріспе өзгертілді Осы Ереже «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 62-бабына сәйкес әскери қызметшілерге, ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметшілеріне зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеудің тәртібін айқындайды. Сондай-ақ осы Ереже бір жолғы жәрдемақыны тағайындау мен төлеуді айқындайды. ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755; 05.03.04 ж. № 277 (бұр. ред. қара) ; 2008.01.12 № 1121 (бұр. ред. қара); 2010.21.07. № 748 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. Зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарға: Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСРО-ның, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қарулы Күштеріндегі, ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы және осы Достастықтың Біріккен Қарулы Күштеріндегі міндетті және келісім-шарттық әскери қызмет. Егер халықаралық келісімдерде өзгеше көзделмесе, әскери қызметшілер мен ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдары, аумағында қызмет атқарған тиісті мемлекеттердің заңдарында белгіленген тәртіппен есептеледі; бұрынғы КСРО мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздік органдарындағы әскери қызметшілер лауазымындағы, ал 1955 жылдың 1 қазанына дейін - бұрынғы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті бекіткен лауазымдардың тізбесі бойынша жедел, басшы және бастықтар құрамындағы лауазымдағы, ал басқа лауазымдарда - әскери немесе арнайы атақ берілген күннен бастап; 1955 жылдың 1 қазанынан бастап әскери қызметшілер лауазымындағы қызмет; ішкі істер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарындағы, оның ішінде бұрынғы КСРО мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетіндегі офицерлік, сержанттық, басшы және қатардағы құрамының лауазымдарындағы (оның ішінде тағлымгерлік лауазымдарындағы) қызмет - лауазымға тағайындалған күнінен бастап; әскери-құрылыс отрядтарындағы (бөлімдеріндегі) әскери құрылысшы ретіндегі қызмет; Қазақстан Республикасының Үкіметі әскери қызметте немесе ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі және бұрынғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетінің органдарында қалдыру арқылы жіберген жағдайда өкілді және атқарушы органдарда, ведомстволарда, мекемелерде және ұйымдарда жұмыс істеген уақыт; Қазақстан Республикасының қорғанысқа жәрдемдесу қоғамының оқу ұйымдарында ұшу құрамының запастағы офицерлеріне оқып әскери қызметке шақырылған адамдардың нақты ұшу даярлығында болған уақыты - 1961 жылғы 1 қаңтардан бастап; негізсіз қылмыстық жауапқа тартылған, негізсіз репрессияланған, күшпен жер аударылған және кейіннен ақталған әскери қызметшілердің ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдардың қамауда болған уақыты, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеген және жер аударуда болған уақыты; олар штаттағы анықтаушылар және тергеу қызметкерлері ретінде ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі ұлттық қауіпсіздік сондай-ақ бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті органдарына қызметке ауысқан жағдайда судья, прокурор лауазымдарында прокуратура және сот органдарында жұмыс істеген уақыты; 1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейін әскери бөлімдер мен бөлімшелердің құрамында Украинаның, Белоруссияның, Латвияның, Литваның және Эстонияның аумағында ұлтшылдық астыртын ұйымдарды жою жөніндегі әскери операцияларға қатысқан уақыты; Ұлы Отан соғысы кезеңінде партизан отрядтары мен құрамаларындағы, халық жасақтары бөлімдеріндегі қызмет; егер тұтқынға түсу ерікті болмаса және әскери қызметші тұтқында болған кезде Отанына қарсы қылмыс жасамаса, әскери қызметшілердің, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдардың тұтқында, қоршауда және арнайы тексеруде болған уақыты; қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы) органдарындағы, оның ішіндегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердегі жұмыс стажы; Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті белгілеген тәртіппен ұлттық қауіпсіздік органдары әскери қызметшілерінің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы есептейтін әскери қызметке алынғанға дейінгі еңбек қызметінің стажы есептеледі. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі әскери қызметшілерінің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы есепке алатын әскери қызметке алынғанға дейінгі еңбек қызметінің стажы Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметі әскери қызметшілерінің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры есептейтін әскери қызметке алынғанға дейінгі еңбек қызметінің стажы ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755; 05.03.04 ж. № 277 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді 2. Әскери қызметтегі жағдайдың шекті жасына жеткенге дейін қызметтен негізсіз босатылған, ал кейін денсаулық жағдайы бойынша қызметке шектеу болмаған кезде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, Ішкі істер министрінің, Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) (Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі, Салық полициясы (милициясы) комитеті) төрағасының, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің , Әділет министрінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының және басқа да әскерлері мен әскери құралымдары лауазымды тұлғаларының шешімі бойынша босату заңсыз деп табылуына байланысты қызметі қалпына келтірілген офицерлердің, прапорщиктердің, мичмандардың және мерзімінен тыс қызмет әскери қызметшілерінің, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті органдарының басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың басшы және қатардағы құрамындағы адамдардың еңбек сіңірген жылдарын айқындау кезінде зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына, олар жұмыс істемеген қызметтегі үзіліс уақыты есептелуі мүмкін. ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755; 11.06.02 ж. № 632; 05.03.04 ж. № 277 (бұр. ред. қара); 2008.12.09 № 850 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді 3. Әскери қызметшілерге, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесібұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдарға зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына жеңілдікті жағдайларда: 1) майдандағы армияның айыптық бөлімдерінің тұрақты құрамындағы бір ай қызмет алты айға есептеледі; 2) майдандағы армияның, құрамына кіретін әскери бөлімдерде, штабтарда және мекемелерде, партизан отрядтарында және халық жасағы құрамаларындағы әскери қимылдар кезеңіндегі; Ұлты Отан соғысы кезеңінде батыр қалаларда: Одессада - 1941 жылғы 10 тамыздан 16 қазанға дейін, Ленинградта - 1941 жылғы 8 қыркүйектен 1944 жылғы 27 қаңтарға дейін, Севастопольде - 1941 жылғы 5 қарашадан 1942 жылғы 4 шілдеге дейін, Сталинградта 1942 жылғы 12 шілдеден 19 қарашаға дейін майдандағы армияның құрамына кірмейтін әскери бөлімдердегі, штабтардағы және мекемелердегі, ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарындағы; майдандағы армияның құрамына кіретін әскери бөлімдерде, штабтарда және мекемелерде алған жараның, контузияның, зақымданудың және науқастанудың салдарынан емдеу мекемелерінде емделуде үзіліссіз болған уақыты; 1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде Украина, Белоруссия, Латвия, Литва және Эстония аумағында ұлтшылдық астыртын ұйымдарды жою жөніндегі жауынгерлік операцияларындағы, ал осы операцияларда жарақат, контузия алып немесе мертіккен жағдайда емдеу мекемелерінде үзіліссіз жатқан уақыты; 1950 жылғы қарашадан 1953 жылғы шілдеге дейін ұрыс қимылдарына қатысқан 64-ші истребительдік авиация корпусының құрамында болуы; әскери қызметшілер ұрыс қимылдарына қатысқан төмендегідей басқа елдердің аумағында болған әскери бөлімдерде, штабтарда және мекемелерде: 1956 жылдың 24 қазанынан 10 қарашасына дейін Венгрияда, 1950 жылдың маусымынан 1953 жылдың шілдесіне дейін Солтүстік Кореяда (оның ішінде аумағында Солтүстік Кореядағы ұрыс қимылдарына қатысқан совет әскери бөлімдері мен бөлімшелері орналасқан ҚХР-да), 1962 жылдан 1964 жылға дейін - Алжирде, 1962 жылдың 18 қазанынан 1963 жылдың 31 наурызына дейін, 1967 жылдың маусымында, 1968 жылы, 1969 жылдың наурызынан 1972 жылдың шілдесіне дейін, 1973 жылдың 5 қазанынан 1974 жылдың 31 наурызына дейін, 1974 маусымынан 1975 жылдың ақпанына дейін - Біріккен Араб Республикасында (Египет), 1962 жылдың 18 қазанынан 1963 жылдың 31 желтоқсанына дейін, 1967 жылдың қарашасынан 1969 жылдың желтоқсанына дейін - Иемен Араб Республикасында, 1961 жылдың қаңтарынан 1974 жылдың желтоқсанына дейін - Вьетнамда, 1967 жылдың маусымында, 1970 жылдың наурызынан шілдесіне дейін, 1972 жылдың қыркүйегінен қарашасына дейін, 1973 жылдың қазанында - Сирияда, 1967-1969 жылдары, 1975 жылдың қарашасынан 1979 жылдың қарашасына дейін Мозамбикте, 1977 жылдың 9 желтоқсанынан 1979 жылдың 30 қарашасына дейін - Эфиопияда, 1972-1973 жылдары - Бангладеш Халықтық Республикасында (ӘТФ кемелері мен қосалқы кемелерінің жеке құрамы үшін), 1970 жылдың сәуірінен жолтоқсанына дейін - Комбоджада, 1924 жылдың тамызынан 1927 жылдың шілдесіне дейін, 1937 жылдың шілдесінен 1944 жылдың қыркүйегіне дейін, 1945 жылдың шілдесінен қыркүйегіне дейін, 1946 жылдың наурызынан 1949 жылдың сәуіріне дейін, 1950 жылдың наурызынан мамырына дейін (ӘҚҚ әскерлері тобы үшін, Шанхай қаласы ауданы), 1950 жылдың маусымынан 1953 жылдың шілдесіне дейін - Қытайда, 1960 жылдың қаңтарынан 1963 жылдың желтоқсанына дейін, 1964 жылдың тамызынан 1968 жылдың қарашасына дейін, 1969 жылдың қарашасынан 1970 жылдың желтоқсанына дейін Лаоста, 1979 жылдың 22 сәуірінен 1989 жылдың 15 ақпанына дейін Ауғанстанда, 1975 жылдың қарашасынан 1979 жылдың қарашасына дейін Анголада, 1982 жылғы маусымда - Сирияда, 1982 жылғы маусымда Ливанда болған, ал жараланған, контузия алған немесе мертіккен әскери қызметшілерге емдеу мекемелерінде үзіліссіз емделуде болған уақыты; 1993 жылғы 5 шілдеден бастап ТМД елдері сыртқы шекараларының Тәжік-Ауған учаскесін күшейту жөніндегі міндеттерді орындаушыларға; Даман аралындағы әскери қимылдар - 1969 жылғы наурыз; Жалаңашкөл ауданындағы әскери қимылдар - 1969 жылғы тамыз; әскерлері ұрыс қимылдарын жүргізген елдердегі немесе басқа мемлекеттерге әскери көмек көрсеткен елдердегі - осы елдерге 1961 жылдың 1 қаңтарынан 1982 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде іссапарына жіберілген ұшқыштар құрамының әскери мамандарына, олардың ұрыс қимылдарына қатысқан-қатыспағанына қарамастан; 1949 жылдың 29 тамызынан 1963 жылдың 5 шілдесіне дейінгі кезеңдегі Семей ядролық полигонына іргелес аудандарындағы қызметі; 1986 жылдың 26 сәуірінен 1987 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде Чернобыль АЭС-дегі аварияның зардаптарын жоюымен және адамдар көшірілген аймақтағы (1986 жылы тұрғындары көшірілген аумақта) айналадағы ортаның ластануын болғызбауға байланысты жұмыстардағы; негізсіз қылмыстық жауапкершілікке тартылып, негізсіз репрессияланған, күштеп көшірілген және кейіннен ақталған әскери қызметшілердің, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің басшы және қатардағы құрамы адамдарының қамауда, бас бостандығынан айыру орындарында жазаларын өтеген және жер аударуда болған уақыты; 3-тармақтың 1 және 2-тармақшаларында көзделген жеңілдіктер жағдайында бұрынғы КСРО-ның Қарулы Күштері Бас Штабының тізбесіне сәйкес енген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде қызмет атқарған әскери қызметшілердің мына кезең аралығындағы қызметі зейнетақы тағайындау үшін қызмет еткен жылдарына есептеледі: фашистік Германиямен және оның одақтастарымен Ұлы Отан соғысында: 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 9 (11) мамырына; империалистік Жапониямен - 1945 жылдың 9 тамызынан 3 қыркүйекке дейінгі бір ай қызмет үш айға есептеледі; 3) төмендегі қызметтің бір айы екі айға есептеледі: Ұлы Отан соғысы жылдарында майдандағы әскердің құрамына енбеген әскери бөлімдеріндегі, штабтар мен мекемелердегі, ішкі істер және мемлекет қауіпсіздігі органдарындағы (осы тармақтың бесінші және жетінші абзацтарында көрсетілген жағдайлардан басқа); егер әскери қызметші өз еркімен тұтқынға түспесе және тұтқында жүріп Отанына қарсы қылмыс жасамаса әскери қызметшілердің, ішкі істер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының ұрыс қимылдарын жүргізу кезеңінде тұтқында болған уақыты; тиісінше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, ішкі істер министрі, Республикалық ұланның қолбасшысы және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі белгілеген шарттармен реактивтік және трубовинттік авиациядағы ұшу жұмысындағы; армиялары ұрыс қимылдарын жүргізген елдерде немесе басқа мемлекеттерге әскери көмек көрсеткен - осы елдерге 1961 жылғы 1 қаңтардан 1982 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге (ұшқыштар құрамынан басқа) іс сапарларына мамандар ретінде жіберілгендерге, олардың ұрыс қимылдарына қатысқан-қатыспағанына қарамастан; теңіз деңгейінен 2500 метр және одан да биік таулы жерлерде: әскери қызметшілер үшін - 1976 жылғы 1 қаңтардан бастап; ал ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін - 1985 жылдың 1 мамырынан бастап; су асты сүңгуір қайықтарда - осы ережеге 2-қосымшаға сәйкес; Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі , ішкі істер министрі белгілеген шарттармен 1986 жылғы 1 қаңтардан бастап қысымы жоғары су астында немесе барокамераларда ұзақ уақыт болу жағдайында жұмыс атқаратын сүңгігіштер лауазымдағыларға; алапес және оба ауруларына қарсы мекемелеріндегі, иммунитет тапшылығы вирустарын жұқтырғандарды немесе СПИД-ке шалдыққандарды емдеу жөніндегі жұқпалы аурулар мекемелеріндегі қызметтерде; 4) төмендегі қызметтің бір айы бір жарым айға есептеледі: мемлекеттік органдардың шешімдеріне сәйкес құрылған арнаулы әскери құрамалардағы қызметі; тиісінше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы және Республикалық ұланының қолбасшысы, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі , ішкі істер министрі белгілеген шарттармен авиациядағы ұшу жұмысындағы; Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекіткен мерзімдерде су бетіндегі атом кемелеріндегі; сүңгуір қайықтарында - олар сапта болған кезеңдегі; әскери миналарды сүзіп алу кезінде мина сүзуші кемелердегі; Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі белгілеген шарттармен 1952 жылғы 22 қаңтардан бастап сапта болған сүңгуір қайықтар құрамаларының басқармаларындағы және әскери минералды сүзу кезінде мина сүзуші кемелер құрамындағы; барлық атаулар мен мамандардағы сүңгігіштер лауазымдарындағы (осы тармақтың 3-тармақшасында көрсетілген сүңгігіштерден басқа); Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі , Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы және Республикалық ұланының қолбасшысы белгілеген жылдық нормаларды орындау кезінде міндеттерін орындау жүйелі түрде парашютпен секірумен байланысты лауазымдардағы; Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, ішкі істер министрі және Әділет министрі белгілеген шарттарда бөлімшелердің, лауазымдардың тізбелері бойынша 1991 жылғы 1 қаңтардан бастап ұлттық қауіпсіздік органдарының, ішкі әскерлердің, ішкі істер және Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының арнайы мақсаттағы бөлімшелерінде; Ресей Федерациясы мен Орта Азия Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер белгілеген жекелеген жерлеріндегі; осы бөлімде көрсетілген мерзімдер ескеріле отырып Қазақстанның осы Ережеге 1-қосымшада аталған ауа-райы жағдайы қиын жерлерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық апат аймақтарында; заставалардағы, постылардағы, комендатуралардағы, БЖП-і бөлімшелеріндегі, ауысымдары бар маневрлік топтардағы кемелер мен катерлердегі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бекіткен тізбе бойынша, 1976 жылғы 1 қаңтардан бастап шекара әскерлерінің басқа да бөлімшелеріндегі; ал аталған күнге дейін - заставалардағы, комендатуралардағы және бұрынғы КСРО-ның мемлекеттік шекарасында орналасқан шекаралық әскерлердің оларға теңестірілген бөлімшелеріндегі, егер еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы үшін қызмет еткен жылдарын есептегенде осы жерлерде атқарған қызметін есептеудің бұдан да жеңілдікті жағдайы белгіленбесе, аталған жерлерде сапта болған және мемлекеттік шекараны тікелей қорғаған теңіздегі шекаралық кемелер мен катерлердегі; 1968 жылғы 22 қарашадан бастап сапта болған, бұрынғы КСРО дизельді-электр сүңгуір қайықтардың екінші экипаждарының құрамындағы; Мурманск облысында болған кезінде корабльдер мен кемелерді Солтүстік теңіз жолымен орнын ауыстыру жөніндегі ерекше мақсаттағы экспедицияның құрамында болып, экспедиция аяқталғаннан кейін баруға тиісті портқа және тұрақты қызмет орындарына оралғанда - 1971 жылғы 22 қазаннан бастап; теңіз деңгейінен 1500 метр және одан да жоғары биік таулы жерлердегі (2500 метр және одан да жоғары биік жерлердегі қызметтен басқасы): әскери қызметшілер үшін - 1973 жылғы 1 сәуірден бастап, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы адамдары үшін - 1985 жылғы 1 мамырдан бастап; теңіз деңгейінен 1000 метрден 1500 метрге дейін биік таулы аймақтарда, ал ерекше жағдайларда одан төмен жерлерде - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) (Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі, Салық полициясы (милициясы) комитеті), Әділет министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі бекіткен тізбеге сәйкес, әскери бөлімдер мен мекемелерде 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап; 1974 жылдың 8 шідеден бастап Байкал-Амур темір жол магистралі мен БАМ-Тында-Беркакит темір жолы бағытындағы құрылыста және қызмет көрсетуде болған (құрылыс жүрген кезеңдегі) бұрынғы КСРО темір жол және ішкі әскерлердің әскери бөлімдеріндегі, ішкі істер органдарындағы; 1975 жылғы 10 мамырынан бастап Байкал-Амур темір жолы магистралінің Шимановская стансасындағы құрылыс индустрия кәсіпорындарының кешені құрылысында болған бұрынғы КСРО темір жол әскерлерінің әскери бөлімдеріндегі; 1975 жылғы 1 шілдеден бастап бұрын Байкал-Амур темір жолы магистралында, БАМ-Тында-Беркакит темір жол желісінде құрылысқа қызмет көрсетумен шұғылданған бұрынғы КСРО қауіпсіздік органдарындағы; бұрынғы КСРО Байланыс министрлігіне берілген және 1976 жылғы 29 шілдеден бастап Байкал-Амур темір жолы магистралі трассасының бойымен радиорелелік байланыс желілерінің құрылысында болған әскери бөлімдер мен әскери-құрылыс отрядтарындағы; 1977 жылғы 4 шілдеден бастап Тюмень облысы Ханты-Мансы автономиялық округінің аумағындағы Сургут-Уренгой темір жол желісі учаскесінің құрылысында болған бұрынғы КСРО темір жол әскерлерінің әскери бөлімдеріндегі; 1979 жылғы 23 тамыздан бастап Байкал-Амур темір жолы құрылысында болған КСРО Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріндегі, құрамаларындағы, кәсіпорындары мен ұйымдарындағы; 1980 жылдың 28 ақпанынан бастап бұрынғы КСРО-ның бұрын Байкал-Амур теміржол магистралі жасанды құрылыстарының күзетінде және бұрын көрсетілген магистралдің маңайындағы аудандардың мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қызмет атқарған ішкі істер әскерлерінің бөлімшелері мен әскери бөлімдеріндегі; 1980 жылғы 1 қаңтардан бастап қорғаныстық тұғырлар құрылыстарының, жауынгерлік есептемелер құрамында, нығайтылған аудандарында жауынгерлік кезекшіліктерін атқарып жүрген (атқарған) әскери қызметшілерге; 1988 жылғы 1 қаңтардан 1990 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюмен және халқы көшірілген аймақтағы (1986 жылы халық көшірілген аумақта) айналадағы ортаның ластануын болғызбаумен байланысты жұмыстардағы;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |