|
|
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Есік мемлекеттік дендрологиялық саябағы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 161 Қаулысы (2022.19.08. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Есік мемлекеттік дендрологиялық саябағы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Есік мемлекеттік дендрологиялық саябағы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - дендросаябақ) болып қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті дендросаябаққа қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне дендросаябақтың жарғысына енгізілетін өзгерістерді бекітуге енгізуді; 2) дендросаябақты әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін. 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтыру бекiтiлсiн. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Үкіметінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 161 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |