|
|
|
«Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы» №1-М есеп нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы (2021.15.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 29 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес, «Прокуратура туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 6) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы» № 1-М есеп нысаны; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы» № 1-М есеп нысанын қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) мыналарды: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 3) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы бұйрықтың көшірмесін құқықтық статистика және арнайы есептің мүдделі субъектілеріне, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдауды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |