|
|
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Ырғыз-Торғай (2008.15.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2015 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Ақтөбе облысының Ырғыз ауданының аумағында жалпы алаңы 763549,0 гектар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын. 2. Республикалық маңызы бар Торғай мемлекеттік табиғи қаумалының аумағындағы жалпы алаңы 52000,0 гектар жер учаскесі және Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының аумағындағы жалпы алаңы 711549,0 гектар босалқы жер ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері санатына ауыстырылсын және олар осы қаулыға қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалану құқығында мекемеге берілсін. 3. Ақтөбе облысының әкімдігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы аймақ шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге кері әсер ететін кез келген қызметке тыйым сала және (немесе) шектей отырып, мекеме жерінің айналасында күзет аймағын белгілесін. 4. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен жергілікті жерде мекеме жерінің шекараларын белгілесін. 5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті белгіленген тәртіппен: 1) мекеме туралы ережені бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 6. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстауға көзделетін сомалар есебінен және шегінде республикалық бюджеттен жүзеге асырылады деп белгіленсін. 7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 339 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-1-жолмен толықтырылсын: «9-1. «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесі"; 3) «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы № 1074 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 42, 457-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде: реттік нөмірі 16-жолдың 3-бағанында «348000» деген сандар «296000» деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-1-жолмен толықтырылсын:
"16-1 Ырғыз-Торғай 763549,0 Ырғыз Қазақстан Республикасы мемлекеттік табиғи ауданы Ауыл шаруашылығы резерваты министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті".
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы № 109 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ақтөбе облысының аумағындағы «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға берілетін жер учаскелерінің экспликациясы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |