Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы (2024.22.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 маусымдағы № 917 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті» мемлекеттік мекемесі құрылсын. 2. Мыналардың: 1) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» мемлекеттік мекемесінің атауы «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» мемлекеттік мекемесі; 2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті» мемлекеттік мекемесінің атауы «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін. 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін. 2022 жылғы 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 15-тармағының 100) және 101) тармақшаларын; 2022 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 15-тармағының 138) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 5. Ереженің 104) тармақшасының қолданысы 2022 жылғы 24 қарашаға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: «104) Қазақстан Республикасындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын әзірлеу;».
Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереже
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|