|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы (2015.31.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2015.31.10. № 870 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат); көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде: барлық мәтін бойынша «су қорын пайдалану және қорғау» деген сөздерден кейін «, сумен жабдықтау және су бұру» деген сөздермен толықтырылсын; 13-тармақ мынадай мазмұндағы 155), 156), 157), 158), 159), 160), 161) және 162) тармақшалармен толықтырылсын: «155) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің өлшемдерін бекітеді; 156) елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану ережесін әзірлейді; 157) елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау ережесін әзірлейді; 158) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану ережесін бекітеді; 159) жерді гидромелиорациялау жөніндегі салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлейді; 160) жерді гидромелиорациялауды дамыту бағыттарын айқындайды; 161) гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстарын паспорттауды жүргізу тәртібін, сондай-ақ паспорт нысанын белгілейді; 162) су шаруашылығы ұйымдарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.»; 14-тармақ мынадай мазмұндағы 235) тармақшамен толықтырылсын: «235) жерді гидромелиорациялау жөніндегі салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларды іске асыру.»; 3) «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 248 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 12, 113-құжат); тақырыбындағы және 1-тармақтағы «топтық» деген сөзден кейін «және оқшау» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесінде: тақырыбында және барлық мәтін бойынша «топтық» деген сөзден кейін «және оқшау» деген сөздермен толықтырылсын; 6-тармақтағы «Берілген ауыз судың» деген сөздер «Топтық су құбырлары мен сумен жабдықтаудың оқшау жүйелері бөлінісінде су берушілер үшін берілген ауыз судың» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын: «6-1. Ауылшармині бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде тиісті жылға арналған төлемдер бойынша бағдарламаны қаржыландыру жоспарларына және облыстар мен Астана, Алматы қалаларының әкімдері және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімге сәйкес облыстар мен Астана, Алматы қалалары бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген субсидиялау көлемдеріне сәйкес облыстық бюджеттерге және Астана, Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударады.»; 7-тармақтың 1) тармақшасындағы «су қорын пайдалану және қорғау» деген сөздерден кейін «, сумен жабдықтау және су бұру» деген сөздермен толықтырылсын; 8-тармақтың алтыншы абзацындағы «бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы» деген сөздер «төленген субсидиялар көлемі мен субсидиялардың нысаналы пайдаланылғанын көрсететін басқа да есептер туралы» деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Ауылшармині нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттердің аударылмағаны үшін жауапты болады.»; мынадай мазмұндағы 10, 11-тармақтармен толықтырылсын: «10. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшылары нысаналы трансферттерді нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес келмейтіндей пайдаланғаны, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті табыс етпегені үшін жауапты болады. 11. Қандай да бір облыс және Астана, Алматы қалалары бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда Ауылшармині заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиісті жылға арналған республикалық бюджетке көзделген қаражат шегінде субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 30 наурыздағы № 426 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 1265 қаулысымен бекітілген
Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелердің тізбесі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |