|
|
|
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 19 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 23-1) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10320 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылдың 14 наурызындағы № 49 (28527) жарияланған)) келесі өзгерістер енгізілсін: тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің қағидаларын бекіту туралы»; Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) оны ресми жарияланғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |