|
|
|
Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы (2020.24.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген
Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі
Осы Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібін белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2020.24.09. № 613 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1626 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.04.05. № 237 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.10.09. № 678 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.24.09. № 613 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - көпбалалы отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне проценттік қатынасы; 2) көпбалалы отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда көпбалалы отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы; 3) ҚР Үкіметінің 2020.24.09. № 613 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) уәкілетті орган - жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы; 5) ҚР Үкіметінің 2020.24.09. № 613 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар; 7) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға. ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1626 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.16.10. № 1316 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2019.10.09. № 678 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.24.09. № 613 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда 2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға): кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға; коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға; мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады. ҚР Үкіметінің 2012.16.10. № 1316 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2019.10.09. № 678 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.24.09. № 613 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда 3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерiн және тәртiбiн республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдары айқындайды. ҚР Үкіметінің 2018.04.05. № 237 Қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2020.24.09. № 613 Қаулысымен 3-1-тармақ тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-1. Көпбалалы отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы. ҚР Үкіметінің 2018.04.05. № 237 Қаулысымен 3-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2020.24.09. № 613 Қаулысымен 3-2-тармақ тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
ҚР Үкіметінің 2020.24.09. № 613 Қаулысымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-тарау. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
ҚР Үкіметінің 2011.01.12. № 1427 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.29.12. № 1626 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2012.16.10. № 1316 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 1303 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.17.02. № 76 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2018.04.05. № 237 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2019.10.09. № 678 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.24.09. № 613 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді 4. Көпбалалы отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді: 1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі); 2) көпбалалы отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды; 3) ҚР Үкіметінің 2020.24.09. № 613 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) ҚР Үкіметінің 2020.24.09. № 613 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда); 6) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама; 7) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер; 8) банктік шоты; 9) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар; 10) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар; 11) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі; 12) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот. Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелер арқылы алады. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Ереженің 4-5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады. ҚР Үкіметінің 2018.04.05. № 237 Қаулысымен 4-1-тармақпен толықтырылды 4-1. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. ҚР Үкіметінің 2018.04.05. № 237 Қаулысымен 4-2-тармақпен толықтырылды 4-2. Осы Ереженің 4-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. ҚР Үкіметінің 2018.04.05. № 237 Қаулысымен 4-3-тармақпен толықтырылды 4-3. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі. ҚР Үкіметінің 2018.04.05. № 237 Қаулысымен 4-4-тармақпен толықтырылды 4-4. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді. ҚР Үкіметінің 2018.04.05. № 237 Қаулысымен 4-5-тармақпен толықтырылды 4-5. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге «электрондық үкімет» веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді. ҚР Үкіметінің 2018.04.05. № 237 Қаулысымен 4-6-тармақпен толықтырылды 4-6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде «жеке кабинетке» жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2020.24.09. № 613 Қаулысымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу
5. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган жергілікті өкілді органдар айқындаған тәртіппен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |