|
|
|
Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 247 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 76 қаулысымен бекітілген
Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 14-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу тәртібін айқындайды. Ішкі мемлекеттік аудит мынадай өзара байланысты кезеңдерден тұрады: 1) тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде мемлекеттік аудитті ұйымдастыруды көздейтін мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру; 2) жекелеген мемлекеттік аудитті жоспарлау және оны жүргізу; 3) ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау және құжаттар жасау. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |