|
|
|
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2010.29.11. № 1267 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына сәйкес, байланыс саласындағы және ақпараттандыру, ақпарат салаларындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін. ҚР Үкіметінің 2009.26.06. № 986 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.29.11. № 1267 Қаулысымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні телекоммуникация саласындағы қызмет, оның ішінде мыналар бойынша: 1) радиожиілік спектрі және радиоэлектрондық құралдардың мониторингі жүйесін, радиоэлектрондық құралдар мен радиожиіліктер тағайындаудың тізілімін (деректер базасын) сүйемелдеу, сондай-ақ және азаматтық мақсаттағы жоғары жиілік құрылғыларды радиоэлектрондық құралдардың электрмагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу жөнінде қызметтер көрсетуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарының және жоғары жиілік құрылғыларының электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету; 2) Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымында біріктірілген ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді техникалық сүйемелдеуге қатысу; 3) мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу мәселелерін ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін; 2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 362 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. ҚР Үкіметінің 2010.18.05. № 427 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. «Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшырудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1355 қаулысында: 2-1-тармақтың 2) тармақшасында: «үйлесімділігін қамтамасыз ету» деген сөздер «үйлесімділігін есептеуді жүргізу» деген сөздермен ауыстырылсын; «электрмагниттік үйлесімділікті есептеуді жүргізуді қоса алғанда,» деген сөздер алынып тасталсын; 3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарының және жоғары жиілік құрылғыларының электрмагниттік үйлесімділігіне есептеу жүргізу жөнінде қызметтер көрсету;». 4. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі: мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 294-жолмен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі 294. «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны».
Үкіметінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 362 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
«Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |