|
|
|
«Жол жүру құжатын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы (2024.09.08. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Жол жүру құжатын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін. 5. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 134 бұйрыққа 1-қосымша
«Жол жүру құжатын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2022.26.07. № 624 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ішкі істер министрінің 2024.24.07. № 576 бұйрығымен (2024 ж. 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |