|
|
|
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2001 ж. 16 шілдедегі № 242-II Заңы (2024.04.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-бөлім. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік реттеу 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдары 3-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтiң негiзгi бағыттары 4-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi 5-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң объектiлерi 7-бап. Азаматтардың елдi мекендердегi қолайлы ортаға құқықтары 8-бап. Табиғи және техногендiк, антропогендiк әсерлерден қауіпсіздікті қамтамасыз ету 9-бап. Экологиялық қауiпсiздiк және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi талаптар 9-1-бап. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар 9-2-бап. Байланысты қамтамасыз ету жөніндегі талаптар 10-бап. Тарихи-мәдени мұра объектiлерi мен ландшафтарды сақтау жөнiндегi талаптар 12-бап. Жер учаскелерiн пайдалану кезiнде қала құрылысы талаптарын қамтамасыз ету 14-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң құқықтары 15-бап. Сәулет және қала құрылысы туындысына авторлық құқық 16-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң негiзгi мiндеттерi 4-тарау. СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ 20-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегi уәкiлеттi органның құзыретi 21-бап. Облыстық мәслихаттардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi 22-бап. Қалалық мәслихаттардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi 23-1-бап. Аудандық мәслихаттардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыреті 24-бап. Облыс әкiмдiктерiнiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi 26-бап. Аудан әкiмдiктерiнiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi 4-1-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы қауiпсiздiктiң жалпы талаптары 27-1-бап. Техникалық реттеу және стандарттау объектілері 27-2-бап. Ғимараттарға қойылатын қауiпсiздiк талаптары 27-3-бап. Құрылыс материалдарының қауiпсiздiк талаптары 27-4-бап. Инженерлік ізденістер мен жобалау құжаттамаларының нәтижелеріне қойылатын талаптар 5-тарау. СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК НОРМАТИВТЕР 28-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтiк құжаттардың мемлекеттiк жүйесi 29-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтiк құжаттардың түрлерi 29-1-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогі 30-бап. Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары 6-тарау. СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУЫ 31-бап. Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын ұйымдастыру 31-1-бап. Сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы 31-2-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау 31-3-бап. Жедел ден қою шаралары жəне оларды қолдану тəртібі 31-4-бап. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік бақылау 32-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы лицензиялау 32-1-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аккредиттеу 32-2-бап. Автоматтандырылған тізілім 33-бап. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы 34-1-бап. Техникалық қадағалау 34-2-бап. Құрылысқа тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттері 34-3-бап. Мердігердің (бас мердігердің) құқықтары мен міндеттері 34-4-бап. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау 35-бап. Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдар 36-бап. Сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы органдарының нұсқамалары 2-БӨЛIМ. СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ 7-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ КАДАСТРЫ 37-бап. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының нысанасы мен мақсаты 38-бап. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры 8-тарау. АУМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚҰРЫЛЫС САЛУДЫҢ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН ЖОСПАРЛАУ 41-бап. Қала құрылысы регламенттерi 42-бап. Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың бас схемасы 43-бап. Аумақты дамытудың өңіраралық схемалары 44-бап. Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемалары 45-бап. Елдi мекендердiң аумақтары 46-бап. Елдi мекендердiң шекарасы (шегi) 47-бап. Елдi мекендердiң бас жоспарлары 47-1-бап. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары 48-бап. Елдi мекендердiң аумақтарын аймақтарға бөлу 49-1-бап. Көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесі 50-бап. Қоғамдық (қоғамдық-iскерлiк) аймақ 52-бап. Инженерлiк және көлiк инфрақұрылымдары аймақтары 53-бап. Елдi мекеннiң өнеркәсiп (өндiрiс) аймақтары 54-бап. Елдi мекеннiң ауыл шаруашылығына пайдаланылатын аймақтары 55-бап. Арнаулы мақсаттағы аймақтар 56-бап. Режимдiк аумақтар аймақтары 57-бап. Қала маңындағы аймақтар 58-бап. Санитариялық-қорғаныш аймағы 9-тарау. ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ҚҰЖАТТАМАСЫ 60-бап. Жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы 60-1-бап. Құрылыстағы баға белгілеу 61-бап. Қала құрылысы жобалары 63-1-бап. Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкі 9-1-тарау. Жобалар сараптамасы 64-1-бап. Құрылыс және аумақтардың қала құрылысын жоспарлау саласындағы жобаларға сараптама 64-2-бап. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың құны және оны жүргізу мерзімдері 64-3-бап. Жобаларға сараптама түрлері 64-4-бап. Мемлекеттік монополияға жатқызылған сараптама қызметі 64-5-бап. Аккредиттелген сараптама ұйымдары 64-6-бап. Құрылыс объектілерін жобалау саласындағы сарапшылар 64-7-бап. Аккредиттелген сараптама ұйымдарын және аттестатталған сарапшыларды есепке алу 64-8-бап. Сараптама қызметі субъектілерінің құқықтары, міндеттері және жауаптылығы 64-9-бап. Сараптама қызметінің тәуелсіздігі 64-10-бап. Сараптама ұйымдарына қойылатын талаптар 64-11-бап. Аккредиттелген сараптама ұйымдарының кәсіптік бірлестігі 10-тарау. ҚҰРЫЛЫС ПРОЦЕСIН МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ 65-бап. Тапсырысшылар мен мердiгерлер 67-бап. Мердiгерлiк жұмыстарға конкурс (тендер) нәтижелерiн жарамсыз деп тану 68-бап. Құрылыс процесiне қойылатын негiзгi талаптар 68-1-бап. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы ақпараттық жүйелер 69-бап. Объектiлердi пайдаланудың кепiлдi мерзiмi 72-бап. Объектiлердiң сапалық сипаттамаларын қамтамасыз етуде пайдаланушылардың мiндеттерi 11-тарау. ҚҰРЫЛЫС ОБЪЕКТIЛЕРIН ПАЙДАЛАНУҒА ҚАБЫЛДАУ 73-бап. Объектiлердi пайдалануға қабылдау және беру тәртiбiне қойылатын жалпы талаптар 74-бап. Меншiк иесi пайдалануға дербес қабылдайтын объектiлер 75-бап. Объектiлердi пайдалануға қабылдау тәртiбi 75-1-бап. Объектіні пайдалануға қабылдау актілерін жүргізу және есепке алу тәртібі 79-бап. Салынған объектілерді пайдалануға тапсыруға және қабылдауға қатысушылардың жауаптылығы
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік орган», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органның», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органмен», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органды» деген сөздер тиісінше «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органды» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді және адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыруға, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамытуға бағытталған.
1-бөлім. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік реттеу
1-тарау. Жалпы ережелер
2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2005.12.04. № 38-III Заңдарымен 1-бап өзгертілді; 2006.11.12. № 204-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-бап өзгертілді 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 1) авторлық қадағалау - бұл автордың: сәулет және қала құрылысы туындысының авторы (авторлары) жүзеге асыратын құрылыс жобасының (құрылыс құжаттамасының) әзірленуіне; сәулет немесе қала құрылысы туындысының авторын (авторларын) қоса алғанда, әзірлеушілер жүзеге асыратын құрылыс жобасының іске асырылуына бақылау жүргізуді жүзеге асыру жөніндегі құқықтылығы. 1-1) 2023.01.01. № 182-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 16 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) 2) адам мекендейтін орта - адам тұратын орта. Мекендеу ортасы мыналарды қамтиды: қоршаған орта - атмосфералық ауаны, Жердің озон қабатын, жер беті мен жер асты суларын, жерді, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ олардың өзара әрекетіндегі климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектілер жиынтығы; сәулеттік-ландшафтық орта - адам шаруашылық қызметті және басқа да функцияларды жүзеге асыратын, табиғи жағдайлар мен сәулеттік нысандар ұштастырылған кеңістік. Әдетте, бұл елді мекендер ортасы, ол адамның өмір сүру жағдайлары мен психикалық-физикалық жай-күйін айқындайды; қолжетімді (кедергісіз) орта - орынға кедергісіз жетуге және көрсетілетін қызметті пайдалануға мүмкіндік беретін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті пайдалану, затқа жету мүмкіндігін қамтамасыз ететін өлшемдері бар ғимараттың, қызмет көрсету орнының, тұру орнының сипаты; ішкі орта - тұрғын үй-жайлардағы өмір сүру жағдайларының және жұмыс (өндіріс) үй-жайларындағы еңбек жағдайларының кешені, ол әлеуметтік, эстетикалық, биологиялық, психологиялық және физикалық-химиялық факторларды, соның ішінде табиғи радиацияны, сыртқы шуды, биотикалық төңіректі, ауаның ластануын, ылғалдылығын, құрамы мен ауысуын, иістерді, жанған өнімдерді, табиғи және жасанды жарықты, судың тазалығын және басқаларды қамтиды; 3) айрықша реттеу және қала құрылысын регламенттеу объектілері - аумақтарды, елді мекеннің, жылжымайтын мүліктің жекелеген объектісінің аумағын пайдаланудың арнаулы ережелері (тәртібі) енгізілмей, жалпыға бірдей қабылданған ережелерге (тәртіпке) ерекшеліктер белгіленбей не оларға толықтырулар енгізілмей жүзеге асырылуы қиындаған немесе мүмкін болмайтын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің объектілері; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізілімі - объектілердің құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу құқығы берілген заңды тұлғалардың бірыңғай тізбесі; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды 3-2) аккредиттелген сараптама ұйымы - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аккредиттелген, объектілердің құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасымен мемлекеттік монополияға жатқызылмаған ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға; 4) антропогендік әсер ету - табиғатқа, қоршаған ортаға, елді мекенге адам қызметінің түрлі ықпал ету нәтижесінде туындаған оң және теріс әсер етулер. Теріс әсер тигізілген жағдайда табиғат қорғау шараларын қолдану қажеттігі туындайды; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-1) тармақша өзгертілді 4-1) аттестатталған сарапшылардың тізілімі - жергілікті атқарушы органдардың тиісті құрылымдық бөлімшелері аттестаттаған және: объектілердің құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама), сондай-ақ аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына (әртүрлі деңгейдегі қала құрылысы жобалары) сараптама бойынша жұмыстар жүргізу; үйлер мен ғимараттардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау; тапсырыс берушінің атынан жобаларды басқару, техникалық қадағалау және жобаны әзірлеушілердің атынан авторлық қадағалау жүргізу жөнінде инжинирингтік қызметтер көрсету құқығы берілген жеке тұлғалардың үнемі жаңартылып отыратын бірыңғай тізімі; 5) аумақтарды аймақтарға бөлу - қала құрылысын жоспарлау кезінде жекелеген аймақтарды қала құрылысына пайдалану түрлері мен оларды пайдалану жөніндегі мүмкін болатын шектеулерді белгілей отырып аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлу; 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 5-1) аумақтық көліктік жоспарлау - аумақтың көліктік жүйесін дамытуды жоспарлау, ол көліктің барлық түрлерінің инфрақұрылымын орналастыруды және көліктің маршруттық желісін трассалауды жоспарлауды да қамтиды; 6) аяқталмаған құрылыс - пайдалануға беру үшін тапсырысшы белгіленген тәртіппен қабылдамаған және мақсатына қарай (тұру, қызмет көрсету, өнім шығару, пайда алу және пайдаланудың басқа да түрлері) пайдаланылмайтын құрылыс объeктici; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды 6-1) бірегей құрылыс объектісі - осы объект үшін арнайы техникалық шарттарды (ерекше нормаларды) әзірлеу, келісу және бекіту қажеттігін айқындайтын, жобалау және салу жөніндегі мемлекеттік немесе мемлекетаралық техникалық регламенттер мен нормативтік-техникалық талаптар белгіленбеген, ерекше, бұрын жекелеп немесе жиынтық түрінде қолданылмаған сәулет, көлемдік-жоспарлау, конструкциялық, инженерлік немесе технологиялық шешімдермен сипатталатын үйлер, ғимараттар және олардың кешендері; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды 6-2) бірыңғай сәулеттік стиль - құрылыста пайдаланылатын, аумақтың белгілі бір құрылыс салу ауданына, оның ішінде жеке құрылыс салуға тән бірыңғай белгілер жиынтығы. Сыртқы көркі, сәулеттік стилі, түсі бойынша шешімі, қабаттылығы, әрлеу материалдары негізгі өлшемдер болып табылады. Жеке құрылыс салу ауданы үшін сыртқы көркі, сәулеттік стилі, түсі бойынша шешімі, қабаттылығы, әрлеу материалдары, қоршаулары, жабын түрі мен учаске аумағындағы шаруашылық-тұрмыстық құрылыстардың орналасуы негізгі өлшемдер болып табылады; 7) ғимарат - табиғи немесе жасанды кеңістік шекаралары бар және өндірістік процестерді орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктерді уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргізуге) арналған жасанды жасалған ауқымды, тегістікті немесе желілік объект (жер үсті, су беті және (немесе) жер асты, су асты). Ғимарат көркемдік-эстетикалық, әшекей-қолданбалы не мемориалдық мақсатта да болуы мүмкін; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды 7-1) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы - елді мекендер аумақтарының жекелеген бөліктері мен функционалдық аймақтары, сондай-ақ елді мекендердің шегінен тыс жерде орналасқан аумақтар үшін әзірленетін қала құрылысы құжаттамасы; 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 8) елді мекеннің аумағы - қалалық немесе ауылдық елді мекеннің белгіленген шекара (ішкі аумағы) шегіндегі кеңістік; 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 9) елді мекеннің бас жоспары - аймақтарға бөлуді, оның аумағының жоспарлы құрылымы мен функционалдық ұйымдастыруды, көлік және инженерлік коммуникацияларды, көгалдандыру мен абаттандыру жүйелерін белгілейтін, қаланы, кентті, ауылды не басқа да қонысты дамыту мен салуды кешенді жоспарлаудың қала құрылысы жобасы; 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9-1) тармақша жаңа редакцияда 9-1) ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымы - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аккредиттелген және ерекше индустриялық аймақ аумағында құрылыс салуға арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын, ерекше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы; 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 9-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 9-2) жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар - халық үшін қолжетімді немесе ашық болатын аумақтар, объектілер; 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 9-3) тармақшамен толықтырылды; 2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 9-3) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 9-3) жасыл екпелер - елді мекендердің аумақтарында қорғаныштық, санитариялық-гигиеналық, әлеуметтік, эстетикалық және өзге де функцияларды орындайтын ағаш-бұта және шөптесін өсімдік екпелері; 2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 9-4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) 9-4) жергілікті сараптамалық қорытынды - сараптаманы аяқтайтын кезеңді қоспағанда, тиісті жоба бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптамалық қолдаудың әрбір кезеңінде ресімделетін және тапсырыс берушіге берілетін, жобалар сараптамасының қорытындысы; 10) 2012.13.01. № 542-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 11) жоба - жеке және заңды тұлғалардың түпкі ойының мәнін және оны практикада іске асыру мүмкіндігін ашып көрсететін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс құжаттамасы (сызбалар, графикалық және мәтіндік материалдар, инженерлік және сметалық есеп-қисаптар), оның ішінде құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесі және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамасы нысанында ұсынылған, адамның мекендеуі мен тыныс-тіршілігіне қажетті жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі түпкі ойы; 12) жобалау алдындағы құжаттама - қала құрылысы, сәулет жобаларын, құрылыс жобасын әзірлеу алдында жасалатын және бағдарламаларды, есеп берулерді, құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемелерін, техникалық-экономикалық есептерді, ғылыми зерттеулер мен инженерлік ізденістер нәтижелерін, технологиялық және конструкциялық есептерді, нобайларды, макеттерді, өлшемдер мен объектілерді зерттеу нәтижелерін, сондай-ақ жобалау құжаттамасын әзірлеу және жобаларды кейіннен іске асыру туралы шешімдер қабылдауға қажетті өзге де бастапқы деректер мен материалдарды қамтитын құжаттама; аумақты көгалдандыру жобаларын, оны сыртқы безендіруді, монументтік немесе әшекей өнер туындыларын орналастыруды және орнатуды (тұрғызуды); қала құрылысының жобаларын - аумақтар мен елді мекендерді немесе олардың бөліктерін ұйымдастыруды, дамыту мен салуды кешенді қала құрылысын жоспарлау жөніндегі түпкі ойдан (Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы, аумақты дамытудың аймақаралық схемалары, аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемалары, елді мекендердің бас жоспарлары, нақты жоспарлау жобалары, өнеркәсіп аймақтарын жоспарлау жобалары, құрылыс салу жобалары, объектілер мен кешендердің бас жоспарлары, абаттандыру және көгалдандыру жобалары, өзге де жоспарлау жобалары) тұратын жобаларды; құрылыс жобасын (құрылыстық жобаны) - көлемдік-жоспарлық, конструкциялық, технологиялық, инженерлік, табиғат қорғау, экономикалық және өзге де шешімдерді қамтитын жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру мен жүргізуге, аумақты инженерлік жағынан дайындауға, абаттандыруға арналған сметалық есептеулерді қамтиды. Құрылыс жобаларына аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау және өз ресурсын тауысқан объектілерді кейіннен кәдеге жарату жобалары да жатады; сәулеттік түпкі ойы бар сәулет жобасын - жобалауға сәулетшінің қатысуы қажет болатын ғимарат (монумент) тұрғызудың жеке жобасын немесе объектінің сәулет-көркемдік, композициялық және көлемдік-жоспарлау шешімдерін қамтитын, әлеуметтік, экономикалық, функционалдық, технологиялық, инженерлік-техникалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы, санитарлық-гигиеналық, экологиялық және өзге де талаптарды ескеретін және құрылыс жобасын немесе құрылыс объектісіне арналған өзге де құжаттаманы әзірлеу үшін қажетті көлемде орындалған жобалау (жобалау-смета) құжаттамасының бір бөлігін қамтиды; 14) жобалардың мемлекетаралық сараптамасы - объектінің құрылысы туралы халықаралық шартқа қатысушы екі және одан да көп мемлекеттің мүддесін білдіретін жобаларды сараптаудың міндетті нысаны; 15) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 16) жобалар сараптамасы - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жобалау үшін бастапқы құжаттардың (материалдардың, деректердің) шарттарына жобалық шешімдердің сәйкестігін (сәйкессіздігін) анықтау, сондай-ақ жобалық шешімдер мен есеп-қисаптарда қала құрылысы және техникалық регламенттердің, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттар нормалары мен ережелерінің талаптарын сақтау арқылы жобалардың сапасына талдау мен бағалау жүргізуден тұратын сараптамалық қызмет. Сараптама мынадай болып бөлінеді:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |