|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне: 1) 1-баптың 1-тармағында: 1-тармақтың 1) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтары 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 11-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «11-1) баланы қабылдайтын кәсіби отбасы - ағалы-інілілер мен апалы-сіңлілілерді (қарындастарды) қоспағанда, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2) 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж төртеуден аспайтын баланы алдын ала таңдамай тәрбиелеуге қабылдайтын отбасына уақытша орналастыру нысаны;»; мынадай мазмұндағы 11-2) тармақшамен толықтырылсын: «11-2) баланы қабылдайтын отбасы - ағалы-інілілер мен апалы-сіңлілілерді (қарындастарды) қоспағанда, жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы кемінде төрт және оннан аспайтын жетім баланы, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы тәрбиелеуге қабылдайтын отбасына орналастыру нысаны;»; 12) тармақша «(баланы қабылдайтын ата-аналар),» деген сөздерден кейін «баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші (баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер),» деген сөздермен толықтырылсын; 18) тармақша «Үкіметі айқындайтын» деген сөздерден кейін «, балалардың құқықтарын қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 22-бапта: 1-тармақтың екінші сөйлемі «тектері» деген сөзден кейін «, сондай-ақ қол жеткізілген келісімнің шарттары» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Ата-ананың баламен араласу тәртібін айқындау кезінде сот ата-аналардың құқықтары мен міндеттерінің теңдігін, сондай-ақ баланың заңды мүдделерін ескереді.»; 3) 48-бап «айғақтарды» деген сөзден кейін «, оның ішінде молекулалық-генетикалық сараптама қорытындысын» деген сөздермен толықтырылсын; 4) 66-баптың 2-1-тармағындағы «алименттерді алушының немесе оның өкілінің талабы бойынша» деген сөздер алып тасталсын; 5) 11-тараудың тақырыбы «Ата-аналардың» деген сөзден кейін «, аталардың, әжелердің, аға-інілер мен апа-сіңлілердің (қарындастардың)» деген сөздермен толықтырылсын; 6) 73-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Егер ата-аналар келісімге келе алмаса, дауды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындаған тәртіппен шешеді, ал оның шешімімен келіспеген жағдайда - дау қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның және баланың ата-аналарының қатысуымен медиация тәртібімен шешіледі немесе оны сот шешеді.»; 7) мынадай мазмұндағы 73-1-баппен толықтырылсын: «73-1-бап. Аталарының, әжелерінің, аға-інілері мен апа-сіңлілерінің (қарындастарының) баламен араласуға құқығы 1. Аталарының, әжелерінің, аға-інілері мен апа-сіңлілерінің (қарындастарының) баламен араласуға құқығы бар. 2. Ата-аналар (олардың біреуі) баланың аталарына, әжелеріне, аға-інілері мен апа-сіңлілеріне (қарындастарына) онымен араласуға мүмкіндік беруден бас тартқан жағдайда, дауды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайтын тәртіппен шешеді. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның шешімімен келіспеген жағдайда, дау қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен медиация тәртібімен шешіледі немесе оны сот шешеді.»; 8) 85-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Өтініш берушінің жұбайы балаға қатысты әке болуды анықтаған баланы асырап алу кезінде баланы асырап алуға ниет білдіргені туралы өтінішке асырап алынатын балаға қатысты әке болуды растайтын молекулалық-генетикалық сараптама қорытындысы қоса беріледі.»; 9) 89-баптың 1-тармағындағы «5 және 6-тармақтарында» деген сөздер «5-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтың 10) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 10) 114-1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «қабылдаушы отбасыға» деген сөздер «баланы қабылдайтын отбасына, баланы қабылдайтын кәсіби отбасына» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтың 11) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 11) 4-бөлімнің тақырыбы «қабылдайтын» деген сөзден кейін «, баланы қабылдайтын кәсіби» деген сөздермен толықтырылсын; 12) 116-баптың 1-тармағы: 1-тармақтың 12) тармақшасының екінші абзацы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі «қабылдайтын отбасына» деген сөздерден кейін «, баланы қабылдайтын кәсіби отбасына» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың туыстары оларды тәрбиелеуге басым құқықты иеленеді.»; 13) 117-бапта: 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «4. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің тарапынан қамқорлықтың болмау фактісі анықталған кезде мәліметтер келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде баланың тұрмыс жағдайын зерттеп-қарауды жүргізуге және баланы орналастыру туралы мәселе шешілгенге дейін оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге міндетті. 5. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді Республикалық деректер банкіне (бастапқы, орталықтандырылған есепке алу) енгізеді және оларды отбасына (асырап алу, қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат, баланы қабылдайтын отбасы) орналастыруды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу тәртібін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.»; 6-тармақ алып тасталсын; 1-тармақтың 14) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 14) 118-баптың 1-тармағы «баланы қабылдайтын» деген сөздерден кейін «, баланы қабылдайтын кәсіби» деген сөздермен толықтырылсын; 15) 120-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган мамандарының штат санының нормативі аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы балалар саны негізге алына отырып, бес мың балаға кемінде бір маман арақатынасында айқындалады.»; 16) 123-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) тұрғынжайға және өзге де мүлікке меншік құқығын және (немесе) тұрғынжайды және өзге де мүлікті пайдалану құқығын сақтауға;»; 17) 124-баптың 1-тармағында: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) тұрғынжайға және өзге де мүлікке меншік құқығын және (немесе) тұрғынжайды және өзге де мүлікті пайдалану құқығын сақтауға;»; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) тұрғынжайы болмаған жағдайда оны Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес алуға;»; 18) 126-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары немесе шетел азаматтары болып табылатын қорғаншылар немесе қамқоршылар кемінде алты айда бір рет қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша баланың денсаулық паспортының көшірмесін және оны тәрбиелеу туралы, оны күтіп-бағуға бөлінген ақшаны жұмсау және оның мүлкін басқару туралы есептерді ұсынуға міндетті.»; 19) 132-2-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы «бала ата-аналарына қайтарылған, туыстарына берілген» деген сөздер «қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органмен келісу бойынша бала ата-аналарына, өзге де заңды өкілдеріне қайтарылған» деген сөздермен ауыстырылсын; 20) 132-3-баптың 3-тармағындағы «алты айдан бір реттен сиретпей», «жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың денсаулық жағдайы туралы және оларды тәрбиелеу жөніндегі жұмыс туралы есептерді, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуға бөлінген қаражатты жұмсау туралы, сондай-ақ олардың мүлкін басқару жөніндегі есепті» деген сөздер тиісінше «кемінде алты айда бір рет», «денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша баланың денсаулық паспортының көшірмесін және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға оларды тәрбиелеу жөніндегі жұмыс туралы, оларды күтіп-бағуға бөлінген ақшаны жұмсау және олардың мүлкін басқару туралы есептерді» деген сөздермен ауыстырылсын; 21) 132-4-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі «меншік құқығын немесе тұрғынжайды» деген сөздер «және өзге де мүлікке меншік құқығын және (немесе) тұрғынжайды және өзге де мүлікті» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтың 22) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 22) мынадай мазмұндағы 17-2-тараумен толықтырылсын: «17-2-тарау. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасы 132-6-бап. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасы 1. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер мен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган арасында жасалған, баланы қабылдайтын кәсіби отбасына Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2) 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды беру туралы шарт баланы қабылдайтын кәсіби отбасына Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2) 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды беруге негіз болып табылады. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасы ағалы-інілілер мен апалы-сіңлілілерді (қарындастарды) қоспағанда, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2) 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж төртеуден аспайтын баланы тәрбиелеуге қабылдайды. 2. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасы туралы ережені Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітеді. 3. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның баланы қабылдайтын кәсіби отбасыларға олардың тұрғылықты жері бойынша алдын ала хабарламай баруға құқығы бар. 4. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды ата-аналарына қайтару жөніндегі, ал Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды ата-аналарына қайтару мүмкін болмаған кезде - оларды отбасына (асырап алу, қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат, баланы қабылдайтын отбасы) тәрбиелеуге беру жөніндегі шараларды басым тәртіппен қабылдауға міндетті. 132-7-бап. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2) 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды беру туралы шарт 1. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2) 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды беру туралы шартта (бұдан әрі - баланы қабылдайтын кәсіби отбасына балаларды беру туралы шарт) балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және оларға білім беру жағдайлары, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ осындай шартты тоқтатудың негіздері мен салдарлары көзделуге тиіс. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына балаларды беру туралы шарт алты ай мерзімге, бір реттен асырмай сол мерзімге ұзарту құқығымен жасалады. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2) 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж, баланы қабылдайтын кәсіби отбасына берілген әрбір балаға, баланы қабылдайтын кәсіби отбасына балаларды беру туралы жеке шарт жасалады. 2. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына балаларды беру туралы шарт: 1) дәлелді себептері (науқастануы, отбасылық немесе материалдық жағдайының өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалар арасындағы жанжалдар және басқалар) болған кезде баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің бастамасы бойынша; 2) балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және оларға білім беру үшін қолайсыз жағдайлар туындаған кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның бастамасы бойынша; 3) қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органмен келісу бойынша бала ата-аналарына, өзге де заңды өкілдеріне қайтарылған немесе бала асырап алынған жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін. 132-8-бап. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер 1. Отыз жасқа толған, бірақ алпыс үш жастан аспаған, осы Кодекстің 122-бабының 1-тармағында көзделген талаптарға сай келетін, баланы қабылдайтын кәсіби отбасы туралы ережеде айқындалған тәртіппен баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер бола алады. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2) 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж, тәрбиелеуге қабылданған балаларға қатысты қорғаншылар мен қамқоршылар сияқты дәл сондай құқықтар мен міндеттерді иеленеді. 2. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2) 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды күтіп-бағуға, тәрбиелеуге және оларға білім беруге қолайлы жағдайлар жасау үшін баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің меншік немесе пайдалану құқығында әрбір адамға кемінде он бес шаршы метр мөлшерінде тұрғынжайы болуға тиіс. 3. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды ата-аналарына қайтаруға, ал Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды ата-аналарына қайтару мүмкін болмаған кезде - оларды отбасына (асырап алу, қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат, баланы қабылдайтын отбасы) тәрбиелеуге беруге жәрдемдеседі. 4. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерді іріктеу, оқыту, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші деп тану туралы қорытынды беру, сондай-ақ баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің еңбегіне ақы төлеу тәртібі баланы қабылдайтын кәсіби отбасы туралы ережеде айқындалады. 5. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балалардың денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша денсаулық паспортының көшірмесін және оларды тәрбиелеу жөніндегі жұмыс туралы, оларды күтіп-бағуға бөлінген ақшаның жұмсалғаны және олардың мүлкін басқару туралы есептерді тоқсан сайын ұсынуға міндетті. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балалардың банк шоттарынан ақша алуға құқығы жоқ. 132-9-бап. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына берілетін, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балалар 1. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды баланы қабылдайтын кәсіби отбасына беруді қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар баланы қабылдайтын кәсіби отбасы туралы ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды беру үшін баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер оларды алдын ала таңдауды жүзеге асырмайды. 2. Балалардың заңды мүдделеріне сай келетін және балалар өздерінің туыстығы туралы білмейтін, бірге тұрмаған және тәрбиеленбеген жағдайларды қоспағанда, ағалы-інілілер мен апалы-сіңлілілерді (қарындастарды) ажыратуға жол берілмейді. 3. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерге беру олардың пікірлері ескеріліп жүзеге асырылады. Он жасқа толған балалар өзінің келісімімен ғана берілуі мүмкін. 4. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды беру кезінде баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің адамгершілік және өзге де жеке қасиеттері, олардың баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші міндеттерін орындау қабілеті ескеріледі. 5. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерге берілген балалар өздеріне тиесілі алименттерге, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін ата-аналарының зейнетақы төлемдеріне, жәрдемақыларға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғынжайға және өзге де мүлікке меншік құқығын және (немесе) тұрғынжайды және өзге де мүлікті пайдалану құқығын сақтайды. Тұрғынжайы болмаған кезде баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерге берілген жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес оларға тұрғынжай берілуіне құқығы бар. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларға тиесілі ақша мен өзге де мүліктің сақталуы қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға жүктеледі. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерге берілген балалардың тұрғынжайын иеліктен шығару, оның ішінде айырбастау немесе сыйға тарту бойынша мәмілелер жасасуға немесе олардың атынан кепілгерлік шартын, тұрғынжайды өтеусіз пайдалануға беру немесе кепілге салу бойынша мәмілелерді, заң жүзінде, өсиет бойынша оларға тиесілі мұрагерлік құқықтардан бас тартуына, олардың тұрғынжайын бөлуге немесе одан үлесті бөліп алуға әкеп соқтыратын мәмілелерді жасасуға жол берілмейді. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерге берілген балалар осы Кодекстің 60, 61, 62 және 67-баптарында көзделген құқықтарды да иеленеді. 132-10-бап. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерге берілген балаларды күтіп-бағу Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерге берілген әрбір баланы күтіп-бағуға баланы қабылдайтын кәсіби отбасы туралы ережеге сәйкес ай сайын ақша төленеді.»; 23) 134-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы «бала ата-анасына қайтарылған, туыстарына берілген» деген сөздер «қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органмен келісу бойынша бала ата-аналарына, өзге де заңды өкілдеріне қайтарылған» деген сөздермен ауыстырылсын; 24) 136-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «тұрғын жайға меншік құқығын немесе тұрғын жайды» деген сөздер «тұрғынжайға және өзге де мүлікке меншік құқығын және (немесе) тұрғынжайды және өзге де мүлікті» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне: 312-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) өтініш берушінің жұбайы әке болуды анықтаған баланы асырап алу кезінде - асырап алынатын балаға қатысты әке болуды растайтын молекулалық-генетикалық сараптама қорытындысы;». 3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 24-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «24-бап. Қазақстан Республикасында мынадай құрметті атақтар белгіленеді: «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»; «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы»; «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері»; «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері»; «Қазақстанның еңбек сіңірген инженері»; «Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы»; «Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері»; «Қазақстанның еңбек сіңірген кеншісі»; «Қазақстанның еңбек сіңірген геологы»; «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы»; «Қазақстанның көлік саласының еңбек сіңірген қайраткері»; «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері»; «Қазақстанның су шаруашылығы саласының еңбек сіңірген қайраткері»; «Қазақстанның халық әртісі»; «Қазақстанның халық жазушысы».»; 2) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын: 25-бап. Қазақстан Республикасының құрметті атақтары: - «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» - Қазақстан Республикасына сіңірген зор еңбегі үшін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, ғылым, мәдениет, өнер, өндіріс және әлеуметтік саланың өкілдеріне;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |