|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биржа саудасы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2015 жылғы 29 қазаңдағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне: 1) 24-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі 13) тармақшасындағы «майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері деп танылмайды.» деген сөздер «майнинг жөніндегі қызметті;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын: «14) тауар биржаларының қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері деп таныла алмайды.»; 2) 90-6-баптың 4) тармақшасы «қоргау» деген сөзден кейін «және тауар биржалары» деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақтың 3) тармақшасы 2025 ж. 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 3) 135-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Бақылау және қадағалау оргаңдары қадағалауды осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырады.»; 1-тармақтың 4) тармақшасы 2025 ж. 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 4) 153-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «153-бап. Мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, оның ішінде бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары қабылдайтын шаралар»; 1-тармақтың бірінші бөлігі «(лауазымды адамдары)» деген сөздерден кейін «осы баптың 1-1 және 1-2-тармақтарында белгіленген ережелерді ескере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын: «1-1. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралар, оның ішінде жедел ден қою шаралары қабылданған кезде мемлекеттік органның және жергілікті атқарушы органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) прокурорды хабардар етеді. 1-2. Прокурормен келісу бойынша мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты мынадай: субъектінің (объектінің не оның жекелеген учаскесінің) қызметін, әрекетті, процесті тоқтата тұру; рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру, одан айыру (кері қайтарып алу); рұқсатты беруден не оның қолданылу мерзімін ұзартудан бас тарту; мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның, квазимемлекеттік сектор ұйымының бұрын инвестордың пайдасына шығарылған шешімінің күшін жою (кері қайтарып алу); мемлекеттік органның жергілікті атқарушы органның келісімшартты не келісімді біржақты тәртіппен бұзуы мәселелері бойынша тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды қабылдайды. Мемлекеттік оргаңдар мен жергілікті атқарушы органдар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды прокурордың келісімінсіз қабылдауға құқылы емес. Мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторды прокурормен келісу қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы хабардар етеді. Прокурордың инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды келісу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.»; 5) 174-бап 12) тармақшасындағы «бермеу сияқты әрекеттеріне тыйым салынады.» деген сөздер «бермеу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын: «13) тауарды тауар биржаларында өткізу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес міндетті болып табылатын жағдайларда мұндай өткізуден негізсіз бас тарту немесе жалтару сияқты әрекеттеріне тыйым салынады.»; 1-тармақтың 6) тармақшасы 2025 ж. 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 6) 193-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген шектеулер «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына қолданылмайды.»; 1-тармақтың 7) тармақшасы 2025 ж. 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 7) 276-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты тексеру жүргізу туралы шешімдері прокурормен міндетті түрде келісілгеннен кейін қабылданады. Келісу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.»; 1-тармақтың 8) тармақшасы 2025 ж. 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 8) мынадай мазмұңдағы 282-3-баппен толықтырылсын: «282-3-бап. Инвесторлар тізілімі 1. Қазақстан Республикасының аумағындағы инвестициялық қызмет туралы деректерді пайдалану үшін инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган инвесторлар тізілімін жүргізеді. 2. Инвесторлар, инвестициялардың сомалары, инвестициялық жобалардың түрлері, оларды іс кезеңдері туралы мәліметтерді және Қазақстан Республикасының аумағындағы инвестициялық қызмет туралы басқа да мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор инвесторлар тізілімі болып табылады. 3. Инвесторлар тізілімі инвестициялық жобаларды кешенді қолдап отырудың бірыңғай ақпараттық жүйесі болып табылатын Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада қалыптастырылады, оны құруды, басқаруды және техникалық қолдауды инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. 4. Мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор ұйымдары инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға инвесторлар және олардың инвестициялық жобалары туралы мәліметтердің ұсынылуын, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерінің Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада инвесторлар тізілімімен интеграциялануын қамтамасыз етеді. 5. Инвесторлар тізілімін қалыптастыру, жүргізу мен пайдалану, Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның жұмысын ұйымдастыру, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының ақпараттандыру объектілерін интеграциялау тәртібін инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.». 2-тармақ 2025 ж. 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 2. 2015 жылғы 31 қазаңдағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне: 8-бап мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын: «7. Мемлекеттік органдар инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын талап қоюмен сотқа жүгіну құқығын прокурормен міндетті түрде келіскеннен кейін іске асырады. Келісу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.». 3. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-баптың 16) тармақшасы алып тасталсын; 2) 29-1-бапта: 2-1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын. мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: «6. Қазақстан Республикасының заңдарында электрондық сауда алаңдарында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды міндетті түрде жүргізу жағдайлары белгіленеді. Электрондық сауда алаңдарында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.». 4. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) бүкіл мәтін бойынша «биржалық саудаға», «биржалық сауда-саттықты», «биржалық сауда», «биржалық сауданың белгіленген ережелері», «биржалық сауда-сатыққа», «Биржалық сауда», «биржалық сауда-саттықта», «биржалық сауда-саттық», «биржалық саудамен», «биржалық сауда-саттықтың», «биржалық сауданың ережелеріне», «Биржалық саудаға», «Биржалық сауда-саттықта», «Биржалық сауда-саттықтарды» «биржалық сауданы» деген сөздер тиісінше «биржа саудасына», «биржадағы сауда-саттықты», «биржа саудасы», «биржа саудасының белгіленген қағидалары», «биржадағы сауда-саттыққа», «Биржа саудасы», «биржадағы сауда-саттықта», «биржадағы сауда-саттық», «биржа саудасымен», «биржадағы сауда-саттықтың», «биржа саудасы қағидаларына», «Биржа саудасына», «Биржадағы сауда-саттықта», «Биржадағы сауда-саттықты», «биржа саудасын» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) кіріспе алып тасталсын; 3) 1-бапта: 1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1-1) биржадағы сауда-саттық - тауар биржасының биржалық мәмілелер жасасу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін электрондық сауда жүйесіне берілген электрондық өтінімдер негізінде биржалық тауарлар бойынша мәмілелер жасауға бағытталған, биржа саудасы қағидалары шеңберінде жүргізілетін процесс;»; мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын: «1-2) биржалық брокер (бұдан әрі - брокер) - тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын және клиенттің тапсырмасы бойынша, соның есебінен және мүддесі үшін биржалық тауармен мәмілелер жасайтын заңды тұлға;»; 2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2-1) биржалық қамтылым - биржа саудасына қатысушылар жасалатын биржалық мәмілелер бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде тауар биржасының клирингтік орталығына биржадағы сауда-саттыққа қатысу үшін қайтарымды негізде енгізетін ақшалай қамтылым;»; 3), 5) және 6) тармақшалар алып тасталсын; 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «7) биржалық тауар - биржалық тауарлар тізбесіне және (немесе) әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген стандартталған біртекті тауар, оның бірліктері барлық жағынан бір-біріне сәйкес келеді, олардың ұқсас сипаттамалары болады және ұқсас құрамдастардан тұрады, бұл оларға түрлі өндірушілерден шыққан партиялардың бірін-бірі толық алмастыру қасиеті бар сол бір функцияларды орындауына мүмкіндік береді;»; мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын: «8-1) биржа саудасы - тауар биржасыңда электрондық нысанда биржадағы сауда-саттықты өткізу, мамілелерді тіркеу және ресімдеу арқылы жүзеге асырылатын биржалық тауарлар мен мерзімді келісім шарттарды өткізу (сатып алу) жөніндегі кәсіпкерлік қызмет; 8-2) биржа саудасына қатысушылар - тауар биржасында биржа саудасының белгіленген қағидалары бойынша өзара іс-қимыл жасайтын клиенттер, брокерлер, дилерлер және маркет-мейкерлер;»; 9-1), 11-2) және 14-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «9-1) кепілдік беру қоры - биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында биржа мүшелерінің жарналары есебінен тауар биржасының клирингтік орталығы қалыптастыратын ақша қоры;»; «11-2) қосарланған қарсы аукцион режимі - сатушылар мен сатып алушылар бәсекелестігі нәтижесінде биржалық мәмілелер анонимді түрде жасалатын, ал биржалық тауарға баға сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі деңгейінде белгіленетін сауда режимі;»; «14-2) резервтік қор - биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тауар биржасы өз қаражаты есебінен қалыптастыратын ақша қоры;»; 15) тармақшадағы «үйлестіруді» деген сөз «салааралық үйлестіруді» деген сөздермен ауыстырылсын; 16-1), 16-2) және 16-3) тармақшалар алып тасталсын; 17) тармақша «брокелер» деген сөзден кейін «сондай-ақ» деген сөзбен толықтырылсын; 4) 1-тарау мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын: «2-1-бап. Тауар биржаларының қызметі саласындағы реттеудің негізгі мақсаттары мен қағидаттары 1. Тауар биржаларының қызметі саласындағы реттеудің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады: 1) тауар биржаларының ашық және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 2) биржа саудасына қатысушылардың құқықтарын қорғау және адал бәсекелестік; 3) тауар биржасында жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету. 2. Тауар биржаларының қызметі саласындағы реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады: 1) биржа саудасын жүзеге асыру заңдылығы; 2) биржа саудасына қатысушылардың тең мүмкіндіктерін және жауапкершілігін қамтамасыз ету; 3) ақпараттың ашықтығы және қолжетімділігі.»; 4-тармақтың 5) тармақшасы 2025 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі 5) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын: «3-бап. Қазақстан Реслубликасы Үкіметінің тауар биржаларының қызметі саласындағы құзыреті Қазақстан Реслубликасының Үкіметі тауар биржаларының қызметі саласында: 1) тауар биржаларының қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді; 2) әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарар тізбесіне енгізілген биржалық биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржаларын конкурстық негізде айқындайды және оларға қойылатын өлшемшарттарды белгілеиді; 3) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазакстан Роспубликасының заңдарында және Қазақстан Републикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де сункцияларды орындайды.»; 6) 4-бапта: 2) тармақша «тауар биржаларының» деген сөздерден кейін «, тауар биржалары клирингтік орталықтарының, брокерлердің, дилерлердің» деген сөздермен толықтырылсын; 2-2) тармақша мынадай реадкцияда жазылсын: «2-2) биржалық тауарлар тізбесін әзірлейді және бекітеді, мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;»; 4-тармақтың 6) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары 2025 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын: «2-3) әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесін әзірлейді және бекітеді, мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;»; 3-4) тармақша алып тасталсын; 3-5) тармақша: «тауар биржаларының» деген сөздерден кейін «, брокерлердіңмжәне тауар биржалары клирингтік орталықтарының» деген сөздермен толықтырылсын; «және бекітеді» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 3-7) тармақшамен толықтырылсын: 3-7) тауар биржаларының қызметіне талдау және мониторинг жүргізеді;»; 10-3) және 10-4) тармақшалар алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 10-6) тармақшамен толықтырылсын: «10-6) тауар биржасының мүшелері үшін кіру жарналарының, биржадағы сауда-сатыққа қатысқаны үшін төлемдердің және брокерлер комиссияларының ең жоғары мөлшерін белгілейді;»; 4-тармақтың 7) тармақшасы 2026 ж. 1 қантардан бастап қолданысқа енгізіледі 7) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын: «5-бап. Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау 1. Тауар биржаларының тауар биржалары клирингтік орталықтарының және брокерлердің қызметін лицензиялау осы Заңның ережелері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 2. Монополияға қарсы орган тауар биржасы, брокер, тауар биржасының клирингтік орталығы лицензиясының қолданылуын мынадай: 1) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасында көзделген талаптар жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) бұзылған және (немесе) монополияға қарсы органның нұсқамасында көрсетілген бұзушылықтар жойылмаған; 2) тауар биржаларының. брокерлердің, тауар биржалары клирингтік орталықтарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген; 3) тауар биржасы, брокер, тауар биржасының клирингтік орталығы лицензиялық қызметті қатарынан күнтізбелік алты ай бойы жүзеге асырмаған; 4) осы Заңда тыйым салынған қызмет жүзеге асырылған; 5) тауар биржасының, брокердің, тауар биржасы клирингтік орталығының қызметін тексеруге байланысты монополияға қарсы орган өз құзыреті шегінде талап еткен құжаттар мен ақпаратты беруден бас тартылған; 6) лицензия беруге негіз болған құжаттарда анық емес ақпарат беру фактісі анықталған; 7) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптар жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) бұзылған жағдайларда бір айдан алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы шешімде тоқтата тұрудың себептері мен мерзімі көрсетілуге тиіс. Лицензияның қолданысы тауар биржасы, брокер, тауар биржасының клирингтік орталығы міндетті түрде хабардар етіле отырып, тоқтата тұру туралы шешім шығарылған күннен бастап тоқтатыла тұрды деп есептеледі. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру қызметтің тоқтата тұру кезеңінде жүзеге асырылуына тыйым салуға алып келеді. 3. Лицензия тоқтатыла тұрған жағдайда оның қолданысын қайта бастауды монополияға қарсы орган «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 3 және 7-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. 4. Тауар биржасының, брокердің, тауар биржасы клирингтік орталығының лицензиясынан айыру (кері қайтарып алу) мынадай негіздердің бірі бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады: 1) тауар биржасы, брокер тауар биржасының клирингтік орталығы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру себептерінің жойылмауы; 2) тауар биржасы, брокер, тауар биржасының клирингтік орталығы лицензиясы қолданысының бірнеше рет (соңғы он екі ай ішінде екі рет) тоқтатыла тұруы; 3) тауар биржасына, брокерге, тауар биржасының клирингтік орталығына қатысты қызметіне тыйым салу немесе оны тоқтату туралы заңды күшіне енген соң сот шешімінің болуы. Лицензиядан айыру (кері қайтарып алу) туралы ақпарат монополияға қарсы органның интернет-ресурсында жарияланады.»; 8) 6-бапта: 4-тармақтың 8) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2025 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі 1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлармен биржадағы сауда-саттықты Қазақстан Республикасының Үкіметі конкурс негізінде айқындаған тауар биржалары жүзеге асырады.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Тауар биржасы жарғылық капиталының ең төмен мөлшері кемінде екі миллиард теңгені құрайды. Бұл ретте кемінде бір миллиард теңге ақшалай енгізіледі.»; 4-тармақтың 9) тармақшасы 2025 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі 9) 10-баптың 2-тармағында: 6) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «6) биржадағы сауда-саттықты өткізу тәртібі;»; «8) әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген туарлар бойынша биржадағы сауда-саттықты өткізу шарттары (биржа саудасына қатысушыларға қойылатын талаптар, бір сауда сессиясындағы сауда лотының ең жоғары және ең төмен мөлшері, баға өтімдерінің ауқымы, өткізілетін тауардың көлемі, биржалық тауарға ақы төлеу және оны беру (тиеп-жөнелту) фактілерін растайтын құжаттардың болуы және өзге де шарттар);»; 9) тармақша алып тасталып, 10) тармақшадағы «қамтамасыз ету» ету деген сөздер «қамтылым» деген сөзбен ауыстырылсын; 17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «17) биржалық және биржадан тыс мәмілелерді есепке алу және тіркеу тәртібі;»; 20) және 23) тармақшалар алып тасталсын; 10) 11-баптың 3-тармағындағы «Тауар биржасымен үлестес заңды тұлғалар» деген сөздер «Тауар биржасының дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар осындай» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) 12- баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасынын еңбек заңнамасына сәйкес тауар биржасымен еңбек қатынастарында тұрған және жұмысты еңбек шарты бойынша тікелей орындайтын жеке тұлғалар тауар биржасының жұмыскерлері болып табылады. Тауар биржасы жұмыскерінің бір мезгілде тауар биржасының мүшелерімен, өзге тауар биржаларымен және өзге тауар биржаларының мүшелерімен еңбек қатынастарында тұруына тыйым салынады.»; 12) 13-2-бапта: 1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын; 2-тармақ мынадай мазмұндагы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) тауар биржасында жасалатын мәмілелер туралы мәліметтерді, сондай-ақ биржадағы сауда-саттық нәтижелерін лицензияның барлық қолданылу кезеңі барысында өзінің интернет-ресурсында сақтауға;»; 13) 13-3-бап алып тасталсын; 14) 14-бапта: 2-тармақта: 1) тармақшадағы «биржасы мүшелерінің кепілдік» деген сөздер «биржасының мүшелері» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы «мөлшерін;» деген сөз «мөлшерін белгілеуге құқығы бар.» деген сөздермен ауыстырылып, 2-1) тармақша алып тасталсын; 3-тармақтағы «және дилерлер» деген сөздер алып тасталсын; 15) 15-бапта: 5-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) биржа саудасына жіберілген биржалық тауарлардың қысқаша атаулары және олардың Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес кодтары;»; мынадай мазмұңдағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын; «Тауарларды биржалық тауарлар тізбесіне енгізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды. Тауар биржаларының биржалық тауарлар және әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбелеріне енгізілмеген тауарлармен биржадағы сауда-саттықты ұйымдастыруына тыйым салынады.»; мынадай мазмұңдағы 7 және 8-тармақтарымен толықтырылсын: «7. Тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізілуге жататын биржалық тауарлардың сауда-саттығын мониторингтеуді мемлекеттік басқарудың тиісті салаларында (аяларында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүргізеді. 8. Тауар биржасында жасалған мәмілелер туралы мәліметтер жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады.»; 16) 15-1-бапта: тақырыптағы «режимдері» деген сөз «режимі» деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Биржадағы сауда-саттық қосарланған қарсы аукцион режимінде өткізіледі.»; 3-тармақ алып тасталсын; 4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Биржадағы сауда-саттық:»; 5, 6 және 7-тармақтар алып тасталсын; 17) 16-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «16-1-бап. Тауар биржасының және тауар биржасы клирингтік орталығының биржалық мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қорлары Биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тауар биржасы резервтік қор құрады, ал тауар биржасының клирингтік орталығы кепілдік беру қорын құрады. Тауар биржасы резервтік қорының ең төмен мөлшері Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде жиырма мың еселенген мөлшерін құрайды. Кепілдік беру қорына жарнаның ең төмен мөлшерін тауар биржасының клирингтік орталығы тауар биржасының тиісті мүшесі қол жеткізе алатын сауда секцияларына қарай тауар биржасымен келісу бойынша белгілейді. Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржалары осындай тауарламрен сауданы бастаған күннен бастап бір жыл ішінде резервтік қор мөлшерін Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір жүз мың еселенген мелшеріне дейін ұлғайтуды қамтамасыз етеді. Резервтік және кепілдік беру қорларын қалыптастыру мен пайдалану қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.»; 18) 17-бапта: 2 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: 4-тармақтың 18) тармақшасының үшінші абзацы 2026 ж. 1 қантардан бастап қолданысқа енгізіледі «2. Тауар биржасы клирингтік қызмет көрсету туралы шарт жасасқан, клирингтік қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар заңды тұлға тауар биржасының клирингтік орталығы болып табылады. Клирингтік орталықтар бір немесе бірнеше тауар биржасына, электрондық сауда алаңдарына, сондай-ақ биржадан тыс мәмілелерге клирингтік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға құқылы. Тауар биржасына бірнеше клирингтік орталықтың клирингтік қызмет көрсетуіне тыйым салынады.»; «5. Тауар биржасы клирингтік орталығының өз қызметін жүзеге асыру үшін биржа саудасына қатысушылар енгізген биржалық қамтылым сомасына қарай олардың биржадағы сауда-саттыққа жіберілуін автоматтандырылған бақылауды қоса алғанда, клирингтік қызмет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін, уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келетін аппараттық-бағдарламалық кешенінің болуы міндетті.»; 7-1-тармақ алып тасталсын; мынадай мазмұндагы 7-2-тармақпен толықтырылсын: көрсету үшін тауар биржасының клирингтік орталығы биржадағы сауда-саттыққа әрбір қатысушыға биржалық қамтылымды және биржалық мәміле бойынша тауарға ақы төлеу үшін енгізілген ақшаны есепке алу жөніндегі бөлек тіркелімдері бар сауда шоттарын ашады. Биржадағы сауда-саттыққа қатысушылардың ақшасы тауар биржасы клирингтік орталығының жеке банктік шотында сақталуға тиіс. Тауар биржасының клирингтік орталығы брокердің және оның клиенттерінің ақшасын бөлек есепке алуды жүргізеді. Тауар биржасының клирингтік орталығы әрбір жасалған мәміле бойынша бұғатталған биржалық қамтылымды есепке алуды жүргізеді.»; 19) 4-тарау мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толытырылсын: «18-1-бап. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізілімі 1. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізілімі: 1) қойылатын талаптар және (немесе) баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпарат берген сатып алушылар; 2) жасалған биржалық мәмілелер бойынша шарттарға қол қою жөніндегі өз міндеттемелерін орындамаған сатушылар мен сатып алушылар; 3) өздерімен жасалған шарттар бойынша өз мінтдеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамаған сатушылар мен сатып алушылар тізбесін білдіреді. 2. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді монополияға қарсы орган жүзеге асырады. 3. Тізілімде болу мерзімі моноплияға қарсы орган оларды биржадағы сауда-сатыққа жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешім қабылдаған күннен бастап жиырма төрт айды құрайды№ Қатысушыны биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу туралы шешімге ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады. 4. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізіліміне қамтылған мәліметтер осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей, сондай-ақ монополияға қарсы органның қатысушыны биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешімінің күші жойылған жағдайда аталған тізілімнен алып тасталады.»;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |