"Жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, Осы редакция Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 168 Бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жетілдіру және олардың тиімділігін арттыру мен жол қозғалысын ұйымдастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған "Жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруы және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі" нұсқаулық бекітілсін. 2. Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің бастықтары: 1) осы Нұсқаулықты жол полициясының, жол қозғалысын қадағалауға тартылатын ішкі істер органдарының басқа да қызметтері мен бөлімшелерінің барлық қызметкерлерінің оқып-үйренуін қамтамасыз етсін; 2) жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруы және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі жұмысын Нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастырсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры И.И. Оттоға және Ішкіісминнің Жол полициясы комитетіне (Н.Т. Мырзабеков) жүктелсін. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Ішкі істер Министрінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 103 бұйрығымен бекітілген Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|