"Көлiк құралдарын басқару құқығын алудың, емтихан қабылдаудың, (ҚР Ішкі істер министрлігінің 25.03.01 ж. № 249; 28.10.01 ж. № 762; 01.10.02 ж. № 632; 24.03.04 ж. № 184; 2005.26.04. № 249 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 19 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы желтоқсанның 21-iндегi № 2707 "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" заң күшi бар Жарлығына және Қазақстан Республикасының 1996 жылғы шiлденiң 15-iндегi № 29 "Жол қозғалысы қауiпсiздiгi туралы" Заңына сәйкес бұйырамын: 1. Қосылып берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасында көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттік тiркеуден өткізу Ережелерi /қосымшаларымен бірге/; 2) Көлiк құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын сатып алуға берiлетiн анықтама-есепшоттың бланкiлерiн қабылдап алу, есепке алу, сақтау және жұмсау тәртібі туралы Ережелер /қосымшаларымен бipгe/; 3) Көлiк құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау, азаматтарға жүргiзушi куәлiгiн беру тәртібі туралы Ережелер /қосымшаларымен бірге/; 4) Тiркеу құжаттары мен жүргiзушi куәлiктерiнiң бланкiлерi, көлiк құралдарының номерлiк белгiлерiн қабылдап алу, есепке алу, сақтау, жұмсау және ҚP IIM Жол полициясының тiркеу-емтихан бөлiмшелерiнде тексерiс өткізу тәртібі туралы Ережелер /қосымшаларымен бірге/ бекітілсiн. 2. Аталмыш Ережелер Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді деп белгіленсін. ҚР Ішкі істер министрінің 25.03.01 ж. № 249 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді 3. Облыстардың, Астана мен Алматының ІІБ, ҚІІБ бастықтары: 1) аталмыш Ережелерді жол полициясы мен ішкі істер органдарының басқа қызметтерінің барлық бөлімшелерінде оқып-үйренуді және Ережелерде көзделген қызмет құжаттарын жасауды қамтамасыз етсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|