Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО iстерi жөніндегі ұлттық Осы редакция 2005 ж. 22 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Білім беру, ғылым, мәдениет және коммуникациялар салаларындағы халықаралық ынтымақтастықтың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында және мемлекеттік басқару органдарын қайта ұйымдастыруға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО iстерi жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын. 2. Қоса берiлiп отырған: 1) Комиссия туралы ереже; 2) Комиссияның құрамы бекiтілсiн. 3. Комиссияға білім беру, ғылым және мәдениет мәселелерi жөніндегі ислам ұйымымен (ИСЕСКО) ынтымақтастықты үйлестiру жүктелсiн. 4. Мыналардың: "ЮНЕСКО iстерi жөніндегі Қазақстан Республикасының ұлттық комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 желтоқсандағы № 1077 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж, № 49, 720-құжат); "ЮНЕСКО iстерi жөнiндегі Қазақстан Республикасы ұлттық комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 30 наурыздағы № 266 қаулысының күшi жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Үкіметінiң 2000 жылғы 7 тамыздағы № 1210 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО iстерi жөнiндегі ұлттық комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО iстерi жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) білім беру, ғылым, мәдениет және коммуникациялар салаларында жұмыс iстейтiн мемлекеттік органдардың, мекемелердiң және қоғамдық ұйымдардың ЮНЕСКО-ның халықаралық және аймақтық бағдарламаларына қатысуын жүзеге асыратын, сондай-ақ ЮНЕСКО хатшылығымен және ЮНЕСКО органдарымен байланыс жасайтын Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы ведомствоаралық консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 2. Комиссия өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiн, ЮНЕСКО-ның жарғысын және ЮНЕСКО iстерi жөніндегі ұлттық комиссиялардың жарғысын, осы Ереженi, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн басшылыққа алады. ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 266 қаулысымен 3-тармақ толықтырылды 3. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп бередi; Комиссия қызметiне жалпы бақылау жасауды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі жүзеге асырады. Комиссия өзiнiң құзыретi шегiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мамандарын тартуға құқылы. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстарды әзiрлейдi. 2. Комиссияның негiзгi функциялары 4. Комиссияның басты мақсаты ЮНЕСКО-ның құзыретіндегі салаларда халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық, сондай-ақ халықтардың өзара түсiнiсуiне, білім беру бағдарламаларын жетiлдiруге, мәдениеттiң сан алуандығын дамытуға және таратуға, мәдени мұраларды, дәстүрлi машықтар мен білімдердi сақтауға және көбейтуге, ақпараттың еркiндiгiне жәрдемдесуге бағытталған ЮНЕСКО-нiң қызметiне қатысу арқылы адамдардың рухани келісімi мен топтасуына жәрдем көрсету болып табылады. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) ЮНЕСКО-ның құзыретiне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен, мекемелермен және жекелеген азаматтармен ынтымақтастық жасайды; 2) талап етiлетiн интеллектуальдық, ғылыми, әкiмшiлiк және шығармашылық қолдау көрсетудi қамтамасыз ете отырып, ЮНЕСКО бағдарламаларын әзiрлеуге және жүзеге асыруға мемлекеттік органдардың, мекемелердiң және қоғамдық ұйымдардың қатысуына жәрдем көрсетедi; 3) ЮНЕСКО-ның мақсаттары, бағдарламалары және қызметi туралы ақпарат таратады; 4) халықаралық ұйымдардың ынтымақтастығымен немесе олардың қолдау көрсетуiмен жүзеге асырылатын білім беру, ғылым, мәдениет және коммуникациялар саласындағы бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысады; 5) уақытша немесе тұрақты негiзде ЮНЕСКО-да жұмыс iстеу үшiн үмiткерлердi iрiктеудi жүзеге асырады; 6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарының, ЮНЕСКО-ның Хатшылығы мен оның органдарының арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз етедi, сондай-ақ ұлттық комиссиялар үшiн көзделген ЮНЕСКО-ның тұрақты консультациялары мен кеңестерiне қатысады; 7) ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкiлдiгi арқылы басқа да ұлттық комиссиялардың өкiлдiктерiмен және ЮНЕСКО-ның үкiметаралық органдарымен, комитеттерiмен және комиссияларымен ынтымақтастықты жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Yкіметінiң ЮНЕСКО-ның басшы органдарының қызметiне қатысуын қамтамасыз етедi; 8) ЮНЕСКО-ның бастамалары мен бағдарламаларының дамуын қадағалайды және ынтымақтастықтың басымдықты бағдарламаларына қатысуға тиiстi мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды тартады; 9) ұлттық деңгейде ЮНЕСКО-мен ынтымақтастықты үйлестiредi және ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы бағдарламаларының барысын бағалауды жүзеге асырады, ЮНЕСКО Хатшылығының сұрау салуы бойынша есептердi, статистикалық сауалнамаларды және өзге де ақпаратты дайындауды қамтамасыз етедi; 10) түрлi қазақстандық мекемелер жүзеге асыратын ЮНЕСКО-ның бағдарламалары мен жобаларының iске асырылуына басшылық жасайды, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның аймақтық және халықаралық бағдарламаларына Қазақстан Республикасының қатысуына жауапты болады; 11) ЮНЕСКО басшылық органдарының шешiмдерi, сондай-ақ маңызды халықаралық форумдар мен кеңестер туралы ақпарат таратады; 12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады. 5. Комиссия, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын Ислам конференциясы ұйымының мекемесi болып табылатын Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелерi жөніндегі ислам ұйымымен (ИСЕСКО) ынтымақтастықты жүзеге асырады. 3. Комиссия жұмысын ұйымдастыру 6. Комиссияны Қазақстан Республикасының Үкіметі құрады және таратады. 7. Комиссияның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi. ЮНЕСКО-ның жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкiлi лауазымы бойынша Комиссия мүшесi болып табылады. 8. Комиссия жұмысы ағымдағы және перспективалық жоспарлардың негiзiнде жүзеге асырылады. Комиссия отырысы қажеттiлiгiне қарай, бiрақ, кемiнде жылына екi рет, оның мүшелерiнiң кемiнде жартысы қатысқан кезде өткiзiледi. 9. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс берумен қабылданады және дауыс беруге қатысқан Комиссия мүшелерiнiң жалпы санынан көпшiлiк дауыс берiлген жағдайда қабылданды деп есептеледi. Дауыстар саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi. Комиссия шешiмдерi хаттамалық шешiмдер түрiнде ресiмделедi және қажет болған жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылық назарына жеткiзiледi. 10. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. 11. Комиссияның Бас хатшысы Комиссияның ағымдағы қызметiне басшылықты жүзеге асырады, Комиссия қабылдаған шешiмдердiң орындалуын қамтамасыз етедi, ЮНЕСКО және ИСЕСКО-ның Хатшылықтарымен және олардың органдарымен хат-хабар алмасуды жүргiзедi, ЮНЕСКО мен ИСЕСКО органдарында Комиссияның мүддесiн бiлдiредi. 12. Комиссияның ағымдағы қызметiн жүзеге асыру және мемлекеттік, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен күнделiктi байланысты қамтамасыз ету мақсатында Комиссия Бас хатшыға бағынатын хатшылық құрады, оған қатысушы министрлiктер мен ведомстволардың жауапты өкiлдерi кiредi. Хатшылық құрамы Комиссия отырысында бекітіледi. 13. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Комиссия хатшылығын үй-жаймен, байланыс құралдарымен және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз етедi, сондай-ақ хатшылықтың ағымдағы қызметiн жүзеге асыруға байланысты шығыстарды төлейдi. 14. Комиссияны жинақтау, оның жұмыс құрал-жабдықтарын жаңғырту немесе қатысу бағдарламасы шеңберiнде ұлттық өтiнiмдердi орындау мақсатында ЮНЕСКО мен ИСЕСКО бөлетін қаржылық қаражатты мақсатты түрде пайдалануға билiк етудi және бақылау жасауды Комиссия Төрағасы және Бас Хатшы жүзеге асырады. Үкіметінiң 2000 жылғы 7 тамыздағы № 1210 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО iстерi жөніндегі ұлттық комиссиясының ҚҰРАМЫ ҚР Үкіметінің 15.06.01 ж. № 820; 03.04.02 ж. № 397; 03.03.04 ж. № 266 қаулыларымен құрам өзгерді Тасмағамбетов - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Иманғали Нұрғалиұлы хатшысы, төраға (келісім бойынша) Сүлейменов - Қазақстан Республикасының Олжас Омарұлы ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты Өкiлi, төрағаның орынбасары (келісім бойынша) Беркiмбаева - Қазақстан Республикасының Шәмша Көпбайқызы Білім және ғылым министрi, төрағаның орынбасары Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мұхтар Абрарұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрi Мұтанов - Қазақстан Республикасының Ғалымқайыр Мұтанұлы Білім және ғылым бiрiншi вице-министрi Қожамқұлов - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Төлеген Әбдiсағиұлы университетiнiң ректоры (келісім бойынша) Хұсайынова - Астана қаласы Мемлекеттік орыс Априза Хұсайынқызы драма театрының директоры (келісім бойынша) Рябченко Олег Григорьевич - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім бірінші вице-министрі; Тұяқбаева Баян Тұматайқызы - Қазақстан Республикасының "Жібек жолы - Қазақстан" ұлттық компаниясының Тарихи-мәдени мұра ғылыми-өндірістік орталығының директоры (келісім бойынша); Әбусейiтов - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер Қайрат Қуатұлы бiрiншi вице-министрi, төрағаның орынбасары Қазыханов - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер Ержан Хозеұлы министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментiнiң директоры, бас хатшы Айтқожина - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым Нағима Әбенқызы академиясының президентi Мұсатаев - Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар Мұрат Қабдылжаппарұлы және қоршаған ортаны қорғау вице-министрi Қасейiнов - Қазақстан Республикасының Мәдениет Дүйсен Қорабайұлы министрi Әлiмбай Нұрсан - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мұражайының директоры (келісім бойынша) Байпақов - Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының Карл Молдахметұлы директоры (келісім бойынша) Бердiғалиева - Қазақстан Республикасы Ұлттық кiтапханасының Роза Аманғалиқызы директоры (келісім бойынша) Веселов - Гидрогеология және гидрофизика институтының Василий Васильевич директоры, ЮНЕСКО-ның халықаралық гидрологиялық бағдарламасы жөніндегі ұлттық комитетiнiң төрағасы (келісім бойынша) Баққожа - "Парасат" журналының бас редакторы (келісім Мұқаи Сейдинұлы бойынша) Мәмбетов - К.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық Азербайжан Мәдиұлы драмтеатрының көркемдiк жетекшiсi (келісім бойынша) Жолдасбеков - Л. Гумилев атындағы Еуразия университетiнiң Мырзатай Жолдасбекұлы ректоры (келісім бойынша) Мұсаходжаева - Қазақ ұлттық музыка академиясының ректоры Айман Қожабекқызы (келісім бойынша) Северский - География институтының бас ғылыми Игорь Васильевич қызметкерi, ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера" халықаралық гидрологиялық бағдарламасы жөнiндегі ұлттық комитеттiң төрағасы (келісім бойынша) Тарази Әкім - Жазушы (келісім бойынша) Өмірбеков - Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Байтұрсын Есжанұлы Мемлекеттік өнер мұражайының директоры (келісім бойынша) Уалиханов - Қазақстан Республикасы Мәдени ескерткiштердi Шота Ыдырысұлы қорғау қоғамының төрағасы (келісім бойынша) Құлекеев - Қазақстан Республикасының Білім және Жақсыбек Әбдiрахметұлы ғылым министрi Абдрахманов - Қазақстан Республикасының Ақпарат Сауытбек Абдрахманұлы министрi Жалғасбаев - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер Нұрлан Әділұлы министрлігі халықаралық ұйымдар және қауiпсiздiк проблемалары департаментiнiң директоры, бас хатшы Аманшаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет Ермек Әмiрханұлы вице-министрi Ысқақов - Қазақстан Республикасының Қоршаған Нұрлан Әбділдаұлы ортаны қорғау вице-министрi Исаев - Қазақстан Республикасының Экономика және Батырхан Арысбекұлы бюджеттік жоспарлау вице-министрi Әуезов - Қазақстан Республикасы Ұлттық Мұрат Мұхтарұлы кiтапханасының бас директоры (келісім бойынша) |