Почта байланысы қызметін көрсету Ережелерін бекіту туралы (2008.24.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 313 бұйрығымен күші жойылды
«Почта туралы» және «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және Дүние жүзілік Почта Одағының кесімдеріне сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Почта байланысы қызметін көрсету ережесі бекітілсін. 2. Нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу реестрінде № 461 болып тіркелген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдер бюллетенінде 1998 жылғы № 8, 102 бабында жарияланған «Телекоммуникация жергілікті желілерінің, телеграф және почта байланысы қызметтерін ұсыну ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 1997 жылғы 27 мамырындағы № 465 және Қазақстан Республикасының Сауда және экономика министрінің 1997 жылғы 30 мамырдағы № 81 бірлескен бұйрығына мынадай өзгертулер енгізілсін: бірлескен бұйрықтың басындағы «және почта» сөзі алынып тасталсын; бірлескен бұйрықтың 1-тармағының үшінші абзацы алынып тасталсын; аталған бұйрыққа қосымша берілген Почта байланысы қызметін көрсету ережесі алынып тасталсын. 3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және қаржылық реттеу департаменті (Сейтімбеков А.А.) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының Бірінші орынбасары А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|