|
|
|
Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы
Осы редакция 2006 ж. 10 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1 тарау Жалпы ережелер (1 - 4 баптар) 2 тарау Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету (5 - 11 баптар) саласындағы мемлекеттік басқару жүйесi 3 тарау Жол жүрiсiн ұйымдастыру және оның қауiпсiздiгiн (12 - 25 баптар) қамтамасыз ету жөніндегі негiзгi талаптар 4 тарау Қорытынды ережелер (26 - 28 баптар) Осы Заң жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік басқару жүйесiн ұйымдастырудың негiзгi принциптерiн белгiлеп, қоғамдық қатынастарды реттейдi. Жалпы ережелер ҚР 24.12.01 ж. № 276-11 Заңымен 1-бап өзгертілді 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: - жол жүрiсi - адамдар мен жүктiң жолдармен көлiк құралдарын пайдаланып не оларсыз (жүргiншiлер) жүрiсi кезiнде, сондай-ақ осы жүрiс ережелерiн реттеу процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы; - жол жүрiсi қауiпсiздiгi - жол-көлiк оқиғалары мен олардың зардаптарынан жол жүрiсiне қатысушылар мен мемлекеттiң қорғалу дәрежесiн көрсететiн жол жүрiсiнiң жай-күйi; - жол-көлiк оқиғасы - көлiк құралдарының жол бойында жүрiсi процесiнде және оның қатысуымен туындаған, адамдар қаза тапқан немесе жарақаттанған, көлiк құралдары, ғимараттар, жүк бүлiнген не өзге де материалдық залал келтiрген оқиға; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету - жол-көлiк оқиғаларының туындауын болғызбауға, олардың зардаптарының ауырлығын азайтуға бағытталған қызмет; - жол жүрiсiне қатысушы - жүргiзушi, жүргiншi, көлiк құралының жолаушысы, мал айдаушы ретiнде жүрiс процесiне тiкелей қатысатын адам; - жол - көлiк құралдарының жүрiсi үшiн жайластырылған немесе бейiмдетілген және соған пайдаланылатын жер өңiрi не жасанды құрылыстың үстiңгi қабаты. Жол бiр немесе бiрнеше жүрiс бөлiгiн, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерiн және бөлу өңiрлерi болған жағдайда - соларды қамтиды; - жол жүрiсiн ұйымдастыру - жолдардағы жүрiстi басқару жөніндегі ұйымдық-техникалық шаралар мен өкiм жүргiзетiн iс-қимылдар кешенi; - көлiк құралы - адамдарды, жүктi немесе үстiне орнатылған жабдықтарды жолдармен тасымалдауға арналған қондырғы; механикалық көлiк құралы - мопедтен басқа, двигатель арқылы жүретiн көлiк құралы. Бұл ұғым тракторлар мен өздiгiнен жүретiн машиналарға да қолданылады; тiркеме - двигательмен жабдықталмаған және механикалық көлiк құралының құрамында жүруге арналған көлiк құралы. Бұл ұғым жартылай тiркемелер мен ұзартылмалы тiркемелерге де қолданылады. 2-бап. Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы заңдары Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 3-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 3-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi мыналар болып табылады: - жол жүрiсiне қатысушы азаматтардың өмiрi мен денсаулығының шаруашылық қызметтiң экономикалық нәтижелерiнен басымдығы; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде мемлекет жауапкершiлiгiнiң жол жүрiсiне қатысушы азаматтардың жауапкершiлiгiнен басымдығы; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету кезiнде азаматтар мен мемлекет мүдделерiнiң сақталуы; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жүйелi көзқарас. 4-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi мемлекеттік саясатты iске асыру құралы болып табылады және ол жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды айқындайтын құқықтық нормаларды, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, меншiк нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың, жол жүрiсiне қатысушылардың, жол жүрiсi қауiпсiздiгiн және жол-көлiк оқиғаларының зардаптарын жоюды қамтамасыз ететiн құралдар мен шаралардың жиынтығын қамтиды. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік басқару жүйесi 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 5-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 5-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары Жол жүрiсi қауiпсiздiгi мыналар арқылы қамтамасыз етiледi: - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгi мен жауапкершiлiгiн белгiлеу; - жол-көлiк оқиғаларының алдын алу және олардың зардаптарының ауырлығын азайту мақсатымен орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, заңды және жеке тұлғалардың қызметiн үйлестiру; - автомобиль, қалалық жер үстi электр көлiгiнде және жол шаруашылығында жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметтi реттеу; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi белгiленген тәртiппен әзiрлеу және бекіту; - жол жүрiсiн ұйымдастыру; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі шараларды бағдарламалық-мақсатты жоспарлау; - жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөніндегі шараларды ғылыми, материалдық-техникалық және қаржы жағынан қамтамасыз ету; - көлiк құралдарының жүргiзушiлердi даярлауды ұйымдастыру және азаматтарға жүрiс қауiпсiздiгiнiң ережелерi мен талаптарын оқытып-үйрету; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық жағынан қамтамасыз ету жөнiнде шаралар кешенiн жүргiзу; - көлiктiң және жол шаруашылығының өнiмдерi мен көрсететiн қызметiн мiндетi түрде сертификаттауды жүзеге асыру; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты қызметтi лицензиялау; - көлiкте сақтандыру саласында әлеуметтiк бағдарланған саясат жүргiзу; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында заңдардың, өзге де нормативтiк актiлердiң, ережелер мен стандарттардың орындалуын мемлекеттік қадағалау мен бақылау. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 6-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына мыналар жатады: - Қазақстан Республикасы аумағында жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында бiрыңғай мемлекеттік саясат әзiрлеу және жүргiзу; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және бекіту; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бағдарламалар әзiрлеу және оларды қаржымен қамтамасыз ету; - орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі қызметiне басшылық ету, олардың Заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң актілерін орындауына бақылау жасау; - жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы органды белгiлеу және ол туралы Ереженi бекіту; - жол-көлiк оқиғасында зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау жүйесi мен ережелерiн, меншiк нысандарына қарамастан, олардың денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу, сақтандыру, медициналық қызмет көрсету және өтемақы алу тәртібін белгiлеу; - ережелердiң, стандарттар мен басқа да нормативтiк актiлердiң бiрыңғай жүйесiн белгiлеу; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 7-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 7-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздігі жөніндегі орталық атқарушы органның өкiлеттiктерi Жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы органның өкiлеттiктерiне мыналар жатады: - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты iске асыру; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру; - көлiк құралдарын жүргiзушiлердi даярлау тәртібін белгiлеу; - алдын алу шараларын жүргiзу және халыққа жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң ережелерi мен талаптарын оқытып үйрету тәртібін белгiлеу; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттік маңызы бар ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық талдамаларды ұйымдастыру; - жол жүрiсi мен оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қызметтi мемлекеттік қадағалау мен бақылауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру; халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарды салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтiп ұстау кезiнде жұмыстың барлық түрлерiне жол жүрiсi қауiпсiздiгiне қатысты бақылау жасауды ұйымдастыру және жүзеге асыру; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында лицензиялау жүргiзу; - халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарда жол жүрiсiн ұйымдастыру жөніндегі қызметке басшылық ету; - Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы халықаралық шарттарын жасасуға қатысу. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 8-бап. Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгi 1. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында аудандардың (қалалардың) жергiлiктi өкiлдi органдарының қарауына мыналар жатады: - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң жоспарларын, аймақтық бағдарламаларын бекіту; - жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының жол жүрiсi қауiпсiздiгi мәселелерi жөніндегі есептерiн қарау. 2. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының қарауына мыналар жатады: - тиiстi аумақта жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң аймақтық бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру, олардың орындалуын үйлестiру және бақылау; - жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы орган шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыру және бақылау; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық жағынан қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенiн ұйымдастыру және жүргiзу; - жол-көлiк оқиғаларын болғызбауға бағытталған алдын алу шараларын ұйымдастыру және өткізу, азаматтарға жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң талаптарын оқытып-үйрету; аудандардың (қалалардың) автомобиль жолдарында, қалалардың, аудандардың (қалалардың) елдi мекендерiнiң жол тораптарында салу, қайта жаңарту, жөндеу, оларда жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын енгізу және күтiп ұстау, оларды күтiп ұстау, күзету және жолдарда қызмет көрсету объектiлерiн жайғастыру жөніндегі жұмыстарды орындау кезiнде жұмыстың барлық түрлерiнiң орындалуын қамтамасыз ету және бақылау; - заңды тұлғалардың жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметiн үйлестiру мен бақылауды қамтамасыз ету; - тиiстi аумақ мүдделерiне орай жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде ғылыми зерттеулер ұйымдастыру; - жол жүрiсiн қамтамасыз ету саласында мамандар даярлау. 2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 9-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты қызметтi лицензиялау 1. Жеке және заңды тұлғалардың жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты қызметi мiндеттi түрде лицензиялануға тиiс. 2. Қызмет түрлерi және лицензиялау тәртібі Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарымен айқындалады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 10-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 10-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң жай-күйi көрсеткiштерiн есепке алудың мемлекеттік жүйесi 1. Қазақстан Республикасының аумағында апаттардың, жол-көлiк жарақаттарының көрсеткiштерiн, көлiк құралдарының, жүргiзушiлер санын, жол жүрiсi саласындағы құқық бұзушылықтардың, жолдардың көлiк-пайдалану көрсеткiштерiн, сондай-ақ, жол жүрiсi қауiпсiздiгi мен оны қамтамасыз ету жөніндегі қызметтiң жай-күйiн көрсететiн басқа да көрсеткiштердi есепке алудың бiрыңғай мемлекеттік жүйесi жүзеге асырылады. 2. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы есепке алудың, есепке алу мәлiметтерiн пайдалану мен есеп беру деректерiн қалыптастырудың мемлекеттік жүйесiн жүргiзу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. 3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар есептiлiк жүйесiне кiретiн мәлiметтердi белгiленген тәртiппен сұратып алуға құқылы. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 11-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 11-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағдарламалары 1. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру мақсатында жол-көлiк оқиғаларының, одан зардап шеккен азаматтардың санын қысқартуға және осы оқиғалардан болатын материалдық залалды азайтуға бағытталған жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң салалық және аймақтық бағдарламалары әзiрленедi. 2. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң салалық және аймақтық бағдарламалары осындай бағдарламаларға қойылатын талаптарға сәйкес әзiрленедi, белгiленген тәртiппен бекітіледi және бюджет қаражаты мен бюджеттен тыс көздер есебiнен қаржыландырылады. Жол жүрiсiн ұйымдастыру және оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі негiзгi талаптар 12-бап. Қазақстан Республикасы аумағындағы жол жүрiсiнiң тәртібі 1. Қазақстан Республикасы аумағындағы жол жүрiсiнiң тәртібі, жол жүрiсiне қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi, жол жүрiсiн реттеудiң техникалық және басқа да құралдарының мақсаты мен қолданылуы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн Жол жүрiсi ережелерiмен, Автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын пайдалану ережелерiмен және оларды Қазақстан Республикасы аумағында қорғау тәртібімен белгiленедi. 2. Қазақстан Республикасы аумағында көлiк құралдарының оң жақпен жүруi белгiленген. 13-бап. Көлiк құралдарының пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыру кезiнде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі негiзгi талаптар 1. Көлiк құралдарын пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар: - жол жүрiсi процесiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн талаптарға сәйкес жүргiзушiлердiң жұмысын ұйымдастыруға; - жүргiзушiлер еңбегi мен демалысының белгiленген режимiн сақтауға; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн автомобиль және қалалық жер үстi электр көлiгi құралдарының жүргiзушiлерi мен басқа да қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыру үшiн жағдай жасауға; - жол-көлiк оқиғаларының және жол қозғалысы ережелерiн бұзудың себептерiне талдау жасап, оларды жоюға; - көлiк құралдарының техникалық жай-күйiн және оның дұрыс жағдайда пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етуге; - жүргiзушiлердi сапарға шығар алдында және мезгiл-мезгiл медициналық байқаудан өткiзiп тұруды қамтамасыз етуге; - жүргiзушiлердiң жол-көлiк оқиғаларында зардап шеккендерге дәрiгер келгенге дейiнгi көмек көрсету дағдыларын жетiлдiру жөніндегі шараларды ұйымдастыруға мiндеттi. 2. Автомобиль және қалалық жер үстi электр көлiгi құралдарымен тасымалдау қызметiн жүзеге асыратын мамандандырылған кәсiпорындар арнаулы ережелер белгiлеп, жүктiң түрiн, оларды тасымалдау ерекшелiктерiн ескере отырып және қолданылып жүрген заңдар шегiнде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жүргiзушiлерге қосымша талаптар қоя алады. 14-бап. Жол жүрiсiне қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi 1. Азаматтардың жолдармен жүрудiң қауiпсiздiк жағдайлары құқықтарына, мемлекет кепiлдiк бередi және ол құқықтар Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы заңдарының, Республика бекiткен халықаралық шарттардың орындалуы арқылы қамтамасыз етіледi. 2. Жол жүрiсiне қатысушылардың өз құқықтарын iске асыруы жол жүрiсiне басқа қатысушылардың құқықтарын шектемеуге немесе бұзбауға тиiс. 3. Жол жүрiсiне қатысушылардың: - заңдармен белгiленген ережелер мен ресiмдерге сәйкес және солардың негiзiнде жолмен еркiн, кедергiсiз жүруге; - лауазымды адамдардан және жол жүрiсiн қадағалауды жүзеге асырушы мемлекеттік органнан жолмен жүруге тыйым салыну немесе шектелу себептерi туралы түсiнiктеме алуға; - қозғалыстың қауiпсiз жағдайлары, жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты өнiмдер мен көрсетiлетiн қызметтер сапасы туралы, қызметi жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты лауазымды адамдардың құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi туралы толық және анық ақпарат алуға; - қызметi жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты ұйымдар мен лауазымды адамдардан жол-көлiк оқиғасы кезiнде медициналық көмектiң, құтқару жұмыстарының кепiлдi көлемi мен басқа да қажеттi көмектi тегiн алуға; - жол-көлiк оқиғасы салдарынан өздерiне дене жарақаттары келтiрiлген жағдайларда, сондай-ақ көлiк құралы мен (немесе) жүк бүлiнген жағдайларда заңдарда белгiленген тәртiп бойынша залалды өтеттiруге; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгiн жүзеге асырушы лауазымды адамдардың заңсыз iс-әрекеттерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп бойынша шағым жасауға құқығы бар. 4. Жол жүрiсiне қатысушылар осы Заңның және жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты бөлiгiнде Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарын орындауға мiндеттi. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 15-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 15-бап. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығын алу 1. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығы мыналарға берiлуi мүмкiн: - он алты жасқа толған адамдарға - мотоциклдер, мотороллерлер және басқа да мотокөлiк құралдарын ("А" санаты) жүргiзуге; - он сегiз жасқа толған адамдарға - рұқсат етiлген ең ауыр салмағы 3500 килограмнан аспайтын және жүргiзушiнiң орнын есептемегенде, отыратын орын саны сегiзден аспайтын автомобильдердi ("В" санаты), сондай-ақ рұқсат етiлген ең ауыр салмағы 3500 килограмнан асатын автомобильдердi ("С" санаты) жүргiзуге, бұған "Д" санатына жататындары кiрмейдi; - жиырма жасқа толған адамдарға - жолаушылар тасуға арналған және жүргiзушiнiң орнын есептемегенде, отыратын орын саны сегiзден астам болатын автомобильдердi ("Д" санаты), троллейбустар мен трамвайларды жүргiзуге; - "В", "С" немесе "Д" санаттарына жататын көлiк құралдарын жүргiзу құқығы бар адамдарға көлiк құралдарының тиiстi санаттарын жүргiзу стажы он екi айдан кем болмаған жағдайда - көлiк құралдарының құрамдарын ("Е" санаты) жүргiзуге. 2. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығы тиiстi куәлiктермен расталады. Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары талаптарына сәйкес келетiн ұлттық және халықаралық жүргiзушiлер куәлiктерi қолданылады. 3. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығының куәлiктерi осы бапта белгiленген жасқа толған, медициналық жағынан кiнараты жоқ, көлiк құралдарының тиiстi санатының жүргiзушiлерiн даярлайтын үлгi бағдарламалар көлемiнде қажеттi білім мен дағдысы бар және белгiленген тәртiппен емтихандар тапсырған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын адамдарға берiледi. 4. Көлiк құралдарының тиiстi санаттарына жүргiзушiлер даярлаудың үлгi бағдарламаларын және рұқсат беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметi уәкiлдi берген органдар мүдделi министрлiктермен, мемлекеттік комитеттермен, өзге де орталық атқарушы органдармен келiсе отырып әзiрлейдi. 5. Көлiк құралдарының "А" және "В" санаттарын жүргiзу құқығына куәлiк алу үшiн азаматтардың тиiстi бағдарламалар көлемiнде өз бетiнше даярлануына жол берiледi. 6. Адамдарды көлiк құралдарын жүргiзу құқығын алу емтихандарына жiберу, оларды тапсыру, көлiк құралдарын жүргiзу құқығына куәлiктер беру тәртібін және адамдардың көлiк құралдарын жүргiзуiне тыйым салатын медициналық кiнараттарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметi уәкiлдiк берген органдар белгiлейдi. 16-бап. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығының күшiн тоқтату негiздемелерi 1. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығының күшiн тоқтату негiздемелерi мыналар болып табылады: - жүргiзушi куәлiгiнiң белгiленген қолданылу мерзiмiнiң бiтуi; - жүргiзушi денсаулығының көлiк құралдарын қауiпсiз жүргiзуге кедергi келтiретiндей нашарлап, оның медициналық қорытындымен расталуы; - көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға. 2. Жауапкершiлiк шаралары ретiнде көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға не сондай құқықты шектеуге әкеп соғатын құқық бұзушылық түрлерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 17-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 17-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық қамтамасыз ету 1. Жол жүрісі қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз ету: - көлiк құралдарын жүргiзу құқығына куәлiк алуға үмiткер азаматтар мен жүргiзушiлердi мiндеттi түрде медициналық куәландыруды; - жүргiзушiлердi сапарға шығар алдында және ағымдағы медициналық байқаудан өткізудi; - жол-көлiк оқиғаларында зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетудi; - жол жүрiсiне қатысушыларды, жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ азаматтарды жол-көлiк оқиғаларында зардап шеккендерге дәрiгер келгенге дейiн көмек көрсету тәсiлдерiн үйретудi қамтиды. 1-1. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтi үйлестiрудi денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 2. Жол-көлiк оқиғаларында зардап шеккендерге медициналық көмек: - жол-көлiк оқиғасы болған жерде дәрiгер келгенге дейiн көмек көрсетудi; - жол-көлiк оқиғасы болған жерде, медицина ұйымына бара жатқан жолда және медицина ұйымында медициналық көмек көрсетудi қамтиды. 3. Адамдардың көлiк құралдарын жүргiзуiне тыйым салуға негiз болатын медициналық кiнәраттардың тiзбесiн, медициналық куәландыру, тексеру тәртібін және олардың мерзiмдiлiгiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi. Алғашқы көмек көрсетуге арналған (автокөліктік) дәрі жиынтығының құрамын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің Төрайымының 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 225 бұйрығын қара 24.12.01 ж. № 276-11; 10.06.03 ж. № 433-11 (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 18-бап өзгертілді 18-бап. Көлiк құралдарын жасап шығару, сату және пайдалану кезiнде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі негiзгi талаптар 1. Шығарылған көлiк құралдарының конструкциясы, оның iшiнде олардың құрамдас бөлiктерiнiң, қосымша жабдықтау заттарының, қосалқы бөлшектерi мен керек-жарақтарының конструкциясы жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жататын бөлiгiнде стандарттар мен басқа да нормативтiк құжаттардың талаптарына сай болуға тиiс. 2. Көлiк құралдары, олардың құрамдас бөлiктерi, қосымша жабдықтау заттары, қосалқы бөлшектерi мен керек-жарақтары жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жататын бөлiгiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлдiк берген органдар бекiтетiн ережелер мен рәсiмдерге сәйкес мiндеттi түрде сертификатталуға тиiс. 3. Механикалық көлік құралдарының және тіркемелердің жекелеген түрлерінің жалпы пайдаланудағы жолдармен жол жүрісіне қатысуына рұқсат беруді Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген органдар тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін бере отырып, мемлекеттік тіркеу, оларды пайдаланушы, оның ішінде сенімхат бойынша пайдаланушы адамдарды тіркеу мен есепке алу, оларды жүргізу құқығына емтихан қабылдау мен куәлік беру арқылы жүзеге асырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |