2006 ж. 20 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 1 баптын редакциясы ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңына сәйкес 1-бап толықтырылды 1-бап. Осы Заңмен реттелетін қатынастар 1. Осы Заң Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің құқықтық ережелерін, оларға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін, серіктестіктердің құрылу тәртібін, қызметін, қайта ұйымдастырылуы мен таратылуын белгілейді. 2. Шетелдің қатысуымен құрылатын жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің ерекшеліктері шетелдік инвестициялар туралы заң актілерімен белгіленуі мүмкін. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктердiң ерекшелiктерi банк заңдарымен белгіленуi мүмкiн. 3. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке осы Заңның ережелері қолданылады, өйткені осы Заңның 3-бабында өзгеше жағдай көзделмеген. |