Нормативтiк құқықтық актiлер туралы 1998 ж. 24 наурыздағы (2005.21.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 31 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
I-тарау. Жалпы ережелер (1 - 6 баптар) 2-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің (7 - 12 баптар) жобаларын дайындауды жоспарлау 3-тарау. Нормативтік құқықтық актілер жобаларын (13 - 21 баптар) әзірлеу және ресімдеу 4-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің (22 - 24 баптар) жобаларына ғылыми сараптама 5-тарау. Нормативтік құқықтық актіні қабылдау (25 - 29 баптар) мен оны күшіне енгізу тәртібі 6-тарау. Нормативтік құқықтық актілерді жариялау (30 - 35 баптар) 7-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің уақыт, кеңістік (36 - 43 баптар) жағынан және тұлғалар бойынша қолданылуы 8-тарау. Нормативтік құқықтық актілерді ресми түсіндіру (44 - 45 баптар) 9-тарау. Нормативтік құқықтық актілерді жүйеге (46 - 48 баптар) келтіру мен есепке алу ҚР 06.03.02 ж. № 298-II; 16.06.04 ж. № 566-II (бұр. ред. қара); 2005.21.10. № 81-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) нормативтік құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат; 2) заңдар - белгіленген тәртіппен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы; 3) құқық нормасы (құқықтық норма) - нормативтік құқықтық актіде тұжырымдалған, көп мәрте қолдануға арналған және нормативтік реттелген ахуал шеңберінде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға міндетті мінез-құлық ережесі; 4) нормативтік құқықтық актінің деңгейі - нормативтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілер сатысындағы өзінің заң күшіне қарай алатын орны; 5) Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң - Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен қабылданатын заң; 6) Конституциялық заң - Қазақстан Республикасы Конституциясында конституциялық деп аталған, Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен қабылданатын заң; 7) заң - қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлі принциптер мен нормаларды белгілейтін, Қазақстан Республикасының Парламенті, ал Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайтын нормативтік құқықтық акт; 8) заң актісі - Конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығы, Кодекс, Заң, Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулысы, Сенат пен Мәжілістің қаулылары; 9) кодекс - осы Заңның 3-1-бабында көзделген біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар біріктіріліп, жүйеге келтірілген заң; 10) заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер - заң актілері болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заң актілерінің негізінде және соларды орындау үшін шығарылған, өзге де нормативтік құқықтық актілер; 11) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, сондай-ақ сол органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәртебесін айқындайтын заңдарда белгіленген өз құзыретіне сәйкес нормативтік құқықтық актілер қабылдауға хақылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдары (Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, орталық атқарушы органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, өзге де мемлекеттік органдар); 12) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінiң эталондық бақылау банкi - олар туралы мәлiметтер Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлген нормативтiк құқықтық актiлердiң (өзгерістерi мен толықтыруларын қоса) қағазға басылған мәтiндерiнiң жиынтығы; 13) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінiң мемлекеттік тiзiлiмi - нормативтiк құқықтық актiлердiң реквизиттерiн және осы актiлер туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәлiметтердi қамтитын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілері мемлекеттік есебiнiң бiрыңғай жүйесi; 14) нормативтiк құқықтық актiнi ресми жариялау - нормативтiк құқықтық актiнiң толық мәтiнiн ресми және мерзiмдiк баспа басылымдарында жалпы жұрттың назарына салу үшiн жариялау; 15) нормативтік құқықтық актілердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау - Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестік сараптамасынан өткен нормативтік құқықтық актілерді баспа басылымында жариялау. 06.03.02 ж. № 298-II; 16.06.04 ж. № 566-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 2-бап өзгертілді 2-бап. Осы Заңның қолданылу саласы 1. Заң актілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен табыс ету, қабылдау, тіркеу, күшіне енгізу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру, оларды жариялау ерекшеліктері олардың деңгейіне сәйкес, нормативтік құқықтық актілер қабылдайтын мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін заң актілерімен, осы органдардың құқықтық мәртебесін айқындайтын актілермен, соның ішінде олар туралы ережелермен және олардың регламенттерімен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен айқындалады. 2. Осы Заң Қазақстан Республикасы Конституциясын қабылдау, өзгерту және оның қолданылуын тоқтату тәртібін реттемейді. 3. Осы Заңмен халықаралық шарттарды, оның ішінде құқықтық нормаларды қамтитын шарттарды дайындау, жасасу, орындау және күшін жою тәртібі реттелмейді. 4. Осы Заңда заңдарға сәйкес қабылданған, бірақ осы Заңның 1-бабының 1) тармақшасында келтірілген талаптарға сай келмейтін және құқықты іске асыру және құқық қолданушылық мәні бар нормативтік құқықтық актілерді, атап айтқанда: 1) мемлекеттік емес ұйымдардың, оның ішінде қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нормативтік актілерін; 2) уәкілетті орган болып табылмайтын мемлекеттік ұйымдардың нормативтік актілерін; 3) техникалық және технологиялық нормалар мен стандарттар қамтылған нормативтік актілерді әзірлеу, табыс ету, қабылдау, күшіне енгізу, қолдану, жариялау, өзгерту, толықтыру және олардың қолданылуын тоқтату тәртібі белгіленбейді. 06.03.02 ж. № 298-II; 16.06.04 ж. № 566-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 3-бап өзгертілді 3-бап. Нормативтік құқықтық актілердің негізгі және туынды түрлері 1. Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды актілер болып бөлінеді. 2. Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады: 1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар; 2) Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары; 3) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары; 4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары; 5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары; 6) Қазақстан Республикасының министрлері мен өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары; 7) орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары; 7-1) орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары; 8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері. 3. Нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлеріне мыналар жатады: 1) регламент - қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт; 2) ереже - қандай да бір мемлекеттік органның немесе оның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін нормативтік құқықтық акт; 3) қағида - қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт; 4) нұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей-тегжейлі көрсететін нормативтік құқықтық акт. 4. Туынды түрлердегі нормативтік құқықтық актілер негізгі түрлердегі нормативтік құқықтық актілер арқылы қабылданады немесе бекітіледі және олармен бір тұтастық құрайды. Туынды түрдегі нормативтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілер сатысында алатын орны негізгі түрдегі актінің деңгейімен анықталады. 5. Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, әкім уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілер шығаруға құқығы жоқ. 6. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдайтын жеке қолданылатын құқықтық актілер нормативтік құқықтық актілер болып табылмайды. 16.06.04 ж. № 566-II ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды 3-1-бап. Қазақстан Республикасының кодекстерімен реттелетін қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасының кодекстері: 1) бюджеттік; 2) азаматтық; 3) азаматтық іс жүргізу; 4) неке-отбасы; 5) экологиялық; 6) су; 7) жер; 8) орман; 9) салық; 10) кеден; 11) көлік; 12) еңбек; 13) қылмыстық жазаларды орындауға байланысты; 14) әкімшілік жауапкершілікке тартуға байланысты; 15) қылмыстық жауапкершілікке тартуға байланысты; 16) қылмыстық іс жүргізу сияқты біртектес қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында қабылданады. 17.10.01 ж. № 248-II; 06.03.02 ж. № 298-II; 16.06.04 ж. № 566-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 4-бап өзгертілді 4-бап. Нормативтік құқықтық актілер сатысы 1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күші бар. 2. Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтік құқықтық актілердің заң күшінің арақатынасы мынадай төмендей беретін деңгейлерге сәйкес болады: 1) Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Заңдар: 2) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлықтары; 2-1) Қазақстан Республикасының Кодекстері; 3) Қазақстан Республикасының Заңдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтары; 4) Қазақстан Республикасының Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары; 5) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары; 6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары; 7) Қазақстан Республикасының министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары; 7-1) орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары; 8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері. 3. Төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің әрқайсысы жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмеуге тиіс. 4. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары аталған сатыдан тыс тұрады. 5. Әкімшілік-аумақтық бөліністер мәслихаттарының нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдерінің нормативтік құқықтық шешімдерінің сатысы Қазақстан Республикасының Конституциясымен және жергілікті мемлекеттік басқару туралы заң актілерімен белгіленеді. 6. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары тек Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана негізделеді және барлық өзге нормативтік құқықтық актілер оларға қайшы келуге тиіс емес. 5-бап. Нормативтік құқықтық актілердің тікелей қолданылуы 1. Егер нормативтік құқықтық актілердің өздерінде немесе оларды күшіне енгізу туралы актілерде өзгеше айтылмаса, барлық нормативтік құқықтық актілер тікелей қолданылады. 2. Күшіне енген нормативтік құқықтық актілерді қолдану үшін қандай да болсын қосымша нұсқаулар талап етілмейді. 3. Егер нормативтік құқықтық актінің өзінде оның қандай да бір құқық нормасы қосымша нормативтік құқықтық акт негізінде қолданылатындығы көрсетілсе, онда бұл норма негізгі және қосымша нормативтік құқықтық актіге сәйкес қолданылады. Қосымша нормативтік құқықтық акт қабылданғанға дейін тиісті қатынастарды бұрын реттеп келген нормативтік құқықтық актілер қолданылады. ҚР 06.03.02 ж. № 298-II Заңымен 6-бап жаңа редакцияда 6-бап. Әр түрлі нормативтік құқықтық актілердің құқық нормаларының қайшылықтары 1. Әр түрлі деңгейдегі нормативтік актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары қолданылады. 2. Заңдар нормаларының Қазақстан Республикасы кодекстерінің нормаларымен алшақтығы болған жағдайларда олар кодекстерге тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін. 3. Бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде қолданысқа кейінірек енгізілген актінің нормалары қолданылады. 2-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауды жоспарлау 7-бап. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жоспарлары 1. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жоспарлары бір жылға жасалатын ағымдағы және неғұрлым ұзақ мерзімге жасалатын перспективалық жоспарлар болып бөлінеді. Перспективалық жоспарларда неғұрлым маңызды нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ дайындау уақыты бір жылдан астам мерзімге жоспарланатын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу көзделеді. 1) нормативтік құқықтық актінің деңгейін, нысаны мен реттеу мәнін бейнелейтін атауы; 2) дайындау мерзімдері; 3) жобаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар көрсетіледі. 3. Егер осы Заңда және басқа заңдарда өзгеше көзделмесе, нормативтік құқықтық актілерді дайындау жоспарларын тиісті актілерді қабылдауға құзыретті мемлекеттік органдар жасайды және бекітеді. 4. Нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындау жоспарларын жасаған кезде мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдардың, оның ішінде ғылыми ұйымдардың ұсыныстары, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың ұсыныстары ескеріледі. 5. Нормативтік құқықтық актілер жобасын дайындау жоспарларын жасайтын және бекітетін мемлекеттік органдар жоспарларға осы актілердің дайындалуын бейнелейтін басқа да көрсеткіштер енгізуі мүмкін. 8-бап. Қазақстан Республикасының Президенті шығаратын нормативтік құқықтық актілерді дайындауды жоспарлау Қазақстан Республикасының Президенті шығаратын нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындауды жоспарлаудың тәртібі мен нысандарын Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді. 9-бап. Қазақстан Республикасы Парламентінің заң актілерін дайындауды жоспарлау Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдайтын заң актілерінің жобаларын дайындауды жоспарлаудың тәртібі мен нысандарын Парламент пен оның палаталары Қазақстан Республикасының Конституциясы 61-бабының 3-тармағында белгіленген өз құзыретіне сәйкес айқындайды. 10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобасы жұмыстарын жоспарлау 1. Қазақстан Республикасы Үкіметі заң жобасы жұмыстарының перспективалық және жыл сайынғы жоспарларын жасайды. 2. Жоспарлардың жобаларын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әзірлейді. 3. Үкіметтің заң жобалаушылық жұмыстарының жоспары Қазақстан Республикасының Президентімен келісіледі. 11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілер дайындау жөніндегі тапсырмалары Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалаушылық жұмыстары жоспарына сәйкес жоспарда аталған мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жоспарда көзделген мерзімде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға тапсырма береді. 12-бап. Орталық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасының өзге орталық органдары құрамына кіретіндерінің де, кірмейтіндерінің де, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындауды жоспарлау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының Қазақстан Республикасы Үкіметі құрамына кіретіндерінің де, кірмейтіндерінің де, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындауды жобалаудың ерекшеліктерін осы органдардың әрқайсысы айқындайды. 3-тарау. Нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу және ресімдеу 13-бап. Нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлейтін мемлекеттік органдар 1. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, уәкілетті органдар өз бастамашылығымен немесе жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша әзірлейді. 2. Өзге де барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен адамдар нормативтік құқықтық актілер әзірлеу жөнінде ұсыныс жасауға немесе мұндай актілердің бастамашылық жобаларын уәкілетті органдардың қарауына беруге хақылы. Уәкілетті органдар оларды өздері әзірлейтін жобалар үшін негіз ретінде қабылдауы немесе олардың одан әрі әзірленуін және жобалардың қабылдануын жөнсіз деп тануы мүмкін. ҚР 06.03.02 ж. № 298-II; 2005.21.10. № 81-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 14-бап өзгертілді 14-бап. Нормативтік құқықтық акт жобасын әзірлеу тәртібі 1. Нормативтік құқықтық акт жобасын әзірлеуші уәкілетті орган жобаны дайындау жөніндегі жұмыс тобын құрады немесе оны дайындауды жұмыс тобының міндетін атқаратын өз бөлімшелерінің біріне тапсырады. Жобаны дайындауға жобаны дайындайтын органның заң бөлімшесінің қызметкерлерінің қатысуы міндетті. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының жұмысына кез келген сатыда қатысуға құқылы. 2. Заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулыларын, ал қажет болған жағдайда - басқа да уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындауға әр түрлі білім салаларының мамандары, ғылыми мекемелер мен ғылыми қызметкерлер, қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi тартылуы мүмкін. 3. Бір деңгейдегі уәкілетті органдардың заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін бірнеше уәкілетті орган әзірлеп, ал қажет болған жағдайда - қабылдауы мүмкін. Бірнеше уәкілетті органның заңға тәуелді нормативтік актілерін осы Заңда көзделген тәртіппен олар бірлесіп әзірлейді, олар уәкілетті органдардың басшылары қол қоятын бірлескен бұйрықтар немесе қаулылар түрінде қабылданады. Бірлескен нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлері (осы Заңның 3-бабының 3-тармағы) туында нормативтік құқықтық актіні қабылдаған уәкілетті органдардың негізгі нормативтік құқықтық актілері арқылы бекітіліп, онда туынды актіні қабылдауға арқау болған негізгі нормативтік актілер көрсетіледі. 4. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамашылығы тәртібімен дайындалатын заңдар жобаларының әзірлеушілері Парламент депутаттары болып табылады. Егер нормативтік құқықтық актілердің жалпыға міндетті маңызы болса, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты болса немесе кәсіпкерлік қызметті реттесе, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі олардың жобалары бойынша заң сараптамасын жүргізеді. 5. Егер заңдарда өзгеше белгіленбесе, уәкілетті орган нормативтік құқықтық акт жобасын дайындауды өзіне бағынысты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсыра алады немесе бөлінген бюджеттік және бюджеттен тыс қаражатты осы мақсаттарға пайдалана отырып, оны дайындаушы шарттық негізде мамандарға, ғылыми мекемелерге, жекелеген ғалымдарға немесе олардың ұжымдарына, соның ішінде шетелдіктерге тапсырыс бере алады. 6. Уәкілетті орган балама жобалар дайындауды бірнеше мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсыруға немесе оларды әзірлеуді шарттық негізде, оның ішінде конкурс бойынша бірнеше ғылыми ұйымдарға немесе ғалымдарға тапсыруға хақылы. 7. Егер Қазақстан Республикасы заң актісінің, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық Жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулысының әзірленіп жатқан жобасы нормаларының қолданылуын қамтамасыз ету үшін басқа нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болса, негізгі актінің жобасымен бір мезгілде актілердің өзгерістері мен толықтырулары көрсетілген жобалары дайындалуға немесе тиісті органдарға осындай актілер дайындау туралы тапсырма берілуге тиіс. 15-бап. Нормативтік құқықтық актінің жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісу 1. Нормативтік құқықтық актінің дайындалған жобасы, ал қажет болған жағдайда - оны дамыту үшін қабылданатын басқа да нормативтік құқықтық актінің жобасы мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісуге жіберіледі. 2. Нормативтік құқықтық актілердің жобалары міндетті түрде келісілуге тиісті мемлекеттік органдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді, бұған Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобалары және Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары заң шығару бастамашылығы тәртібімен енгізетін заң актілерінің жобалары қосылмайды. 3. Нормативтік құқықтық актінің жобасы келісуге жіберілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар, егер уәкілетті орган өзге бір, неғұрлым қысқа мерзім белгілемесе, оны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жоба бойынша өз ескертпелері мен ұсыныстарын дайындауға немесе олардың жоқтығы туралы жобаны әзірлеген органға хабарлауға тиіс. 4. Алынған ескертпелер бойынша жобаны қажет болған жағдайда оны әзірлеген орган пысықтайды, ал жұмыс тобы қабылданған және қабылданбаған ескертпелер, ескертпелердің қабылданбау себептері туралы анықтама жазады. Бұл анықтама нормативтік құқықтық акт жобасымен бірге жұмыс тобын құрған мемлекеттік органға беріледі. |