|
|
|
Жосықсыз бәсеке туралы Қазақстан Республикасының (2006.31.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 7 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР 15.12.00 ж. № 125-II Заңымен тақырыбы және мәтініндегі сөздер ауыстырылды Осы Заң жосықсыз бәсеке деп танылатын iс-әрекеттердi айқындайды, жосықсыз бәсекенi болғызбаудың және оның зардаптарын жоюдың тетiгiн, сондай-ақ жосықсыз бәсеке iс-әрекеттерi үшiн жауапкершiлiктi белгiлейдi. ҚР 15.12.00 ж. № 125-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 1-бап өзгертілді 1-бап. Негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: беделiн түсiру - бәсекелесiне деген сенiмдi жоюға, оның беделiне, оның тауарларының, жұмыстары мен көрсететiн қызметтерiнiң беделiне нұқсан келтiруге, абыройын түсiруге бағытталып қасақана жасалған iс-әрекет; бәсекелес (рынокта) - қызмет көлемiнiң өзгеруi нарықтық қатынастардың басқа субъектiсiнiң рыноктық үлесiнiң кемуiне немесе өсуiне әкеп соғатын нарықтық қатынастар субъектiсi: контрафактық өнiм - нарықтық қатынастардың жекелеген субъектiлерiнiң жосықсыз бәсеке және тұтынушыларды адасушылыққа салу мақсатында шығарған өнiмi; жосықсыз бәсеке - заңды тұлғаның және (немесе) жеке адамның, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының бәсекенi жою немесе шектеу арқылы кәсiпкерлiк қызметте негiзсiз артықшылықтар алуға бағытталған кез келген iс-әрекетi (әрекетсiздiгi); келісім - тараптардың бәсекенi шектеуге немесе жоюға, кәсiпкерлiк қызметте негiзсiз артықшылықтар алуға бағытталған (тiк, көлбеу немесе аралас) кез келген шарттық қатынасы; нарықтық қатынастардың субъектiсi - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын және тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет айналымына қатысушы болатын заңды немесе жеке тұлға; монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы орган бәсекеге жәрдемдесу мен оны дамыту және терiс пиғылды бәсекенiң алдын алу, оны шектеу және тыю жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн орган. 2-бап. Жосықсыз бәсеке туралы заңдар 1. Жосықсыз бәсеке туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң, осы Заңның нормаларынан және Қазақстан Республикасының соларға сәйкес шығарылатын өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта жосықсыз бәсеке туралы заңдарда барынан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. ҚР 15.12.00 ж. № 125-II Заңымен 3-бап жаңа редакцияда 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Осы Заң Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, мемлекеттік органдары мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына, сондай-ақ iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының тауар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) рыноктарында еркiн бәсекенi шектейтiн және жоятын шетелдiк жеке және заңды тұлғаларға, азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. ҚР 15.12.00 ж. № 125-II Заңымен 4-бап толықтырылды 4-бап. Бәсекенi шектеуге немесе жоюға жол берiлмеуi 1. Басқа кәсiпкерлердiң еркiн бәсекеге құқықтарын бұзу арқылы бәсекенi шектеуге немесе жоюға бағытталған, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзатын кез келген қызметке жол берiлмейдi. 2. Мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, нарықтық қатынастардың жекелеген субъектiлерiнiң немесе олардың топтарының қызметi үшiн қолайлы немесе кемсiтетiн жағдайлар жасауға, бәсекенi жоюға немесе шектеуге, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерiн бұзуға бағытталған нормативтiк құқықтық және өзге де актiлер қабылдауына және (немесе) iс-әрекеттер жасауына тыйым салынады. 3. Нарықтық қатынастар субъектiлерiне бәсекенi жоюға немесе шектеуге, сондай-ақ ұқсас қызмет түрлерiмен айналысатын нарықтық қатынастар субъектiлерiнiң қызметiне кемсiтушiлiк жағдайлар туғызуға бағытталған iс-әрекеттер жасауға тыйым салынады. ҚР 15.12.00 ж. № 125-II Заңымен 5-бап өзгертілді 5-бап. Жосықсыз бәсеке түрлерi Жосықсыз бәсеке түрлерi мыналар: 1) кәсiпкердiң фирмалық атауын, тауар таңбасын, қызмет көрсету белгiсiн және (немесе) өзге де коммерциялық белгiлеуiн тауар өндiрушi (жұмыс орындаушы, қызмет көрсетушi) немесе оларды сатушы жөнiнде тұтынушыларды жаңылыстыратын немесе жаңылыстыруы мүмкiн заңсыз пайдалану; 2) бәсекелесi тауарының сыртқы безендiрiлуiн, оның фирмалық атауын, тауарының таңбалануын, тауар таңбаларын, басқа да коммерциялық белгiленуiн, сондай-ақ жарнамалық материалдарын, фирмалық буып-түйiлуiн, нысанын және тауардың өзге де сыртқы безендiрiлуiн тауар өндiрушi (жұмыс орындаушы, қызмет көрсетушi) жөнiнде тұтынушыны жаңылыстыруы мүмкiн етiп тiкелей қайта жасау арқылы көшiрiп алу; 3) тауарлар (жұмыс, көрсетiлген қызмет) жөнiнде, соның iшiнде тауарлардың (жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң) шығу тегi, дайындаушысы, сатушысы, сондай-ақ сапасы, тұтыну қасиеттерi, мақсаты, дайындалған әдiсi мен жерi туралы көрiнеу жалған мәлiметтер мен пiкiрлердi және бәсекелесiнiң тауарларына (жұмысына, көрсеткен қызметiне) кiр келтiретiн, оның абыройы мен беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтердi тарату; 4) бәсекелесi жоқ сатушының сатып алушыға өзiнiң сипаты немесе коммерциялық мақсаты бойынша шарт нысанасына жатпайтын қосымша сату жағдайларын тануы; 5) басқа бәсекелестiң тауарларымен (жұмысымен, көрсететiн қызметiмен) немесе қызметiмен әдепке жатпайтын салыстырмасы бар жарнама және өзге де ақпарат тарату; 6) жарнамалық ақпаратта тауарлардың (жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң) шын қасиеттерi, сапасы және бағалары туралы мәлiметтердi қасақана бұрмалау немесе жасыру; 7) бәсекелестер арасындағы баға, рыноктарды бөлiсу, басқа кәсiпкерлердi шеттету туралы және бәсекенi жоюға немесе едәуiр шектеуге бағытталған өзге де қызмет жағдайлары туралы кез келген келісімдердi жасасу мен орындау; 8) нарықтық қатынастар субъектiлерiнiң бәсекенi едәуiр шектеуге немесе жоюға әкеп соғатын көлденеңiнен қосылуы; 9) ғылыми-техникалық, өндiрiстiк ақпарат пен коммерциялық және қызметтiк құпия болып табылатын өзге де ақпаратты оның иесiнiң келісімiнсiз алу, пайдалану немесе жария ету; 9-1) демпингтiк бағаларды пайдалану арқылы бәсекеде артықшылыққа қол жеткiзу; 10) бәсекенi жоюға немесе шектеуге, негiзсiз артықшылықтар беруге және (немесе) алуға әкеп соғатын өзге де iс-әрекеттер. 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды 5-1-бап. Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасының сақталуына тексеру жүргізу 1. Нарық субъектілерінің, мемлекеттік органдардың (бұдан әрі - тексерілетін субъектілер) Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасын сақтауы монополияға қарсы орган жүргізетін тексерудің нысанасы болып табылады. 2. Монополияға қарсы орган жүзеге асыратын тексеру жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінуі мүмкін. Жоспарлы тексерулер тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасын сақтауына байланысты мәселелердің барлық кешенін қамтиды және жылына бір реттен жиі жүргізілмейді. Жоспарлы тексерулер тексерілетін субъектінің орналасқан жері бойынша немесе оның құрылымдық бөлімшесінің орналасқан жері бойынша жүргізілуі мүмкін. Монополияға қарсы органның басшысы жыл сайын бекітетін органның жұмыс жоспары жоспарлы тексеру жүргізуге негіз болып табылады. Жоспарда тексеру жүргізілуі мүмкін субъектілердің тізбесі және тексеру жүргізілетін кезең қамтылуға тиіс. Жоспардан тыс тексеру - монополияға қарсы органның жоспарында көзделмеген тексеру және Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасының бұзылуы туралы монополияға қарсы органға келіп түскен не жеке анықталған ақпаратты растау үшін жүргізіледі. 3. Жоспардан тыс тексеру жүргізуге мыналар негіз болып табылады: жеке және заңды тұлғалардың жосықсыз бәсекенің нәтижесінде өздерінің құқықтары бұзылғандығы туралы өтініші; Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасының бұзылуы туралы басқа да мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар; монополияға қарсы органның тауар нарығын талдау, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары және өзге де мәліметтер негізіндегі жеке бастамасы; монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасының бұзылуы мәселелері бойынша зерттеу жүргізуінің нәтижесі. 4. Тексеру жүргізу үшін монополияға қарсы орган монополияға қарсы органның басшысы қол қойған, мөрмен куәландырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық есептілікті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын уәкілетті органда тіркелген қатаң есептілік бланкісіндегі нұсқаманы қабылдап, тексеруді тағайындау туралы бұйрық шығарады және тексеру жүргізу бағдарламасын бекітеді. Тексеру жүргізу туралы нұсқама екі данада жасалып, олар тіркеу үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық есептілікті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын уәкілетті органға табыс етіледі. Тіркеу туралы белгісі бар бір данасы істің материалдарына тіркеледі. Нұсқаманың құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық есептілікті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын уәкілетті органда тіркелгені туралы белгісі бар көшірмесі, сондай-ақ тексеру бағдарламасы тексеру жүргізілетін күні тексерілетін субъектінің басшысына тапсырылады. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық есептілікті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын уәкілетті органда тіркелгені туралы белгісі жоқ тексерілетін субъектіге тапсырылатын тексеру жүргізілгені туралы нұсқаманың көшірмесі жарамсыз болып табылады. Тексеру тағайындау туралы нұсқамада көрсетілген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру жүргізе алады. 5. Тексеру жүргізудің бағдарламасы мен мерзімдерi тексеру жүргізудің мерзімдерін; тексеру жүргізудің негізгі міндеттері мен мақсаттарын, оларды іске асырудың рәсімін; тексеру барысында анықталуға тиісті мәселелердің тізбесі мен мән-жайлардың ауқымын; тексеру жүргізу кестесін; тексерілетін субъектінің ерекшелігіне сәйкес өзге де ақпаратты қамтуға тиіс. 6. Тексеру жүргізудің мерзімі алда тұрған жұмыстардың ауқымы мен қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және ол тексеру жүргізу туралы нұсқаманы құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық есептілікті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын уәкілетті органда тіркеген кезден бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс. Тексерілетін субъект қызметінің ерекшеліктеріне және тексеру жұмысының ауқымдылығына байланысты тексеру заңда белгіленген мерзімде аяқталмайтын жағдайларда, монополияға қарсы органның тексеру жүргізуге жауапты лауазымды адамы монополияға қарсы органның басшысына жасалған жұмыстың нәтижелері жазылған қызметтік жазбаны және тексеруді ұзарту қажеттігі туралы негіздемені ұсынады. Монополияға қарсы органның басшысы тексеру жүргізудің мерзімін ұзарту туралы бұйрық шығаруға құқылы. Монополияға қарсы органның басшысы тексеру жүргізу туралы нұсқамаға және тексеру бағдарламасына тексеруді ұзарту туралы белгі қояды. Тексеру жүргізу мерзімін ұзарту күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс. Тексеру жүргізу мерзімін ұзарту туралы бұйрықтың көшірмесі тіркелген күні тексерілетін субъектінің басшысына тапсырылады. Тексеру нәтижелері туралы анықтаманы тексерілетін субъектіге тапсырған күн тексеру жүргізудің мерзімі аяқталған күн деп есептеледі, бірақ ол тексеру жүргізу туралы нұсқамада көрсетілген тексеруді аяқтау мерзімінен кешіктірілмеуге тиіс. 7. Монополияға қарсы органның лауазымды адамының тексеру жүргізген кезде: 1) тексерілетін субъектінің аумағына және үй-жайына кедергісіз кіруге; 2) тексеру нысанына сәйкес тексерілетін субъектінің автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйесіне) қол жеткізуге; 3) тексерілетін субъектінің басшыларынан, лауазымды адамдарынан және басқа да қызметкерлерінен тексеруге қатысты қажетті ақпаратты, құжаттар мен олардың көшірмелерін, тексеру барысында туындайтын мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түрде түсініктемелерді сұратуға және алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтарға куә адамдар болған жағдайда олардан ауызша және жазбаша түрде түсініктемелер алуға құқығы бар. Тексерілетін субъектінің басшысы және лауазымды адамдары тексеру жүргізуге жауапты монополияға қарсы органның лауазымды адамының ауызша сауалы бойынша ақпаратты, құжаттарды немесе олардың көшірмелерін беруден бас тартқан жағдайда, оған тиісінше жазбаша сауал табыс етіледі. Жазбаша сауалды тексерілетін субъектінің басшысына тапсыру мүмкін болмаған жағдайда, ол тексерілетін субъекті басшысының атына жеткізілгені туралы хабардар ететін тапсырыс хатпен почта байланысы арқылы жіберіледі. 8. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақпаратты басқа мемлекеттік органға беру жағдайларын қоспағанда, тексеру барысында монополияға қарсы орган алған тексерілетін субъект туралы кез келген ақпарат таратылуға жатпайды. 9. Тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасының бұзылғандығы анықталған жағдайда монополияға қарсы органның лауазымды адамы осы Заңға және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес тексерілетін субъектіге қатысты тиісті тексеру аяқталғанға дейін шаралар қолдануға құқылы. 10. Тексеру нәтижелері анықтамамен рәсімделеді, онда барлық тексерілетін мәселелер бойынша талдау, тұжырымдар мен ұсыныстар жазылуға тиіс және ол екі данада жасалып, оның біреуі тексерілетін субъектінің басшысына тапсырылады. Тексеру нәтижелері тексерілген деректер мен фактілердің негізінде анықтамаға жазылады, олар тиісті құжаттармен расталады. Құжаттармен расталмаған тұжырымдарды, ұсыныстар мен деректерді анықтамаға енгізуге жол берілмейді. Тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасы бұзылмаған жағдайда анықтамаға тиісінше жазба жасалады. Тексеру нәтижелері бойынша ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда тексерілетін субъектінің басшысы оларды жазбаша түрде жазып көрсетеді. Ескертпелер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргізудің нәтижелері туралы анықтамаға қоса беріледі, ол туралы тиісінше белгі соғылады. Тексерілетін субъектінің басшысы тексерудің нәтижелері туралы анықтамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, монополияға қарсы органның тексеру жүргізуге жауапты лауазымды адамы анықтамаға тиісті жазба жасайды. Тексеру жүргізу аяқталғаннан кейін монополияға қарсы органның тексеру жүргізуге жауапты лауазымды адамы анықтаманың екінші данасын тексерілетін субъектінің басшысына тапсырады. Анықтаманы тексерілетін субъектінің басшысына тапсыру мүмкін болмаған жағдайда, анықтама тексерілетін субъектінің басшының атына почта арқылы тапсырылғандығы хабарланатын тапсырыс хатпен жіберіледі. 11. Тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, тексерілетін субъекті монополияға қарсы органның әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы. 12. Монополияға қарсы органның лауазымды адамының тексеру жүргізу кезіндегі заңсыз әрекеті (әрекетсіздігі) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. ҚР 15.12.00 ж. № 125-II Заңымен 6-бап жаңа редакцияда 6-бап. Осы заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк 1. Осы Заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк мынадай негiздер бойынша: 1) уәкiлеттi органның осы Заңның талаптарына сәйкес берiлген нұсқамаларын орындаудан жалтарғаны үшiн; 2) уәкiлеттi органға құжаттарды, анықтама материалдарды және басқа ақпаратты, сондай-ақ жазбаша түсiнiктемелердi бермегенi немесе көрiнеу қате немесе жалған мәлiметтердi бергенi үшiн. Анықтама материалдарды және басқа ақпаратты беру мерзiмiн уәкiлеттi орган белгiлейдi және ол 15 күннен аспауға тиiс; 3) осы Заңның 5-бабында көзделген iс-әрекеттердi (әрекетсiздiктi) жасағаны үшiн; 4) мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары лауазымды адамдарының бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға жағдай жасайтын iс-әрекеттердi жасағаны үшiн айыппұл түрiнде туындайды. 2. Осы Заңды бұзған жағдайда нарықтық қатынастардың субъектiлерi, мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзiн басқару органдары және олардың лауазымды адамдары: 1) уәкiлеттi органның нұсқамаларына сәйкес жосықсыз бәсеке фактiсi бойынша тәртiп бұзушылықты тоқтатуға, бәсекенi жоюға немесе шектеуге бағытталған келісімдi (келісілген iс-әрекеттердi) бұзуға немесе өзгертуге және нұсқамада көзделген өзге де iс-әрекеттердi орындауға; 2) жосықсыз бәсеке салдарынан келтiрiлген залалды (зиянды) заңдарда белгiленген тәртiппен өтеуге; 3) жосықсыз бәсеке нәтижесiнде алынған табысты және заң актілерінде белгiленген тәртiппен айыппұлды мемлекеттік бюджетке аударуға мiндеттi. Жосықсыз бәсеке нәтижесiнде алынған табысты аудару мүмкiн болмаған жағдайда, құқыққа қарсы iс-әрекет кезеңiнде алынған, бiрақ осындай iс-әрекеттер анықталған жыл алдындағы соңғы есептiк жылдағыдан аспайтындай табыс мемлекеттік бюджетке алып қойылады. ҚР 15.12.00 ж. № 125-II Заңымен ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 7-бап өзгертілді 7-бап. Монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы органның құзыретi 1. 2004.20.12 № 13-III Заңымен алып тасталды 2. Монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы орган: 1) шекарасы бiр облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегiнен шығатын белгілi бiр тауар рыноктарындағы жосықсыз бәсеке туралы iстердi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдану туралы шешiмдер қабылдауға, кiнәлi тұлғаларға бәсекенi шектейтiн немесе жоятын iс әрекеттердi тоқтату туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар жiберуге; 2) жосықсыз бәсекенi тоқтату және оның салдарларын жою туралы, сондай-ақ жосықсыз бәсеке нәтижесiнде алынған кiрiстi бюджетке аудару туралы рынок субъектiлерiнiң орындауы мiндеттi шешiмдер қабылдауға; 3) заңды және жеке тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан, олардың лауазымды адамдарынан жосықсыз бәсеке фактілерін қарау үшiн қажеттi ақпарат, оның iшiнде жазбаша және ауызша түсiнiктемелер сұратуға және алуға; 4) мемлекеттік органдарға бәсекенi шектейтiн немесе жоятын заңсыз актiлердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар енгiзуге; 5) жосықсыз бәсекенiң жолын кесу және оның салдарларын жою туралы, жосықсыз бәсекенi жүзеге асыру кезеңiнде алынған кiрiстi республикалық бюджетке алып қою туралы, жосықсыз бәсекенi жүзеге асыру кезеңiнде жеке кәсiпкерге немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ тұтынушыларға келтiрiлген залалды өндiрiп алу туралы, өнiмдi контрафактiлiк деп тану туралы талап қойып, сотқа жүгiнуге; 6) жосықсыз бәсеке фактілері жөніндегі қылмыстардың белгiлерi бойынша қылмыстық iс қозғау туралы материалдарды құқық қорғау органдарына жiберуге; 7) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органынан қажеттi ақпаратты сұратуға және оның ұсынылатын мерзiмiн белгiлеуге құқылы. 3. Осы Заңды бұзушылықты жою туралы нарықтық қатынастар субъектiлерiне, мемлекеттік органдарға және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына енгiзiлген нұсқамалар, егер мұндай нұсқамаларға заң актілерінде белгiленген тәртiппен шағым берiлмеген болса, орындау үшiн мiндеттi болып табылады. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 7-1-бап. Монополияға қарсы саясат саласындағы облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органның құзыретi Монополияға қарсы саясат саласындағы облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы орган: 1) осы бапта аталғандарды қоспағанда, шекарасы бiр облыстан (республикалық маңызы бар қаладан, астанадан) аспайтын белгiлi бiр тауар рыноктарындағы жосықсыз бәсеке туралы iстердi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен қарауға және өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк жазалар қолдану туралы шешiмдер қабылдауға, кiнәлi тұлғаларға бәсекенi шектейтiн немесе жоятын iс-әрекеттердi тоқтату туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар жiберуге; 2) жосықсыз бәсекенi тоқтату және оның салдарларын жою туралы, сондай-ақ жосықсыз бәсеке нәтижесiнде алынған кiрiстi жергiлiктi бюджетке аудару туралы рынок субъектiлерiнiң орындауы мiндеттi шешiмдер қабылдауға; 3) заңды және жеке тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан, олардың лауазымды адамдарынан жосықсыз бәсеке фактілерін қарауға қажеттi ақпарат, оның iшiнде жазбаша және ауызша түсiнiктемелер сұратуға және алуға; 4) мемлекеттік органдарға бәсекенi шектейтiн немесе жоятын заңсыз актiлердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар енгiзуге; 5) жосықсыз бәсекенiң жолын кесу және оның салдарларын жою туралы, жосықсыз бәсекенi жүзеге асыру кезеңiнде алынған кiрiстi жергiлiктi бюджетке алып қою туралы, жосықсыз бәсекенi жүзеге асыру кезеңiнде жеке кәсiпкерге немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ тұтынушыларға келтiрiлген залалды өндiрiп алу туралы, өнiмдi контрафактiлiк деп тану туралы талап қойып, сотқа жүгiнуге; 6) жосықсыз бәсеке фактілері жөніндегі қылмыстардың белгiлерi бойынша қылмыстық iс қозғау туралы материалдарды құқық қорғау органдарына жiберуге құқылы. 8-бап. Заңсыз алынған табысты алып қою және жосықсыз бәсеке келтiрген зиянды өтеу 1. Жосықсыз бәсеке салдарынан заңды немесе жеке тұлғаға, сондай-ақ тұтынушыларға келтiрiлген зиян заңдарда белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс. Терiс пиғылды бәсеке салдарынан нарықтық қатынастар субъектiсi алған кiрiс сот шешiмi бойынша мемлекеттік бюджетке алынып қойылуға тиiс. 2. Заңды бәсекенi шектеуге немесе жоюға бағытталған iс-әрекеттердi жүзеге асырғандық үшiн заң актілерінде белгiленген тәртiп пен мөлшерде айыппұл салынады. 9-бап. Уәкiлеттi органның шешiмдерiне, нұсқамалары мен қаулыларына шағым беру тәртібі Заңды тұлға немесе жеке кәсiпкерлер, мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, сондай-ақ өзге де мүдделi тұлғалар уәкiлеттi органның шешiмдерiн, нұсқамалары мен қаулыларын толық немесе iшiнара жарамсыз деп тану туралы немесе әкiмшiлiк жаза қолдану жөніндегі шешiмдердi өзгерту туралы сотқа жүгiнуге құқылы. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |