|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 596 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Білім беру қызметін лицензиялаудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 596 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 20, 219-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру қызметін лицензиялаудың ережесінде: бірінші абзац «Кәсіптік» деген сөздің алдынан «Бакалавр академиялық дәрежесін тағайындай отырып,» деген сөздермен толықтырылсын; 1) тармақшада: үшінші абзацтағы «қолданбалы сипаттағы» деген сөздер алынып тасталсын; бесінші абзацтағы «40» деген сандар «45» деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын: «оқу процесінде инновациялық ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану;»; тоғызыншы абзац «100 басылымнан келуі;» деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын: «Бұл ретте кітапхана қоры соңғы 5 жылдағы әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі пәндер бойынша; соңғы 10 жылдағы табиғи, техникалық, ауыл шаруашылығы және басқа да пәндер бойынша негізгі оқу әдебиеті басылымдарын қамтуға тиіс.»; мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын: «білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті және қазіргі заман талаптарына жауап беретін оқу-зертханалық жабдықпен жарақтандырылуы;»; 2) тармақшада: үшінші абзацтағы «, әсіресе, ғылым немесе мәдениет салаларының біреуінде» деген сөздер алынып тасталсын; бесінші абзацтағы «50» деген сандар «55» деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын: «оқу процесінде инновациялық ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану;»; тоғызыншы абзац «120 басылымнан келуі;» деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын: «Бұл ретте кітапхана қоры соңғы 5 жылдағы әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі пәндер бойынша; соңғы 10 жылдағы табиғи, техникалық, ауыл шаруашылығы және басқа да пәндер бойынша негізгі оқу әдебиеті басылымдарын қамтуға тиіс.»; мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын: «білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті және қазіргі заман талаптарына жауап беретін оқу-зертханалық жабдықпен жарақтандырылуы;»; 3) тармақшада: бесінші абзацтағы «60» деген сандар «65» деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын: «оқу процесінде инновациялық ақпараттық және білім беру төхнологияларын пайдалану;»; тоғызыншы абзац «140 басылымнан келуі;» деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын: «Бұл ретте кітапхана қоры соңғы 5 жылдағы әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі пәндер бойынша; соңғы 10 жылдағы табиғи, техникалық, ауыл шаруашылығы және басқа да пәндер бойынша негізгі оқу әдебиеті басылымдарын қамтуға тиіс.»; мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын: «білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті және қазіргі заман талаптарына жауап беретін оқу-зертханалық жабдықпен жарақтандырылуы;»; 23-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «23-1. Магистр академиялық дәрежесін тағайындай отырып, жоғары кәсіптік білім және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беретін университеттердің, академиялардың қызметіне қойылатын біліктілік талаптары: 1) университеттер үшін 12 және одан да көп мамандық бойынша, академиялар үшін 3 және одан да көп мамандық бойынша жоғары кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру; 2) тиісті мамандықтар бойынша бакалавриат бағдарламаларын жүзеге асыру; 3) магистрлерді даярлау бейінінің білім беру ұйымдары ғылыми зерттеулерінің тақырыбына сәйкес келуі; 4) тиісті даярлау бағыттары бойынша жетекші деп танылған ғылыми, ғылыми-білім беру, өндірістік және ғылыми-өндірістік орталықтармен ынтымақтастық туралы келісімнің болуы; 5) әрбір даярлық бейіні бойынша ғылым докторының болуы; 6) олардың жалпы санындағы штаттағы оқытушылардың үлесі, оның ішінде әрбір даярлық бейіні бойынша да университеттер үшін кемінде 65 пайыз; академиялар үшін кемінде 55 пайыз; 7) штаттағы оқытушылар санындағы ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы бар оқытушылардың үлесі, оның ішінде әрбір даярлық бейіні бойынша да университеттер үшін кемінде 45 пайыз; академиялар үшін кемінде 40 пайыз; 8) аталған ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін, тиісті бейіндегі ғылыми дәрежесі, кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс стажы, отандық және шетелдік журналдарда, халықаралық конференциялар еңбектерінде ғылыми жарияланымдары, магистрлік даярлау бейіні бойынша оқу және оқу-әдістемелік құралдары бар жетекші мамандар, штаттағы оқытушылар магистранттарға ғылыми жетекшілікті жүзеге асыруға тиіс; 9) оқу процесінде инновациялық ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану; 10) білім алушылар контингентін және оқу құнын негізге ала отырып айқындалатын, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша айқындалатын мөлшерден кем емес, білім алу үшін жағдайларды қамтамасыз ететін меншікті, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы материалдық-қаржылық активтерінің болуы; 11) магистранттың бір жылғы оқуына жоспарланған ең аз шығыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту жөніндегі қаулысында көзделген шығыстар деңгейіне сәйкес болуға тиіс; 12) толық оқу цикліне магистранттардың келтірілген контингентіне шаққанда бір білім алушыға кемінде 140 бірлік басылымнан келетін мамандандырылған оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер қорының болуы. Бұл ретте кітапхана қоры соңғы 5 жылдағы әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі пәндер бойынша; соңғы 10 жылдағы табиғи, техникалық, ауыл шаруашылығы және басқа да пәндер бойынша негізгі оқу әдебиеті басылымдарын қамтуға тиіс. Электронды және магнитті тасығыштардағы оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз етілуі мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердің кемінде 20 пайызы; 13) оқу сабақтарының ауысымдылығын ескере отырып, меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы дәрісханалық және зертханалық базалардың, оқу кабинеттерінің, шеберханалар мен басқа да үй-жайлардың күндізгі нысанда оқитын бір білім алушыға келетін жалпы алаңының қолданыстағы санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келуі және мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету мүмкіндігі; 14) білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті және қазіргі заман талаптарына жауап беретін оқу-зертханалық жабдықпен жарақтандырылуы; 15) практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы (шарттарда білім беру ұйымының, практикадан өткізу базалары болып табылатын ұйымдардың және білім алушылардың міндеттері айқындалуы тиіс); 16) білім алушыларға медициналық қызмет көрсету мен оларды тамақтандыру орындарының болуы.»; мынадай мазмұндағы 23-4-тармақпен толықтырылсын: «23-4. Діни оқу орындарының қызметтеріне қойылатын біліктілік талаптары: 1) даярлық бейіні бойынша жоғары діни білімі бар және діни бірлестіктер қоятын талаптарға сәйкес келетін штаттағы оқытушылардың болуы; 2) толық оқу цикліне білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға саны кемінде 50 бірлік басылымнан келетін оқу және оқу-әдістемелік әдебиет қорының болуы; 3) білім беру процесін ұйымдастыру үшін қажетті меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы, санитарлық нормалар мен ережелердің талаптарына сәйкес келетін оқу-материалдық базасының болуы; 4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсету мен оларды тамақтандыру орындарының болуы; 5) аталған діни білім беру мекемесін лицензиялау орындылығының негіздемесі бар тиісті діни конфессия қолдаухатының және Қазақстан Республикасының аумағында діни конфессияны тіркеу туралы куәлігінің көшірмесінің болуы; 6) діни конфессия басшылығы бекіткен даярлық бейіні бойынша білім беру бағдарламаларының (оқу жоспарларының) болуы; 7) мәлімделген діни білім беру бағдарламаларына Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитеті қорытындысының болуы.»; 24-тармақтың 1) және 2) тармақшаларында екінші абзац «жұмыс істейтін» деген сөздерден кейін «, кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс стажы, отандық және шетелдік журналдарда, халықаралық конференциялар еңбектерінде даярлық бейіні бойынша ғылыми жарияланымдары, оқу және оқу-әдістемелік құралдары бар» деген сөздермен толықтырылсын; 26-тармақтың 1) тармақшасындағы «болмауының анықталуы» деген сөздер «сәйкес келмеуі» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |