Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы
Осы редакция 2006 ж. 11 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бөлiм. Жалпы ережелер (1 - 5 баптар) 2-бөлiм. Сот жүйесі (6 - 22 баптар) 1-тарау. Аудандық және оларға теңестірілген соттар (6 - 9 баптар) 2-тарау. Облыстық және оларға теңестірілген соттар (10 - 16 баптар) 3-тарау. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты (17 - 22 баптар) 3-бөлiм. Судьялар мәртебесі (23 - 55 баптар) 1-тарау. Судьялардың құқықтық жағдайы (23 - 38 баптар) 2-тарау. Судьялардың тәртіптік жауапкершілігі (39 - 46 баптар) 3-тарау. Судьяларды материалдық қамтамасыз ету және (47 - 55 баптар) әлеуметтік қамсыздандыру 4-бөлiм. Соттардың қызметін қамтамасыз ету (56 - 57 баптар) 5-бөлiм. Қорытынды және өтпелі ережелер (58 - 59 баптар) 1-бап. Сот билiгi 1. Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi. Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актілерін шығаруға тыйым салады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ. Сот iсiн қарау тәртібімен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды. 2. Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi. Әркiмге мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiледi. Ешкiмдi де оның iсiн заңның барлық талаптары мен әдiлеттiлiктi сақтай отырып құзыреттi, тәуелсiз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды. Сот билiгi азаматтық, қылмыстық және заңда белгiленген өзге де сот iсiн жүргiзу нысандары арқылы жүзеге асырылады. 3. Судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесi мен тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн заңдарды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейдi. Сот төрелiгiн iске асыруда сот қызметiне қандай да бiр араласуға жол берiлмейдi және заң бойынша жауапкершiлiкке әкеп соғады. Нақты iстер бойынша судьялар есеп бермейдi. Сот шешiмдерi мен судьялардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезіндегі талаптарын барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi. Сот шешiмдерi мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады. 2-бап. Мемлекеттік билiктiң нышандары 1. Соттар ғимараттарына және сот отырысы залдарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы орнатылады және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының бейнесi қойылады. 2. Судьялар сот төрелiгiн судья мантиясын киiп жүзеге асырады, оның нысаны мен сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. 1. Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергiлiктi соттар құрайды. Қандай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берiлмейдi. 2. Жергiлiктi соттарға мыналар жатады: 1) облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот - Қазақстан Республикасы Әскерлерiнiң Әскери соты және басқалар); 2) аудандық және оларға теңестiрiлген соттар (қалалық, ауданаралық, мамандандырылған сот - гарнизонның әскери соты және басқалар). 3. Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкiмшiлiк, кәмелетке толмағандардың iстерi жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін. 4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергiлiктi соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен өзiнiң атауы бейнеленген мөрi болады. Қазақстан Республикасы сот жүйесiнiң бiрлiгi: 1) Конституцияда, осы Конституциялық заңда, iс жүргiзу және өзге де заңдарда белгiленген, барлық соттар мен судьялар үшiн ортақ және бiрыңғай сот төрелiгi принциптерiмен; 2) сот билiгiн барлық соттар үшiн сот iсiн жүргiзудiң заңдарда белгiленген бiрыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен; 3) Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты қолдануымен; 4) заңдарда судьялардың бiрыңғай мәртебесiн баянды етумен; 5) заңды күшiне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында орындаудың мiндеттiлiгiмен; 6) барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебiнен қаржыландырумен қамтамасыз етiледi. 5-бап. Қазақстан Республикасындағы соттар қызметiнiң тәртібін және судьялардың мәртебесiн белгiлейтiн заңдар Қазақстан Республикасындағы сот құрылысы мен судьялар мәртебесi, сондай-ақ сот төрелiгiн iске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және басқа да заң актілерімен белгiленедi. 1-тарау. АУДАНДЫҚ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ТЕҢЕСТIРIЛГЕН СОТТАР 6-бап. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды құру 1. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi - аудандық соттар) уәкiлеттi органның Жоғарғы Сот Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Қазақстан Республикасының Президентi бiрнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде бiр аудандық сот немесе бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бiрнеше аудандық сот құруы мүмкін. 2. Аудандық соттар үшiн судьялардың жалпы санын уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. 3. Әрбiр аудандық сот үшiн судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негiзiнде уәкiлеттi орган белгiлейдi. 1. Аудандық сот Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады. Егер аудандық сотта штат бойынша бiр судья (бiрқұрамды сот) көзделсе, ол осы соттың төрағасы өкiлеттiгiн атқарады. 2. Аудандық сотта кеңсе құрылады, оның штат санын сот төрағасымен келiсе отырып, облыс соттарының әкiмшiсi белгiлейдi. 8-бап. Аудандық соттың өкiлеттiгi 1. Аудандық сот бiрiншi инстанциядағы сот болып табылады. 1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын қарайды; 2) сот статистикасын жүргiзедi; 3) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 9-бап. Аудандық соттың төрағасы 1. Аудандық соттың төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар: 1) сот судьяларының сот iстерiн қарауын ұйымдастырады; 2) соттың кеңсесiне жалпы басшылықты жүзеге асырады; 3) азаматтарды қабылдауды жүргiзедi; 4) судья лауазымына кандидаттардың тағылымдамадан өтуiн ұйымдастырады; 5) сот статистикасын жүргiзу мен талдауды ұйымдастырады; 6) өкiмдер шығарады; 7) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 2. Аудандық соттың төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда осы сот төрағасының өкімі бойынша төраға мiндеттерiн атқару осы сот судьяларының бiрiне жүктеледi. Бiрқұрамды сот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның мiндетiн атқару аумақтық уәкiлеттi орган басшысының ұсынысы бойынша облыстық сот төрағасының өкімімен басқа соттың судьяларының бiрiне жүктеледi. 2-тарау. ОБЛЫСТЫҚ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ТЕҢЕСТIРIЛГЕН СОТТАР 10-бап. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды құру 1. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi - облыстық соттар) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. 2. Облыстық соттар судьяларының жалпы санын уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. Әр облыстық сот үшiн судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негiзiнде уәкiлеттi орган белгiлейдi. 11-бап. Облыстық соттың құрылымы мен құрамы 1. Облыстық сот төрағадан, алқалар төрағаларынан және судьялардан тұрады. 2. Облыстық соттың органдары мыналар: 1) қадағалау алқасы; 2) азаматтық iстер жөніндегі алқа; 3) қылмыстық iстер жөніндегі алқа; 4) соттардың жалпы отырысы. 12-бап. Облыстық соттың өкiлеттiгi Облыстық сот: 1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын қарайды; 2) сот статистикасын жүргiзедi; 3) сот тәжiрибесiн зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды; 4) облыс соттарының әкiмшiсi қызметiн бақылауды жүзеге асырады; 5) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 1. Облыстық соттың азаматтық iстер жөніндегі алқасы мен қылмыстық iстер жөніндегі алқасын - алқалар төрағалары, ал қадағалау алқасын сот төрағасы басқарады. 2. Әрбiр алқадағы судьялар саны сот төрағасының ұсынысы бойынша жалпы отырыста белгiленедi. 3. Қадағалау алқасы осы соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшiлiк дауысымен жыл сайын сайланатын судьяларынан тұрады. Азаматтық iстер жөніндегі алқа мен қылмыстық iстер жөніндегі алқа жалпы отырыста талқылағаннан кейiн дербес құрамын сот төрағасы белгiлейтiн судьялардан тұрады. 4. Сот төрағасы азаматтық iстер жөніндегі алқа мен қылмыстық iстер жөніндегі алқада мамандандырылған құрам түзуi мүмкiн. 1. Облыстық соттың төрағасы судья болып табылады және судьяның мiндеттерiн атқарумен қатар: 1) судьялардың сот iстерiн қарауын ұйымдастырады; 2) қадағалау алқасын басқарады, алқаларда сот iстерiн қараған кезде төрағалық етуге құқылы; 3) қажет болған жағдайларда бiр алқаның (қадағалау алқасынан басқа) судьяларын басқа алқаның құрамында iс қарау үшiн тартады; 4) облыстық соттың жалпы отырысын шақырады және оған төрағалық етедi; 5) алқа төрағасы уақытша орнында болмаған кезде оның мiндетiн атқаруды алқа судьяларының бiрiне жүктейдi; 6) облыстық соттың алқа төрағалары мен судьяларына, аудандық соттардың төрағалары мен судьяларына қатысты тәртiптiк iс қозғайды; 7) соттың жалпы отырысының ұсынысы негiзiнде Әдiлет біліктiлiк алқасына судья қызметiне кандидаттың тағылымдамадан өту нәтижелерi туралы қорытынды жiбередi; 8) сот статистикасын жүргiзудi, сот тәжiрибесiн зерделеудi ұйымдастырады; 9) өкiмдер шығарады; 10) соттың кеңсесiне жалпы басшылықты жүзеге асырады; 11) азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi; 12) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 2. Облыстық сот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның мiндетi өзiнiң өкімі бойынша сот алқалары төрағаларының бiрiне жүктеледi. 3. Облыстық сот төрағасы орнынан түскен не өкiлеттiктерiн мерзiмнен бұрын өзгедей тоқтатқан жағдайда, оның мiндеттерi уәкiлеттi органның шешiмi бойынша сот алқалары төрағаларының бiрiне жүктеледi. 15-бап. Облыстық сот алқасының төрағасы 1. Облыстық сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар: 1) алқа судьяларының сот iстерiн қарауын ұйымдастырады; 2) алқа отырыстарында төрағалық етедi; 3) сот төрағасына алқа құрамында мамандандырылған құрам жасақтау жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; 4) сот тәжiрибесiн зерделеу әрi жинақтау және сот статистикасын талдау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; 5) соттың жалпы отырысына алқа қызметi туралы хабарлама ұсынады; 6) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 2. Алқа төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда сот төрағасы оның мiндетiн атқаруды алқалар судьяларының бiрiне жүктейдi. 16-бап. Облыстық соттың жалпы отырысы 1. Облыстық сот қажетiне қарай, бiрақ жылына кемiнде екi рет жалпы отырыстар өткiзедi, оларда: 1) алқа құрамының санын белгiлейдi және қадағалау алқасының құрамына судьялар сайлайды; 2) сот жұмысының жоспарын талқылайды; 3) алқалар төрағаларының хабарламаларын тыңдайды; 4) сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды; 5) уәкiлеттi органға белгiлi бiр адамды облыс соттарының әкiмшiсi қызметiне тағайындауға келісімiн бередi; 6) облыс соттары әкiмшiсiнiң өз қызметi туралы есебiн тыңдайды; 7) аудандық сот төрағасы қызметiнiң бос орнына кандидатураларды қарайды және оның нәтижелерi бойынша тиiстi қорытындылар жасайды; 8) уәкiлеттi органға облыс соттары әкiмшiсiн қызметтен босату туралы ұсыныс енгiзедi; 9) судья қызметiне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын қарайды және Әдiлет біліктiлiк алқасына тиiстi қорытынды бередi; 10) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады; 2. Жалпы отырыс облыстық сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды болады. 3. Облыстық соттың жалпы отырысының жұмыс тәртібі ол бекiткен регламентпен анықталады. 3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ СОТЫ 17-бап. Жоғарғы Соттың өкiлеттiгi 1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы юрисдикция соттарының қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге iстер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында олардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелерi бойынша түсiндiрмелер бередi. 2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты: 1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерi мен материалдарын қарайды; 2) сот практикасын зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды; 3) сот практикасында заңдарды қолдану мәселелерi бойынша түсiндiрмелер беретiн нормативтiк қаулылар қабылдайды; 4) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 18-бап. Жоғарғы Соттың құрылымы мен құрамы 1. Жоғарғы Сот Төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады. Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi. 2. Жоғарғы Соттың органдары мыналар: 1) қадағалау алқасы; 2) азаматтық iстер жөніндегі алқа; 3) қылмыстық iстер жөніндегі алқа; 4) соттың жалпы отырысы. 3. Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-консультациялық кеңес және баспа органы құрылады. 1. Жоғарғы Соттың азаматтық iстер жөніндегі алқасы мен қылмыстық iстер жөніндегі алқасын - алқа төрағалары, ал қадағалау алқасын Жоғарғы Соттың Төрағасы басқарады. 2. Әр алқадағы судьялар саны Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысымен соттың жалпы отырысында белгiленедi. 3. Қадағалау алқасы Жоғарғы Соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшiлiк даусымен жыл сайын сайланатын судьяларынан тұрады. Азаматтық iстер жөніндегі алқа және қылмыстық iстер жөніндегі алқа соттың жалпы отырысында талқылағаннан кейiн дербес құрамын Жоғарғы Сот Төрағасы белгiлейтiн судьялардан тұрады. 4. Жоғарғы Соттың Төрағасы азаматтық iстер жөніндегі алқада және қылмыстық iстер жөніндегі алқада мамандандырылған құрам түзуi мүмкiн. 1. Жоғарғы Соттың Төрағасы судья болып табылады және судья мiндетiн атқарумен қатар: 1) судьялардың сот iстерiн қарауын ұйымдастырады; 2) қадағалау алқасын басқарады, алқада сот iсiн қараған кезде төрағалық етуге құқылы; 3) Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етедi; 4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасында заңдарды қолдану мәселелерi бойынша Жоғарғы Соттың нормативтiк қаулыларын қабылдау үшiн материалдар енгiзедi; 5) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының бекiтуiне Жоғарғы Соттың жалпы отырысы Хатшысының және ғылыми-консультациялық кеңес мүшелерiнiң кандидатураларын енгiзедi; 6) қажет болған жағдайларда бiр алқаның (қадағалау алқасынан басқа) судьяларын басқа алқаның құрамында iс қарау үшiн тартады; 7) Жоғарғы Соттың жұмыс жоспарын бекiтедi; 8) алқалардың жұмысын үйлестiредi; 9) Жоғарғы Соттың Аппаратына жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның құрылымы мен штатын бекiтедi; 10) азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi; 11) өкiмдер шығарады. 2. Жоғарғы Соттың Төрағасы Республиканың өзге де мемлекеттік билiк тармақтары органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынасы кезiнде Республика сот жүйесiнiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ: 1) Қазақстан Республикасының Президентiне уәкiлеттi орган басшысының кандидатурасын ұсынады; 2) соттардың тиiстi жалпы отырыстарының қарауына аудандық соттың төрағасы, облыстық соттың төрағасы және облыстық сот алқасының төрағасы, Жоғарғы Сот алқасының төрағасы мен судьясы қызметiнiң бос орнына балама негiзде кандидатуралар енгiзедi; 3) соттардың жалпы отырыстарының қорытындылары негiзiнде соттардың жалпы отырыстарында қаралған барлық кандидаттардың материалдарын қоса тiркей отырып, тиiсiнше Жоғары Сот Кеңесiне немесе Әдiлет біліктiлiк алқасына аудандық сот төрағасы, облыстық сот төрағасы және облыстық сот алқасының төрағасы, Жоғарғы Сот алқасының төрағасы мен судьясы қызметтерiнiң бос орындарына балама негiзде кандидатуралар ұсынады; 4) Қазақстан Республикасының Президентiне заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныс енгiзедi; 5) осы Конституциялық заңмен көзделген негiздер туындаған жағдайда, тиiсiнше Жоғары Сот Кеңесiне және Әдiлет біліктiлiк алқасына Республика соттары төрағаларының, алқа төрағалары мен судьяларының өкiлеттiгiн тоқтату мәселесi бойынша ұсыныс енгiзедi; 6) Қазақстан Республикасының Президентiне судьяларды мемлекеттік наградалармен марапаттау және оларға құрметтi атақтар беру туралы ұсыныс енгiзедi; 7) Республика судьяларына "Құрметтi судья" атағын бередi, осы атақты беру тәртібі туралы ереженi бекiтедi; 8) Республиканың судьяларына қатысты тәртiптiк iс қозғайды; 9) заңмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 3. Жоғарғы Соттың Төрағасы уақытша орнында болмаған кезде оның мiндетi Жоғарғы Сот Төрағасының өкімі бойынша алқалардың бiрiнiң төрағасына жүктеледi. 4. Жоғарғы Сот Төрағасы орнынан түскен жағдайда не өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған өзге де жағдайда Төрағаның мiндетiн уақытша атқаруды Қазақстан Республикасының Президентi Жоғарғы Сот алқалары төрағаларының бiрiне жүктейдi. 21-бап. Жоғарғы Сот алқасының төрағасы 1. Жоғарғы Сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар: 1) алқаның сот отырыстарында төрағалық етедi; 2) сот статистикасын жүргiзу, заңдарды қолданудағы сот практикасын зерделеу мен жинақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; 3) Жоғарғы Соттың жалпы отырысында қарау үшiн судьялардың тиiстi құжаттарды дайындауын қамтамасыз етедi; 4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысына алқа қызметi туралы ақпарат бередi; 5) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 2. Алқа төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның мiндетiн атқару Жоғарғы Сот Төрағасының өкімі бойынша алқа судьяларының бiрiне жүктеледi. 22-бап. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы 1. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы: 1) алқа құрамының санын белгiлейдi және қадағалау алқасының құрамына судьялар сайлайды; 2) сот практикасын зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды; 3) сот практикасында заңдардың қолданылу мәселелерi бойынша түсiндiрмелер беретiн нормативтiк қаулылар қабылдайды; 4) Жоғарғы Сот алқалары төрағаларының және уәкiлеттi орган басшысының хабарламасын тыңдайды; 5) Қазақстан Республикасы Конституциясының 47-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда қорытынды бередi; 6) облыстық сот төрағасы мен облыстық сот алқасының төрағасы, Жоғарғы Сот алқасының төрағасы мен судьясы қызметiнiң бос орнына кандидатураларды талқылайды және тиiсiнше қорытындылар бередi; 7) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша жалпы отырыс Хатшысын және ғылыми-консультациялық кеңестiң құрамын бекiтедi; 8) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 2. Жалпы отырыс оған Жоғарғы Сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды болып табылады. 3. Жоғарғы Сот жалпы отырысының жұмыс тәртібі өзi бекiтетiн регламентпен белгiленедi. 1-тарау. СУДЬЯЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ 23-бап. Судья мәртебесi 1. Қазақстан Республикасының барлық соттары судьяларының мәртебесi бiрдей болады және бiр-бiрiнен тек өкiлеттiктерiмен ерекшеленедi. Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен судьяға сот төрелiгiн жүзеге асыру жөніндегі өкiлеттiктер берiледi, ол өз мiндеттерiн тұрақты негiзде орындайды және сот билiгiн жүргiзушi болып табылады. Судьялардың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және өзге де заңдармен белгiленедi. 2. Судьяға заңда көзделмеген соттан тыс функциялар мен мiндеттердi жүктеуге болмайды. Судьяны қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқық тәртібін сақтау мәселелерi жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың құрамына енгізуге болмайды. 24-бап. Судьялардың ауыстырылмайтындығы 1. Судьялар қызметке Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес сайланады немесе тағайындалады және тұрақты негiзде өкiлеттiктерге ие болады. 2. Судьяның өкiлеттiгi тек қана осы Конституциялық заңда көзделген негiздер мен тәртiп бойынша тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкiн. 1. Судьяның тәуелсiздiгi Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьялар сот төрелiгiн жүзеге асыруы кезiнде тәуелсiз және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады. 2. Ешкiмнiң сот төрелiгiн жүзеге асыру iсiне араласуға және судья мен алқа заседателiне қандай да болмасын ықпал етуге құқығы жоқ. Мұндай әрекеттер заңмен қудаланады. 3. Судья қаралған немесе қаралып жатқан сот iстерiнiң мәнi жөнiнде қандай да бiр түсiнiк беруге мiндеттi емес. Кеңесу бөлмесiнiң құпиясы барлық жағдайларда қамтамасыз етiлуге тиiс. 4. Соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот төрелiгiн толық әрi тәуелсiз жүзеге асыру үшiн жеткiлiктi мөлшерде республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүргiзiледi. 26-бап. Судья тәуелсiздiгiнiң кепiлдiктерi 1. Судьяның тәуелсiздiгi: |