|
|
|
Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603-II (2006.07.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2006 ж. 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1- 16 баптар) 2-тарау. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік (17- 19 баптар) құқықтық актілер 3-тарау. Стандарттау. Жалпы ережелер (20- 25 баптар) 4-тарау. Сәйкестікті растау (26- 34 баптар) 5-тарау. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және (35- 36 баптар) зертханаларды аккредиттеу 6-тарау. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық (37- 43 баптар) актілерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау 7-тарау. Мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды (44- 45 баптар) адамдарының, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшін жауаптылығы 8-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер (46- 47 баптар) Түпнұсқада мазмұны жоқ Осы Заң Қазақстан Республикасында өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейдi. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі орган заңды тұлғаның белгiлi бiр салада техникалық реттеу объектiлерiнiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құқылы екенiн ресми танитын рәсiм; 2) аккредиттеу аттестаты - сәйкестiктi растау және аккредиттеу саласында жұмыс жүргiзу ережелерiне сәйкес берiлетiн, сәйкестiктi растау жөніндегі органның және (немесе) сынақ зертханаларының (орталықтарының) белгiлi бiр салада белгiленген талаптарға сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстарды орындау құқығын куәландыратын құжат; 3) аудит (сәйкестiктi растау саласындағы) - сәйкестiктi растау жөніндегі аккредиттелген органдардың және (немесе) сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметiн жүйелi, тәуелсiз құжатталған талдау, сондай-ақ өтiнiм берушiнiң бастамасы бойынша жүргiзiлетiн сертификатталған өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң, сапа менеджментi жүйелерiнiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн бақылау; 4) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң және процестердiң қауiпсiздiгi (бұдан әрi - қауiпсiздiк) - қауiптi фактордың iске асу ықтималдығы мен оның зардаптарының ауырлық деңгейiнiң үйлесiмiн ескере отырып, адамның өмiрiне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның iшiнде өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiне зиян келтiруiне байланысты жол берiлмейтiн қауiп-қатердiң болмауы; 5) үйлестiрiлген стандарт - техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететiн стандарт; 6) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесi - өз құзыретi шегiнде техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актілердің, стандарттардың жиынтығы; 7) техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiшi техникалық-экономикалық ақпарат объектiлерiнiң жiктеу топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтығын бiлдiретiн құжат; 8) мемлекеттік стандарт - уәкiлеттi орган бекiткен және тұтынушылардың көпшiлiгi қол жеткiзе алатын стандарт; 9) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен стандарттардың мемлекеттік қоры - техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң, стандарттардың және мемлекеттік органдардың өз құзыреттерi шегiнде қалыптастыратын өзге де құжаттарының мамандандырылған қорларының жиынтығы; 10) сәйкестiк туралы декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн куәландыратын құжат; 11) сәйкестiктi ерiктi растау - дайындаушының (орындаушының) немесе сатушының бастамасы бойынша жүргiзiлiп, өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтiнiм берушiнiң арнайы талаптарына сәйкестiгін растау жүзеге асырылатын рәсiм; 12) өнiмнiң өмiрлiк циклi - өнiмдi жобалау, өндiру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу, кәдеге жарату және жою процестерi; 13) мүдделi тараптар - қызметi техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеумен тiкелей байланысты жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және олардың қауымдастықтары, одақтары, сондай-ақ қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де тұлғалар; 14) өтiнiм берушi - сәйкестiгiн растау үшiн өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi, процестердi ұсынған жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ аккредиттеуге және аудитке (сәйкестiктi растау саласында) өтiнiм берген заңды тұлғалар; 15) сәйкестiк белгiсi - өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмiнен өткенi туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгi; 16) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi бiрдейлендiру - белгiлi бiр өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi ерекшелейтiн белгiлерi бойынша бiрмағыналы тануды қамтамасыз ететiн рәсiм; 17) дайындаушы (орындаушы) - өнiмдi кейiннен иелiктен шығару немесе өндiрiстiк мақсаттарда өзi тұтыну үшiн өндiретiн, сондай-ақ өтеулi және (немесе) өтеусiз шарт бойынша жұмыстарды орындайтын немесе қызметтер көрсететiн жеке немесе заңды тұлғалар; 18) инспекциялық тексеру - сертификатталған өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау жөніндегі аккредиттелген органның уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асыратын тексеруi; 19) сынақ зертханасы (орталығы) (бұдан әрi - зертхана) өнiмнiң стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiне сынақ жүргізетiн зертхана, соның iшiнде мемлекеттік органдар зертханасы; 20) халықаралық стандарт - стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшiлiгi қол жеткiзе алатын стандарт; 21) ұлттық стандарт - шет мемлекеттiң стандарттау жөніндегі уәкiлеттi органы қабылдаған және тұтынушылардың көпшiлiгі қол жеткiзе алатын стандарт; 22) стандарттау жөніндегі нормативтiк құжат - стандарттау жөніндегі қызметтiң әр түрiне немесе оның нәтижелерiне қатысты нормаларды, ережелердi, сипаттамаларды, принциптердi белгiлейтiн құжат; 23) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық акт осы Заңға және "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылданған, техникалық реттеу саласындағы құқықтық нормаларды белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат; 24) аккредиттеу саласы - сәйкестiктi растау жөніндегі аккредиттелген органдарға және (немесе) сәйкестiктi растау саласындағы жұмысты жүзеге асыратын зертханаларға техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде, стандарттарда немесе шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестігін анықтау жөніндегі жұмыстарды жүргiзу үшiн бекiтіліп берiлген объектiлердiң тiзбесi; 25) мiндеттi сертификаттау - сәйкестiктi растау жөніндегі органдардың қатысуымен өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкестігін растау нысаны; 26) сәйкестiктi мiндеттi растау - өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсiм; 27) сәйкестiктi растау жөніндегі орган - сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшiн белгiленген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға; 28) негiзге алынатын стандарт - қолданылу саласы кең немесе техникалық реттеудiң белгiлi бiр саласына арналған жалпы ережелерi бар стандарт; 29) сәйкестiктi растау - нәтижесi объектiнiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде, стандарттарда немесе шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн құжаттамалық куәландыру (сәйкестiк туралы декларация немесе сәйкестiк сертификаты түрiнде) болып табылатын рәсiм; 30) берушi - өнiм беретiн, қызмет көрсететiн жеке немесе заңды тұлға; 31) өнiм - процестiң немесе қызметтiң нәтижесi; 32) процесс - өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң процестерiн қоса алғанда, қандай да бiр тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйектi iс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы; 33) стандарттау жөніндегі өңiрлiк ұйым - географиялық немесе экономикалық бiр ғана өңiрдiң стандарттау жөніндегі тиiстi органдары қызметiне қатысу үшiн ашық болатын стандарттау жөніндегі ұйым; 34) өңiрлiк стандарт - стандарттау жөніндегі өңiрлiк ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшiлiгi қол жеткiзе алатын стандарт; 35) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң тiзiлiмi техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, стандарттарды есепке алу құжаты; 36) қауiп-қатер - зардаптарының ауырлық деңгейi ескерiле отырып, адамның өмiрiне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, оның iшiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне зиян келтiру ықтималдығы; 37) сәйкестiк сертификаты - өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелерiне сәйкестігін куәландыратын құжат; 38) сертификаттау - сәйкестiктi растау жөніндегі орган өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн жазбаша куәландыратын рәсiм; 39) стандарт - уәкiлеттi орган көздеген тәртiппен бекітілген, көп мәрте және ерiктi пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектiлерiне ережелердi, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгiлейтiн құжат; 40) ұйым стандарты - ұйым бекiткен стандарт; 41) стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал мiндеттерге қатысты көпшiлiкке ортақ, көп мәрте және ерiктi пайдалану үшiн ережелер белгiлеу арқылы өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтiрудiң оңтайлы деңгейiне қол жеткізуге бағытталған қызмет; 42) сәйкестiктi растау схемасы - объектiнiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде, стандарттарда немесе шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн осы жұмысты жүргiзудiң нақты кезеңдерiн (сынау, өндiрiстi бағалау, сапа менеджментi жүйесiн бағалау, нормативтiк және техникалық құжаттаманы талдау және басқалар) сипаттай отырып айқындау тәсiлдерi; 43) техникалық кедергi - техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде және стандарттарда қамтылатын талаптардың әр түрлiлiгi немесе өзгермелiлiгi салдарынан туындайтын кедергi; 44) стандарттау жөніндегі техникалық комитет - бекітілген стандарттау объектiлерi немесе қызмет бағыттары бойынша стандарттарды әзiрлеу және мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн құруға қатысу үшiн ерiктi негiзде экономика салаларында құрылатын консультациялық-кеңесшi орган; 45) техникалық сарапшы - сәйкестігі расталатын объектiге қатысты арнаулы білімi немесе тәжiрибесi бар жеке тұлға; 46) техникалық реттеу - санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестiктi растау, аккредиттеу және белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі қызметтi қоса алғанда, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын мiндеттi және ерiктi талаптарды анықтауға, белгiлеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтiк реттеу; 47) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды басқаруға, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға және стандарттау, сәйкестiктi растау мен аккредиттеу мәселелерi бойынша халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етуге уәкiлеттi мемлекеттік орган; 48) көрсетiлетiн қызмет - берушi мен тұтынушының тiкелей өзара iс-қимылының және берушiнiң тұтынушы қажеттiктерiн қанағаттандыру жөніндегі iшкi қызметiнiң қорытындылары; 49) сәйкестiктi растау нысаны - нәтижелерi өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде, стандарттарда немесе шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiнiң дәлелi ретiнде қаралатын iс-қимылдардың жиынтығы; 50) сәйкестiктi растау, стандарттау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор - уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен аттестатталған маман. 2-бап. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы 1. Осы Заң өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң процестерiне (бұдан әрi - процестер) қойылатын мiндеттi және ерiктi талаптарды айқындау, белгiлеу, қолдану және орындау, олардың сәйкестігін растау, аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейдi. 2. Өнiм, көрсетiлетiн қызмет, процестер техникалық реттеу объектiлерi болып табылады. 3. Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектiлерiне қатысты пайдалану құқығын иеленетiн жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектiлерi болып табылады. 4-бап. Техникалық реттеудiң негiзгi мақсаттары мен принциптерi 1. Техникалық реттеудiң нeгiзгі мақсаттары: 1) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта, соның iшiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; 3) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң қауiпсiздiгiне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын iс-әрекеттердiң алдын алу; 4) саудадағы техникалық кедергiлердi жою; 5) өнiмнiң бәсекеге қабiлеттілігiн арттыру болып табылады. 1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң бiрлiгi мен тұтастығы; 2) бiрыңғай терминологияны, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын талаптарды белгiлеу ережелерiн қолдану; 3) техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетiмдi болуы, техникалық реттеу процестерiне қатысу үшiн тең мүмкiндiктердi, мемлекет пен мүдделi тараптар мүдделерінің теңгерімiн қамтамасыз ету; 4) отандық және импортталатын өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және олардың белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмдерiне қойылатын талаптардың бiрдей болуы; 5) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен стандарттарды әзiрлеу кезiнде ғылым мен техника жетiстiктерiн, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын басым пайдалану; 6) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының мемлекет экономикасының дамуы, оның материалдық-техникалық базасы деңгейiне және ғылыми-техникалық даму деңгейiне сәйкестігі; 7) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң, стандарттардың және олар туралы, оларды әзiрлеу, бекіту, жариялау тәртібі туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi; 8) стандарттарды қолдану мақсатында оларды ерiктi түрде таңдау; 9) сәйкестiктi растаудың бiрыңғай жүйесi мен ережелерi; 10) бiр органның аккредиттеу және сәйкестiктi растау жөніндегі өкiлеттiктердi қоса атқаруын болдырмау; 11) бiр мемлекеттік органда мемлекеттік бақылау мен қадағалау және сәйкестiктi растау функцияларының үйлеспеушiлiгi; 12) сәйкестiктi растау жөніндегі органдардың дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсiздiгi; 13) сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстарда бәсекелестiктiң шектелуiн болдырмау принциптерiне негiзделедi. 5-бап. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымы Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымын: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі; 2) уәкiлетті орган; 3) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдар; 4) мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер; 5) Саудадағы техникалық кедергiлер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы (бұдан әрi - Ақпарат орталығы); 6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер; 7) сәйкестiктi растау жөніндегі органдар, зертханалар; 8) сәйкестiктi растау, стандарттау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар; 9) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен стандарттардың мемлекеттік қоры құрайды. 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң техникалық реттеу саласындағы құзыретi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң техникалық реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады: 1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу; 2) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн құру; 3) техникалық реттеу саласында құқықтық реформаны қамтамасыз ету; 4) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн дамыту бағдарламасын бекіту; 5) қорғау технологияларын қолдану ережелерiн және мiндеттi қорғалуға жататын құжаттар мен объектiлер тiзбесiн бекіту; 6) техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiнiң депозитарийiн құру және жүргiзу ережелерiн бекіту; 7) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесi үшiн консультациялық-кеңесшi органдар құру; 8) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi өз құзыретi шегiнде қабылдау, оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, олардың күшiн жою; 9) сәйкестiктi растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу тәртібін белгiлеу; 10) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды атқару. 7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi Уәкiлеттi орган мынадай функцияларды орындайды: Техникалық реттеу саласында: 1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн құруға қатысады; 2) техникалық реттеу саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады; 3) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн салааралық үйлестіруді жүзеге асырады; 4) мемлекеттік органдармен бiрлесе отырып, мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн дамыту бағдарламасын әзiрлейдi және олардың орындалуын үйлестiредi; 5) техникалық реттеу саласындағы жобалардың және нормативтiк құқықтық актiлердiң техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатқа және осы Заңның 4-бабы 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестiгiне талдауды және сараптама жүргiзудi ұйымдастырады; 6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттермен, жеке және заңды тұлғалармен техникалық реттеу мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасайды; 7) стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етедi, халықаралық және өңiрлiк стандарттау, сәйкестiктi растау нәтижелерiн өзара тану жөніндегі жұмыстарға қатысады; 8) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады; 9) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен стандарттардың мемлекеттік қорының жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді; 10) Ақпарат орталығының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi; 11) сәйкестiктi растау, стандарттау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау тәртібін айқындайды және оны ұйымдастырады, сондай-ақ техникалық реттеу саласындағы кадрларды кәсiби даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастырады; 12) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестiредi; 13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аккредиттеу аттестатын бередi, оның қолданылуын алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұрады, өткізу сатысында өнiмге, көрсетiлетiн қызметке қатысты техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарды бұзған жеке және заңды тұлғаларды жауапкершiлiкке тартады. Аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтата тұрудың себептерi жойылмаған жағдайда немесе аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзiмi iшiнде техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптар қайталап бұзылғаны анықталған жағдайда аккредиттеу аттестатының күшiн уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша сот қана жоя алады. Стандарттау саласында: 1) мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпараттың жiктеуiштерiн әзiрлеудiң, келiсудiң, есепке алудың, бекітудiң, сараптаудың, өзгертудiң, жоюдың және қолданысқа енгізудiң тәртібін белгiлейдi; 2) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлермен үйлестiрiлген стандарттарды талдауды және әзiрлеудi ұйымдастырады; 3) халықаралық, өңiрлiк және ұлттық стандарттарды, шет мемлекеттердiң техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі ережелерi мен ұсынымдарын Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртібін белгiлейдi; 4) мемлекеттік, халықаралық және өңiрлiк стандарттардың, шет мемлекеттер стандарттарының ресми басылымдарын, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі ережелер мен ұсынымдарды басып шығаруды және таратуды ұйымдастырады, олар туралы ақпаратты жариялайды; 5) мемлекеттік стандарттаудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеу тәртібін белгiлейдi; 6) стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттардың мемлекеттік тiлдегi және орыс тiліндегі аудармаларын растауды ұйымдастырады. Сәйкестiктi растау және аккредиттеу саласында: 1) мемлекеттік органдардың, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң және сәйкестiктi растау жөніндегі органдардың қатысуымен жұмыстарды жүргiзудiң ережелерiн белгiлейдi; 2) заңды тұлғаларды аккредиттеудi жүзеге асырады; 3) сәйкестiк сертификатының, сәйкестiк туралы декларацияның және аккредиттеу аттестатының нысандарын белгiлейдi;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |