«Механикалық көлік құралдары мен оларға тіркемелерді мерзімді
Осы редакция 2007 ж. 26 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заңының 5-1-бабы 1-тармағының 28) тармақшасы мен 10-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы «Жол жүрісі қауіпсіздігі» Заңының 19-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланатын және белгіленген тәртіппен (бұдан әрі - көлік құралдары) тіркелген механикалық көлік құралдары мен оларға тіркемелерді, мопед, трактор мен өздігінен жүретін машиналардан басқа, мерзімді мемлекеттік техникалық байқауды (бұдан әрі - байқау) жүргізу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының ІІМ) Жол полициясы комитеті қамтамасыз етсін. Мыналар бақылаудың негізгі міндеттері болып белгіленсін: 1) жол жүрісіне қатысатын көлік құралдарының техникалық жай-күйі мен жабдықтары Жол жүрісі ережелеріне, стандарттарға және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестілігін бағалау; 2) көлік құралдарының санын, олардың тиесілігін және өзге де тіркеу құжаттарын нақтылау; 3) қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 747 қаулысымен бекітілген әскери-көліктік міндеттер туралы тәртіпке сәйкес, жергілікті органдардағы әскери басқарманың өкілдерінің қатысуымен көлік құралдары мерзіміне байланысты. Байқау: автобустар, микроавтобустар және таксилер, сонымен қатар адамдарды тасымалдау үшін жабдықталған жүк автомобильдері меншік нысанына және шыққан жылына қарамастан 6 ай сайын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|