|
|
|
Сот приставтары туралы Қазақстан Республикасының (2007.07.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 27 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Сот приставтарының құқықтық жағдайы 2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Сот приставы - мемлекеттік қызметте тұратын және өзiне осы Заңмен жүктелген мiндеттердi орындайтын лауазымды адам. 2. Сот приставына нысанды киім, куәлiк және жетон берiледi, олардың үлгiлерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi 3. Сот приставының заңды талаптары барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi. 2-бап. Сот приставтарының мiндеттерi Сот приставтарының мiндеттерi: 2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 1) сот отырысы кезiнде, сондай-ақ сот орындаушылары атқарушылық іс-әрекеттер жасаған кезде залда қоғамдық тәртiптi сақтау; 2) бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың орындалуын бақылау; 3) iс жүргiзу әрекеттерiн орындауда сотқа жәрдемдесу; 2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 4) сот үйлерін күзетуді қамтамасыз ету, судьяларды және процестің басқа да қатысушыларын күзету, сондай-ақ атқарушылық іс-әрекеттерін жасау кезінде сот орындаушылары мен осы іс-әрекеттерге қатысатын тұлғаларды күзету; 5) соттардың және басқа органдардың орындаушылық құжаттарын орындауға мәжбүр етуде сот орындаушыларына жәрдем көрсету болып табылады. 3-бап. Қазақстан Республикасының сот приставтары туралы заңдары Қазақстан Республикасының сот приставтары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 05.05.03 ж. № 409-II (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 4-бап жаңа редакцияда 4-бап. Сот приставтарының қызметін ұйымдастыру және оларды тағайындау тәртібi 1. Сот приставтарының бөлімшелерін: 1) уәкілетті органның аудандардағы, қалалардағы және қалалар аудандарындағы аумақтық бөлімдеріндегі (бұдан әрі - аумақтық бөлімдер), облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдарындағы (бұдан әрі - аумақтық органдар) - атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган); 2) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы құрады. 2. Аумақтық бөлімдерде сот приставтарының қызметіне ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылықты уәкілетті орган, оның аумақтық органдары мен аумақтық бөлімдері жүзеге асырады. Уәкілетті орган: 1) сот приставтарының жұмысын ұйымдастырады; 2) сот приставтары кадрларын оқытумен, олардың кәсіби даярлығын арттырумен айналысады; 3) сот приставтары қызметінің тәжірибесін жинақтап қорытады, соның негізінде әдістемелік ұсынымдар әзірлейді; 4) сот приставтары қызметінің статистикалық есебін жүргізумен айналысады; 5) басқа мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен атқару құжаттарының орындалуын және соттар қызметінің белгіленген тәртібін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді; 6) сот приставтарының бөлімшелерін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады. 3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында сот приставтарының қызметіне ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппараты жүзеге асырады. 4. Аумақтық органдар мен аумақтық бөлімдерде сот приставтарын тиісті аумақтық органдардың басшылары қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында сот приставтарын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 5. Сот приставтары бөлімшелерінің штат санын тиісінше уәкілетті органның басшысы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін штат саны шегінде бекітеді.
5-бап. Сот приставының құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимылы 1. Сот приставы өзiне жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде iшкi iстер органдары қызметкерлерiнен, ал әскери соттың сот приставы әскери қолбасшылықтан көмек сұрауға құқылы. 2. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерi өздерi заңмен жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру шегiнде сот приставына көмек көрсетедi. 3. Сот приставтарының құқық қорғау органдарының және әскери бөлiмшелердiң қызметкерлерiмен өзара iс-қимылы аталған органдардың басшылары бекiткен өзара iс-қимыл жөніндегі тиiстi заңға тәуелдi актiде көзделген тәртiп бойынша жүзеге асырылады. 6-бап. Сот приставына қойылатын талаптар 1. Кемiнде жиырма бiр жасқа толған, орта (арнаулы орта) білімi бар, өзiнiң iскерлiк және жеке қасиеттерi бойынша, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша өзiне жүктелген мiндеттердi орындауға қабiлеттi және арнаулы тексеруден өткен, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адам сот приставы болып тағайындала алады. Сот приставтары арнаулы даярлықтан өтiп, содан кейiн табельдiк атыс қаруын сақтау және алып жүру, арнаулы құралдарды пайдалану құқығына ие болады. 2. Сот приставы қызметiне бұрын сотталған немесе қылмыстық жауапкершiлiктен ақталмайтын негiздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен және құқық қорғау органдарынан келеңсiз себептер бойынша шығарылған адамдарды тағайындауға болмайды. ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 7-бап. Сот приставының құқықтары мен мiндеттерi 1. Сот приставы өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында: 1) азаматтардан сот қызметiнiң белгiленген тәртібін сақтауды, сондай-ақ соттың үй-жайында және сот отырысы залында құқыққа қайшы iс-әрекеттер жасауды тоқтатуды талап етуге; 2006.22.06 № 147-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) сот орындаушылары атқарушылық іс-әрекеттер жасаған кезде азаматтардың белгіленген тәртіпті сақтауын және құқыққа қарсы іс-әрекеттерді тоқтатуын талап етуге; 2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 2) соттың үй-жайында (көшпелi отырыс өткiзiлген жағдайда - сот отырысы өткiзiлiп жатқан үй-жайда) және сот орындаушылары атқарушылық іс-әрекеттер жасаған кезде құқық бұзушыны әкiмшiлiк жолмен ұстауға; 3) заңдарда белгiленген тәртiппен жауапқа тарту үшiн құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға; 4) құқық бұзушыны құқық қорғау органдарына жеткiзуге; 5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен атыс қаруын арнаулы құралдар мен күш қолдануға құқылы. 1) өзiне берiлген құқықтарды қатаң заңға сәйкес пайдалануға және өз қызметiнде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге жол бермеуге; 2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2) судьяларды және сот процесіне қатысатын өзге де тұлғаларды, сондай-ақ атқарушылық іс-әрекеттерді жасаған кезде осындай іс-әрекеттерге қатысатын тұлғаларды күзетуді жүзеге асыруға; 3) кеңесу бөлмелерiн, соттың басқа да үй-жайлары мен үйлерiн күзетудi қамтамасыз етуге; 4) атқарушылық iс жүргiзу туралы заңдарға сәйкес атқарушылық iс-әрекеттер жасауға қатысуға; 2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 5) сот отырысы залында және соттың үй-жайында, сондай-ақ атқарушылық іс-әрекеттерді жасаған кезде құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге; 6) судьяның тапсырмасы бойынша қылмыстық iс пен заттық айғақтарды жеткiзудi және соттың тұрақты орналасқан жерiнен тыс сот талқылауын жүргiзу кезiнде олардың сақталуын қамтамасыз етуге; 7) судьяның сот талқылауын жүргiзу тәртібін сақтауға байланысты өкiмдерiн орындауға; 8) сотқа келуден жалтарған адамдарды сот орындаушысына немесе атқарушылық iс-әрекеттер жасалатын жерге күштеп алып келудi жүзеге асыруға; 9) қамауға алынған адамдарды қорғау және олардың қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша қарауыл қызметi қызметкерлерiмен өзара iс-қимыл жасауға мiндеттi. ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 8-бап. Атыс қаруын, арнаулы құралдар мен күш қолдану тәртібі 1. Сот приставының атыс қаруын, арнайы құралдар мен күш қолдануы осы Заңның 2-бабында аталған мiндеттердi орындауға ғана байланысты болуы мүмкiн. 2. Сот приставтарының атыс қаруын: 1) судьялар мен сот талқылауына қатысушылардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнгенде оларға жасалған шабуылға тойтарыс беру; 2) сот приставы мен сот орындаушысының қызмет мiндеттерiн орындауы үстiнде олардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнсе, оларға жасалған шабуылға тойтарыс беру; 3) қаруды немесе арнаулы құралдарды иелену әрекетiн тыю; 4) сотқа және соттардың үйлерiне топтасып немесе қару қолданып жасалған шабуылға тойтарыс беру мақсатында қолдануға құқығы бар. 3. Сот приставы күш жұмсауды, соның iшiнде ұрыс тәсiлдерiн, сондай-ақ тiзбесi арнаулы заңдармен белгiленетiн арнаулы құралдарды: 1) судьяларға және соттың талқылауына қатысушыларға жасалған шабуылға тойтарыс беру; 2) сот приставы мен сот орындаушысының қызмет мiндеттерiн атқаруы үстiнде оларға күшпен қарсылық көрсету мен шабуыл жасауды тыю; 3) егер адам құқыққа қарсы iс-әрекеттердi тоқтату туралы талапты орындаудан бас тартса, ол адамды ұстау; 4) адамның қамаудан қашуына жол бермеу, сондай-ақ қамауда отырған адамды күш арқылы босату әрекетiне жол бермеу үшiн қолдануы мүмкiн. 4. Қарулы шабуыл жасаған және қарулы қарсылық көрсеткен немесе топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда, қаруды, арнаулы құралдарды және ұрыс тәсiлдерiн әйелдерге, кәмелетке толмағандарға және айқын мүгедектiк белгiлерi бар адамдарға қатысты қолдануға тыйым салынады. 2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 5. Қару, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсілдері қолданылған барлық жағдайларда сот приставы айналадағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қажетті шаралар қолдануға, қарудың, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсілдерінің қолданылғаны туралы аумақтық бөлімнің басшысына хабарлауға міндетті, аумақтық бөлім басшысы осындай жағдайлар жөнінде аумақтық органның басшысына хабарлауға міндетті. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының приставы қарудың, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсілдерінің қолданылғаны туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Аппаратының басшысына хабарлауға міндетті. Қару, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсілдерін қолданудың адамдар өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әрбір жағдайында дереу прокурорға хабарланады. 2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 6. Сот приставтары қару-жарағына кiретiн атыс қаруы мен оған арналған оқ-дәрiлер, арнаулы құралдар түрлерiнiң тізбесін және оларды бөлу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Сот приставтарының бөлiмшелерiн қарумен және арнаулы құралдармен қамтамасыз ету тиiсiнше уәкiлеттi органға және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппаратына жүктеледi. 9-бап. Сот приставтарының жауапкершiлiгi Жасаған терiс қылықтары мен құқық бұзушылықтары, өз мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн сот приставтары заңдарда белгiленген тәртiппен жауапты болады. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 10-бап. Сот приставтарын әлеуметтік қорғау шаралары 1. Сот приставтарын міндетті сақтандыру бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. 2. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Сот приставы қызмет мiндеттерiн атқару үстiнде не қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақатының салдарынан қызметтен босағаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның асырауындағы адамдар мен мұрагерлерiне соңғы атқарған қызметi бойынша жалақысының он еселенген жылдық мөлшерi көлемiнде бiржолғы өтемақы төленедi. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Сот приставына қызмет мiндеттерiн атқару үстiнде алған жарақаты, жаралану (контузия), мертiгу, сырқат салдарынан болған мүгедектiктi белгiлеу кезiнде оған мынадай мөлшерде бiржолғы өтемақылар: 1) бiрiншi топтағы мүгедекке - бес жылдық жалақысы; 2) екiншi топтағы мүгедекке - үш жылдық жалақысы; 3) үшiншi топтағы мүгедекке - жылдық жалақысы төленедi. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Сот приставы қызмет мiндеттерiн атқару үстiнде мүгедектiкке әкелiп соқпаған ауыр зақым (жарақат, жаралану, контузия) алған жағдайда - оған үш айлық жалақысы, жеңiл зақым жағдайында айлық жалақысы мөлшерiнде өтемақы төленедi. Бұл ретте осы бапта көзделген біржолғы өтемақылар басқа төлемдерге, соның ішінде сақтандыру төлемдері мен зиянды өтеу тәртібімен жасалатын төлемдерге қарамастан төленеді. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Егер сот приставының қаза табуы (қайтыс болуы), жарақаттануы, жаралануы (мертiгуi) қызмет мiндеттерiн атқаруға байланысты емес жағдаяттарда болғаны белгiленген тәртiп бойынша дәлелденсе, осы бапта көзделген біржолғы өтемақы төленбейдi. 7. Қаза тапқан адамның отбасына және оның асырауындағыларға асыраушысынан айырылуына байланысты заңдарда белгiленген тәртiп бойынша зейнетақы тағайындалады. 8. Қайтыс болған немесе қаза тапқан сот приставын жерлеу үшiн төлем тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгiленген мөлшерде берiледi. 2004.20.12 № 13-III Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 11-бап. Сот приставтарының қызметiн қаржыландыру Сот приставтарының қызметiн қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 05.05.03 ж. № 409-II (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 12-бап жаңа редакцияда 12-бап. Сот приставтарының қызметін бақылау 1. Аумақтық бөлімдерде сот приставтарының қызметін бақылауды уәкілетті орган, оның аумақтық органдары мен аумақтық бөлімдері жүзеге асырады. 2. Уәкілетті орган сот приставтарының қызметін бақылауды жүзеге асыру кезінде аумақтық органдар мен аумақтық бөлімдердегі сот приставтары қызметінің ұйымдастырылуына тексеру жүргізеді. Уәкілетті органның аумақтық органдары мен аумақтық бөлімдері сот приставтарының қызметін бақылауды жүзеге асыру кезінде аумақтық бөлімдердегі сот приставтары қызметінің ұйымдастырылуына тексеру жүргізеді. 3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында сот приставтарының қызметін бақылауды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппараты жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |