Техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша кәсіптік даярлық деңгейін растау жәнебіліктілікті беру Ережесін бекіту туралы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 281 Бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша кәсіптік даярлық деңгейін растау және біліктілікті беру Ережесі бекітілсін. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім департаменттері осы бұйрықты олардың меншік нысандарына қарамастан барлық техникалық және кәсіптік оқу орындарының назарына жеткізсін. 3. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков) осы бұйрықты белгіленген заңнамалық тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 4. «Техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша кәсіптік даярлық деңгейін растау және біліктілікті беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 43 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 11 ақпанда № 3438 тіркелген, 2005 жылғы 27 қыркүйектегі № 177 (911) «Заң газеті» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|