2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі)
Осы редакция 2008 жылғы 2 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналардың: 181, 182, 183, 184, 185, 186, 187, 188, 189, 190, 191, 192, 193, 194, 195, 196, 197, 198, 199, 200, 201, 202, 203-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 181-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және оның атқарылуына бақылауды қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 31174986 мың теңге (отыз бір миллиард бір жүз жетпіс төрт миллион тоғыз жүз сексен алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 21, 373, 368, 397, 531-баптары; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексі; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексі; «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы Заңының 13-бабы; Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңы; «Этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы; «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңы; «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына жолдауы; «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысы; «Қазақстан Республикасында этил спирті мен алкогольді өнімдер импортын лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 маусымдағы № 1031 қаулысы; «Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарының нысанды киімі мен айырым белгілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1247 қаулысы; «Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалдарына бірыңғай мемлекеттік бақылау жүйесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 қыркүйектегі № 1358 қаулысы; «Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің «Кинологиялық орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 ақпандағы № 230 қаулысы; "Халықаралық іскерлік операцияларда трансферттік бағалар қолдану кезінде мемлекеттік бақылауға жататын тауарлардың жекелеген түрлеріне рыноктағы бағалары бойынша ресми ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 маусымдағы № 788 қаулысы; «Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкаларын, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 1586 қаулысы; «Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі № 449 қаулысы; «Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 579 қаулысы; «Республикалық мониторингке жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 тамыздағы № 655 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1115 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1114 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1127 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1129 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1133 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1134 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мемлекеттік мекемелерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1470 қаулысы; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 96 қаулысы; «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысы; «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекеттік бюджетті атқару, кедендік бақылау, салықтардың және бюджетке түсетін міндетті түсімдердің толық түсуін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды толық және уақтылы аударуды қамтамасыз ету, ішкі қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алу, темекі бұйымдарын, этил спирті мен алкоголь өнімдерін, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу, банкроттық (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), борышкерді таратудың соттан тыс рәсімі, дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімдері, бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есептілік және аудит салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жүйесін басқарудың тиімді моделін жасау. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Мемлекеттік бюджетті атқару, бюджеттік есепке алу, кедендік, салықтық бақылау, ішкі қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алу, темекі бұйымдарын, этил спирті мен алкоголь өнімдерін, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу, банкроттық (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), борышкерді таратудың соттан тыс рәсімі, дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімдері, мемлекеттік меншікті басқару, бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есептілік және аудит салаларында салааралық үйлестіру, әдістемелік басқару және бақылауды жүзеге асыру. Республикалық бюджетті тиімді басқаруды және жергілікті бюджеттерді атқаруға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыруды және пайдалануды қамтамасыз ету, бюджеттік есепті жүргізуді қамтамасыз ету, бюджет жүйесінде бюджеттік және бухгалтерлік есепті әрі есептілікті дамыту мен жетілдіру. Лауазымдық міндеттерді тиімді орындау және кәсіби шеберлікті жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіби қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, ептілікті және дағдыны жаңарту. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: бюджетті атқару жөніндегі рәсімдерді ұйымдастыру, бюджеттер атқарылуының мониторингі, республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында бюджет қаражатымен қамтамасыз ету; Қаржы министрлігі жүйесі органдарының әкімшілендіру рәсімдерінің тиімділігін, ақпараттық ашықтығын және айқындылығын арттыруды қамтамасыз ету, ақпараттық-техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 2008 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің оқу-әдістемелік орталықтары негізінде орташа есеппен 2150 адам кеден органдары қызметкерлерімен оқу өткізу жоспарланып отыр; кәсіби шеберлігін жетілдіру орташа есеппен - 3925 адам, оның санында өңірлік органдардан - 3706 адам; Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарын және Халықаралық аудит стандарттарын оқыту орташа алғанда - 7560 адам; мемлекеттік тілді оқыту орташа алғанда - 4871 адам, оның санында өңірлік органдардан - 4418 адам; ағылшын тілін оқыту орташа алғанда - 30 адам. Түпкі нәтиже: мемлекеттік органдардың республикалық бюджетті сапалы, уақытылы атқаруы; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ақпараттық жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі. Қаржы-экономикалық нәтиже: салық және Қазақстан Республикасының бюджетіне басқа міндетті төлемдерді төлеуге жеке тұлғалар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің күн сайын өткізетін қолма-қол ақшасының көлемі 19 млн. теңгеден артықты құрайды; Агенттер қабылдаған бюджеттің кірісіне аударылған салық және салыққа жатпайтын түсімдердің жалпы көлемінен қолма-қол ақшаның үлес салмағы 0,28 %-ды құрайды; 2008 жылы Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына көшкен ұйымдардың үлес салмағы 1 %-ды, 2009 жылы - 1,2 %-ды, 2010 жылы - 1,4 %-ды құрайды; ақпараттың жеделдігін және дұрыстығын көтеру, мемлекеттік қызмет көрсетуді жеделдету; мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдерінің жалпы сомасындағы кедендік төлемдер мен салықтардың үлес салмағы 28 %-ға дейін; қатаң есептілік бланкілерінің бір бірлігін басып шығарудың шартты құны орташа есеппен 3 теңге; кеден органы бойынша қызметтік-іздестіру итін ұстауға арналған шығынның орташа шартты құны 294 мың теңге; 1 кедендік сараптама жүргізу шығындарының шартты орташа құны 255,8 мың теңге. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға арналған шығындардың шартты құны орташа есеппен 19852 теңге; бір мемлекеттік қызметкерге Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарын және Халықаралық аудит стандарттарын оқыту орташа шығындары - 15 900 теңге; бір мемлекеттік қызметкерге мемлекеттік тілді оқыту орташа шығындары - 16118 теңге; бір мемлекеттік қызметкерге ағылшын тілін оқыту орташа шығындары - 19852 теңге. Уақтылығы: жоспарланған іс-шараларды іске асыру мерзіміне сәйкес орындау. Сапасы: мемлекеттік бюджетті атқару, бюджеттік есепке алу, кеден, салықтық бақылау, ішкі қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу, темекі өнімдерінің, этил спирті мен алкоголь өнімінің, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу, банкроттық (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), соттан тыс борышкерді тарату рәсімі, мемлекеттік меншікті басқару, дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімдері, бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік пен аудит салаларында заң бұзушылықтарға жол бермеу; кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру; ақпараттық жүйенің жұмыстары, ұсынған есептер, ақпараттық қызметтер сапасына қанағаттанатын клиенттердің барынша көп санына ұмтылу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы №1224 қаулысына 182-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Инвестициялық жобалардың аудитін жүзеге асыру» деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 16500 мың теңге (он алты миллион бес жүз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы 1998 жылғы 25 наурыздағы Несие жөніндегі келісімді (Арнайы операциялар) (Су қорларын басқару және жерді қалпына келтіру жобасы) бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы 1998 жылғы 25 наурыздағы Қарыз туралы келісімді (Кәдімгі операциялар) (Су қорларын басқару және жерді қалпына келтіру жобасы) бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің арасындағы (Жол көлігі саласын қайта құрылымдау жобасы) Қарыз туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 20 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы автомобиль жолдары саласын дамыту жобасы жөніндегі заем туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 31 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Қарапайым операциялар) (Аймақтық маңызы бар Алматы - Бішкек жолын қайта жаңарту жобасы) (Қазақстандық құрауыш) бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 31 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Заем туралы келісімді (»Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (1 фаза)» жобасы) бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 20 наурыздағы Заңы; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді бекіту (Нұра өзенін тазарту жобасы) туралы» 2004 жылғы 26 мамырдағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы «Автожол саласын (Атырау-Ақтау) қайта құрылымдау» Қарыз туралы келісімді бекіту туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкінің арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәріз салалық жобасы) бекіту туралы» (Жай операциялар) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ауыл шаруашылығын қолдаудың жекешелендіруден кейінгі екінші жобасы) ратификациялау туралы« Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 14 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жобасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту жобасы) және Қазақстан Республикасы мен Ғаламдық экологиялық қордың атқарушы ұйымы ретінде қатысушы Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Траст-қордың гранты туралы келісімді (Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту жобасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 наурыздағы № 170 қаулысы. |