Бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
Осы редакция 2008 жылғы 22 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса берілген Бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандырудың міндетті түрлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 мамырдағы Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі. 3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова): 1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын; 2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы Заңды тұлғалар бірлестігіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін. 4. Агенттіктің Төраға Қызметі (Е.Н. Заборцева) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|