Темір жол көлігі туралы (2008.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 13 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 13 баптар) 2-тарау. Темір жол көлігіндегі басқару (14 - 17 баптар) 3-тарау. Темір жол көлігінің қажетіне арналған (18 - 21 баптар) жер және қорғалатын аймақтар 4-тарау. Темір жол көлігі қызметкерлерінің еңбек (22 - 24 баптар) қатынастарын реттеу ерекшеліктері 5-тарау. Темір жол көлігінде (25 - 29 баптар) жолаушыларды сақтандыру 6-тарау. Жүру қауіпсіздігі, темір жол көлігінің (30 - 35 баптар) жүктері мен объектілерін күзету, ерекше жағдайларда жұмысты ұйымдастыру 7-тарау. Жүк тасымалдауды ұйымдастыру (36 - 55 баптар) 8-тарау. Кірме жолдар (56 - 63 баптар) 9-тарау. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және (64 - 72 баптар) почта жөнелтілімдерiн тасымалдау 10-тарау. Тасымалдаудан туындайтын міндеттемелер (73 - 88 баптар) бойынша жауапкершілік 11-тарау. Актілер, кінә қою, талап қою (89 - 93 баптар) 12-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер (94 - 97 баптар)
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен өзгерістер енгізілді (бұр. ред. қара) Осы Заң темір жол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтілімдерi тасымалдарын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылар, тасымал процесiне қатысушылар, мемлекеттік органдар, жолаушылар, жөнелтушiлер, алушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен ; 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен ; 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред .қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) алушы - багажды, жүк-багажды немесе почта жөнелтілімдерін алатын және тасымал құжаттарында көрсетілген тұлға; 2) арнаулы тасымалдаулар - мемлекет және қорғаныс қажеттеріне арналған арнаулы жүктерді тасымалдау; 3) әлеуметтік мәні бар қатынастар - әлеуметтік мәнін: облысаралық қатынастарда - Қазақстан Республикасының Үкіметі; ауданаралық (қалааралық) және ішкі қатынастарда жергілікті өкілді және атқарушы органдар айқындайтын қатынастар; 4) багаж - жолаушылар немесе почта-багаж поезында тасымалдауға қабылданған, салмағы екі жүз килограмнан аспайтын мүлік; 5) вагон - темір жолдармен тасымалдауға арналған өздігінен жүрмейтін тіркемелі көлік құралы; 6) вагондар (контейнерлер) операторы - вагондарды (контейнерлерді) меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде иеленуші және (немесе) тасымалдаушымен жасалған шарт негізінде осы вагондарды (контейнерлерді) пайдалана отырып, тасымал процесін жүзеге асыруға қатысатын және тасымал құжаттарында көрсетілген тұлға; 7) жолаушы - жол жүру құжаты (билеті) бар және поезбен жол жүретін жеке тұлға; 8) жөнелтуші - багажды, жүк-багажды немесе почта жөнелтілімдерін жөнелтетін және тасымалдау құжаттарында көрсетілген ұлға; 9) жүк - жүк поезында тасымалдауға қабылданған мүлік; 10) жүк алушы - тасымалдау құжаттарында көрсетілген және жүкті алушы тұлға; 11) жүк-багаж - жолаушылар мен почта-багаж поездарында тасымалдауға қабылданған, салмағы екі жүз килограмнан артық мүлік; 12) жүк жөнелтуші - тасымалдау құжаттарында көрсетілген және жүкті жөнелтуші тұлға; 13) жүк жөнелтілімі - бір темір жол көлігі жүкқұжатымен тасымалдауға ұсынылатын жүк партиясы; 14) жылжымалы құрам - жолаушыларды, багажды, жүкті, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін темір жолдармен тасымалдауға арналған тартқыш көлік құралдары (локомотивтер), вагондар, өздігінен жүретін және өзге де көлік құралдары; 15) клиент - жасалған шартқа сәйкес тасымалдаушының қызметін пайдаланатын тұлға; 16) контейнер - жүктерді тасымалдауға арналған бірнеше мәрте қолданылатын әмбебап көлік жабдығы; 17) контрагент - рельс бойындағы қоймаларға, жүк сақталатын алаңдарға, тиеу-түсіру механизмдеріне және (немесе) басқа тармақ иеленушінің кірме жолдарына жалғасатын кірме жолдарға меншік құқығында немесе өзге заңды негіздерде иелік ететін тұлға; 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды 17-1) концессия шарттары бойынша темір жолдар - концессия шарты бойынша салынған және пайдаланылатын және магистралдық темір жол желісіне енгізілмеген темір жолдар; 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 17-2) тармақшамен толықтырылды 17-2) концессия шарты бойынша темір жол көлігінің объектілері - концессия шарты бойынша салынған және пайдаланылатын және магистралдық темір жол желісіне енгізілмеген объектілер; 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 17-3) тармақшамен толықтырылды 17-3) концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жол қызметтері - концессия шарты бойынша салынған және пайдаланылатын темір жол көлігі объектілері бар темір жолдарды пайдалануға беру және олар бойынша жылжымалы құрамды өткізуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтер; 18) кірме жолдар - жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға қызмет көрсетуге арналған және тікелей немесе басқа да кірме жолдар арқылы магистральдық және (немесе) станциялық жолдарға жалғасатын темір жолдар; 19) кірме жолдардың қызметтері - кірме жолдарды пайдалануға беру бойынша көрсетілетін қызметтер; 20) қауіпті жүктер - өздеріне тән қасиеттеріне қарай адамдардың, жануарлардың өліміне, жарақаттануына немесе ауруға шалдығуына, жарылысқа, өртке, мүліктердің бұзылуына немесе жойылуына, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаға зиян келтірілуіне себеп болуы мүмкін жүктер; 21) қол жүгі - жолаушының вагонда өзімен бірге ақысыз тасымалдайтын, салмағы мен көлемі бойынша белгіленген мөлшерден аспайтын жеке заттары; 22) локомотивтік тартқыш операторы - локомотивті күтіп ұстауды және пайдалануды қамтамасыз ететін және локомотивтік тартқыш қызметін көрсетуге сертификаты бар тартқыш көлік құралының (локомотивтің) иесі; 23) локомотивтік тартқыштың қызметтері - темір жолдар бойынша тартқыш көлік құралымен (локомотивпен) жылжымалы құрамның орнын ауыстыру жөнінде көрсетілетін қызметтер; 24) магистральдық жолдар - Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жалпы пайдаланудағы темір жол көлігінің жұмыс істеуіне және басқа мемлекеттермен темір жол қатынасын қамтамасыз етуге арналған темір жол станцияларын қосатын темір жолдар; 25) магистральдық темір жол желісі - магистральдық және станциялық жолдарды, сондай-ақ электрмен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектілерін, құрылғыларды, жабдықты, ғимараттарды, құрылыстарды және оның жұмыс істеуі үшін технологиялық жағынан қажетті өзге де объектілерді қамтитын магистральдық темір жол инфрақұрылымы; 26) магистральдық темір жол желісінің қызметтері - магистральдық темір жол желісін пайдалануға ұсыну және онымен жылжымалы құрамды өткізуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтер; 27) магистральдық темір жол желісінің операторы - мемлекет магистральдық темір жол желісі қызметтерін көрсету және тасымалдау процесін басқару үшін құрған ұйым; 28) мемлекеттік көліктік бақылау (бұдан әрі - көліктік бақылау) - жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының темір жол көлігі саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру мақсатында уәкілетті орган жүргізетін іс-шаралар жиынтығы; 29) ортақ пайдаланылатын кірме жолдар - тасымалдау ережелеріне сәйкес, тасымалдау процесіне қатысушыларға тиесілі және багажды, жүктерді, жүк-багажды тиеу (түсіру), сұрыптау, сақтау жөніндегі операцияларды орындау үшін пайдаланылатын темір жол станциясы аумағында да, одан тысқары жерлерде де арнайы бөлінген темір жолдар; 30) пайдалану құжаттамасы - темір жол көлігі мен жабдығын пайдалану тәртібін белгілейтін құжаттама; 31) станциялық жолдар - кірме жолдарды қоспағанда, темір жол станциясының шекарасындағы темір жолдар; 32) тармақ иеленуші - меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде темір жолдың кірме жолдарын иеленуші тұлға; 33) тасымалдануға болатын мерзім - тез бүлінетін багаждың, жүктің, жүк-багаждың сертификатта (сапалық куәлікте) көрсетілген деректер негізге алынып, жолда болуының барынша шекті мерзімі; 34) тасымалдау - багажды, жүктерді, жүк-багажды жөнелту пунктінен межелі пунктіне апару мақсатында орындалатын тасымалдаушының, магистральдық темір жол желісі операторының, локомотивтік тартқыш операторының өзара байланысты іс-қимылдарының жиынтығы; 35) тасымалдау ережелері - тасымалдау процесінің барлық қатысушыларының қызметін және өзара қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілер; 36) тасымалдау құжаттары - ресімделуі арқылы тасымалдау шарттары жасалатын құжаттар (жол жүру құжаты (билет), багаж бен жүк-багаж квитанциясы, темір жол көлігі жүкқұжаты); 37) тасымалдау процесі - тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде орындалатын ұйымдастырушылық және технологиялық тұрғыдан өзара байланысты іс-әрекеттер мен операциялар жиынтығы; 38) тасымал процесінің қатысушысы - темір жол көлігі саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлға, соның ішінде тармақ иеленуші, контрагент және клиент; 39) тез бүлінетін багаж, жүк, жүк-багаж - жарамдылық мерзімі шектеулі және тасымалдау мен сақтаудың ерекше жағдайын талап ететін багаж, жүк, жүк-багаж; 40) тексеру - кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының темір жол саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын анықтау мақсатында жасалатын бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың іс-әрекеті; 41) темір жолдар - жылжымалы құрамның жүруі іске асырылатын жылжымайтын мүлік объектілері (тар және кең табан магистральдық, станциялық, кірме жолдар); 42) темір жол көлігі - темір жолдармен тасымалдауды қамтамасыз ететін көлік түрі; 43) темір жол көлігіндегі тасымалдаушы (бұдан әрі - тасымалдаушы) - жылжымалы құраммен тасымалдауды жүзеге асыратын және тасымал құжаттарында көрсетілген тасымалдаушы; 44) темір жол көлігінің қажетіне арналған жер - темір жолдар, құрылыстар, жол желісіндегі және басқа ғимараттар, темір жол станциялары, қорғаныштық орман екпелері және жол құрылғылары алып жатқан жер учаскелері; 45) темір жол көлігінің қорғалатын аймақтары - тасымалдау қауіпсіздігін, темір жол көлігі құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектілерінің сақталуын, төзімділігі мен беріктігін қамтамасыз ету үшін қажетті жер учаскелері; 46) темір жол қатынасы - ол мына түрлерді: халықаралық - Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында және (немесе) Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен тасымалдауды; облысаралық - Қазақстан Республикасының әртүрлі облыстарындағы жөнелту және межелі пункттері арасындағы тасымалдауды; ауданаралық (қалааралық) - бір облыс шегіндегі елді мекендер арасындағы тасымалдауды; ішкі - қала (аудан) ішінде және қала маңында тасымалдауды қоса алғандағы жөнелтетін және баратын бекеттер арасында темір жол көлігімен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтілімдерін тасымалдау; 47) темір жол станциясы - поездар қозғалысын реттеуді, өткізу қабілетін қамтамасыз ететін және оларды қабылдау, жөнелту, тоғыстыру, басып озу жөніндегі, жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерін және (немесе) жүктерді қабылдау, беру жөніндегі операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін жолдық дамуы бар, магистральдық жолдарды учаскелерге бөлетін пункт; 48) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, Қазақстан Республикасында көлік кешені қызметін үйлестіруді, реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган; 49) Ұлттық темір жол компаниясы - Үкімет шешімі бойынша құрылған, ұлттық холдинг жалғыз акционері болып табылатын, магистральдық темір жол желісін күтіп-ұстауды және пайдалануды жүзеге асыратын, сондай-ақ магистральдық темір жол желісі қызметтерін көрсететін акционерлік қоғам; 50) Ұлттық тасымалдаушы - мәртебесін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын, арнайы және әскери тасымалдарды орындайтын және жылжымалы құраммен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерін және (немесе) жүктерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсететін тасымалдаушы; 51) экспедитор - тасымалдау құжаттарында көлік экспедициясы шартының негізінде тасымал төлеушісі ретінде көрсетілуі мүмкін, жүк тасымалдарын ұйымдастыру жөнінде қызметтер көрсететін тұлға.
2-бап. Темір жол көлiгi саласындағы мемлекеттік саясат 1. Темір жол көлiгi саласындағы мемлекеттік саясат: 1) көлiк рыногының барлық субъектiлерiнiң темір жол көлiгi қызметiне еркiн қол жеткізуi; 2) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қорғау; 3) тасымалдардың барлық қатысушылары үшiн құқықтық және экономикалық кепiлдiктердiң бiрыңғай стандартын қолдану принциптерiн негiзге алып, халықтың, экономиканың және мемлекеттiң тасымалдарға қажеттiгiн қанағаттандыру үшiн жағдай жасауға бағытталған. 2. Темір жол көлiгi саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты: 1) темір жол көлiгiнiң магистралдық темір жол желісін дамыту; 2) тасымалдарды дамыту; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред .қара) 3) адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін темір жол көлігі мен оның өмірлік циклі процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес темір жол көлiгiнде тариф, салық және кеден саясатын жүзеге асыру; ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 5) темір жол көлiгiнде еркiн кәсiпкерлiкке жағдай жасау және шаруашылық қызметiне мемлекеттік органдардың заңсыз араласуына жол бермеу; 6) бәсекелестiктi дамыту, соның iшiнде халықаралық тасымалдар саласындағы бәсекелестiктi дамыту; 7) магистралдық темір жол желісінiң бiрыңғай мүлiктiк кешенiн сақтау; 8) қоршаған ортаны қорғау; 9) темір жол көлiгiн жұмылдыру дайындығында ұстап тұру; 10) темір жол көлiгiнiң қажеттерi үшiн импортты алмастыратын өндiрiстi дамытуға жәрдемдесу болып табылады. 3. Темір жол көлiгi саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру уәкiлеттi органға және құзыретiне сәйкес өзге де мемлекеттік органдарға жүктеледi.
3-бап. Темір жол көлiгiнде жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтілімдерi тасымалын ұйымдастыру негiздерi 1. Темір жол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтілімдерiн тасымалдау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және шарттарда жүзеге асырылады. 2. Тасымалдаушы осы Заңда және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделгеннен басқа жағдайларда, ақысын төлеген және жол жүру немесе багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтілімдерi тасымалдарына арналған тасымалдау құжаттарын дұрыс ресiмдеген қызмет пайдаланушыларға тасымал жасаудан бас тартуға құқығы жоқ. ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 3-тармақпен толықтырылды 3. Өзiнiң тартқыш көлiгi (локомотивi) жоқ тасымалдау процесiне қатысушы локомотивтiк тартқыштың операторымен жасалған шарт негiзiнде локомотивтiк тартқыш көрсететiн қызметтердi пайдаланады.
4-бап. Темір жол көлiгi туралы заңдар 1. Темір жол көлiгi туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3. Әскери және арнайы тасымалдарды ұйымдастыру, қамтамасыз ету және орындау ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
5-бап. Темір жол көлiгiнiң ортақ және жеке пайдаланылатын объектiлерi ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1. Магистралдық темір жол желісі Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында ортақ пайдаланылатын темір жол көлiгiнiң объектiсi болып табылады, жекешелендiруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн шарттармен және тәртiппен Ұлттық темір жол компаниясына берiледi. 2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді 2. Магистралдық темір жол желісіне жатпайтын темір жолдар жеке пайдалану объектiсi болып табылуы және жеке меншiкте болуы мүмкiн. Магистральдық темір жол желісіне жатпайтын темір жолдарды салу (қайта жаңарту), сондай-ақ кейіннен пайдалану концессия шарттары негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды 3. Концессионерге концессия шарттары бойынша темір жолдарға және темір жол көлігі объектілеріне концессия шартының мерзіміне иелену мен пайдалану құқығы беріледі. Концессия шарттары бойынша темір жолдар және темір жол көлігінің объектілері концессия шартының мерзімі аяқталғанға дейін магистралдық темір жол желісінің құрамына енгізілмейді.
6-бап. Магистралдық темір жол желісі 1. Тасымалдаушылар магистралдық темір жол желісі бойынша тасымалдарды магистралдық темір жол желісін пайдалану ережелерiне сәйкес жүргiзедi. ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Тасымалдаушы магистралдық темір жол желісі көрсеткен қызметтер үшiн магистралдық темір жол желісінiң операторына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мөлшерде ақы төлейдi. ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3. Магистралдық темір жол желісінiң операторы магистралдық темір жол желісі көрсететiн қызметтерге кемсiтусiз қол жеткізудi қамтамасыз етуге және тасымалдаушыларға магистралдық темір жол желісін пайдалануға бiрдей құқық беруге мiндеттi. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, өткізу қабiлетiнiң шектелуiне байланысты тасымалдаушыларға поездар қозғалысының нақты бағытында магистралдық темір жол желісін пайдалануға беру мүмкiндiгi болмаған кезде, тасымалдау тасымалдаушылардың магистралдық темір жол желісі көрсететiн қызметтерге кемсiтусiз қол жеткізу ережелерiнде көзделген тәртiппен конкурстық негiзде жүзеге асырылады. ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 4-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара) 4. Ұлттық темір жол компаниясы магистралдық темір жол желісін салуды, күтiп ұстауды және жаңғыртуды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен бағдарлама бойынша жүзеге асырады. Жаңа магистралдық жолдар салу Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 6-1-баппен толықтырылды 6-1-бап. Магистралдық темір жол желісін пайдалану кезiнде туындайтын мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауаптылық Магистралдық темір жол желісін пайдалану кезiнде туындайтын мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, магистралдық темір жол желісін пайдалану ережелерiнде, сондай-ақ осылардың негiзiнде жасалатын шарттарда белгiленген негiздер бойынша және мөлшерде жауаптылықта болады.
7-бап. Темір жол қатынасын тоқтату Мемлекеттік меншiк болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтатуды Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмi бойынша уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
8-бап. Темір жол көлiгіндегі шарттар 1. Тасымалдау шарттарының мiндеттi талаптары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда және соларға сәйкес шығарылған тасымалдау ережелерiнде белгiленедi. Тараптар тасымалдау шарттарының өзге де талаптарын белгiлеуге ерiктi. 2. Жолаушылар тасымалын ұйымдастырған кезде Ұлттық темір жол компаниясы мен тасымалдаушылардың мемлекеттік басқару органдарымен өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шарт талаптарымен жүзеге асырылады. 3. Тасымалдаушы өздерiнiң құзыретiне сәйкес мәлiмделген ерекше маңызды тасымалдарды жүзеге асыру туралы мемлекеттік органдардың жазбаша нұсқауларын (шешiмдерiн) орындауға мiндеттi. Тиiстi нұсқауларда (шешiмдерде) осындай тасымалдар үшiн есеп айырысу тәртібі мен мерзiмдерi туралы мәлiметтер болуға тиiс. 4. Темір жол көлiгiмен халықаралық қатынаста және транзитпен жолаушыларды, багажды, жүктi және жүк-багажды тасымалдау Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады. ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 5-тармақпен толықтырылды 5. Локомотивтiк тартқыш операторы шарттар негiзiнде және уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен локомотивтiк тартқыш қызметтерiн көрсетедi. Тартқыш көлiк құралының (локомотивтiң) иесi бiрiншi кезекте арнайы және әскери тасымалдарды орындау үшiн Ұлттық тасымалдаушыға локомотивтiк тартқыш көрсететiн қызметтердi ұсынуға мiндеттi.
9-бап. Жылжымалы құрамды тiркеу Жылжымалы құрам уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мiндеттi мемлекеттік тiркелуге тиiс.
Темір жол көлiгіндегі қызметтiң жекелеген түрлерi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес берiлетiн лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр. ред .қара) 11-бап. Сәйкестікті растау 1. Темір жол көлігінің қызметіне жататын өнімдердің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 2. Шет мемлекет берген сәйкестікті растау саласындағы құжат мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес танылған жағдайда, ол Қазақстан Республикасында жарамды болып саналады.
12-бап. Тарифтер және ақы төлеу ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Магистралдық темір жол желісінiң операторы көрсететiн қызметтердің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жолдар қызметтерінің бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi. ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жолаушылардың халықаралық және облысаралық қатынастарда жол жүру бағаларына (тарифтерiне) жеңiлдiктер беруге құқылы. Жергiлiктi өкiлдi органдар жолаушылардың ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастарда жол жүру бағаларына (тарифтерiне) жеңiлдiктер беруге құқылы. ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2005 ж. 1 қаңтардан күшіне енеді) 2-1. Тасымалдауды жүзеге асыру жөнiнде қызметтер көрсететiн тасымалдаушының залалдары Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына сәйкес бюджет қаражаты есебiнен субсидияланады. 3. Халықаралық қатынаста тарифтi (тасымалдау ақысын) қолдану ережесi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленедi.
13-бап. Тасымалдауға талап қою құқығын беру Жүк жөнелтушiге байланысты себептер бойынша жүзеге асырылмаған (толық көлемiнде жүзеге асырылмаған) тасымалға алдын ала ақы төленген жағдайда, жүк жөнелтушi ақша қаражатын қайтарып алуға немесе тасымалдаушының келісімiмен осы тасымалға талап ету құқығын басқаға беруге құқылы.
2-тарау. Темір жол көлігіндегі басқару
14-бап. Темір жол көлiгіндегі мемлекеттік басқару 1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң темір жол көлiгi саласындағы құзыретiне: 1) темір жол көлiгiн дамыту тұжырымдамалары мен бағдарламаларын бекіту; |