|
|
|
Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы (2024.10.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2024.25.07. № 604 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2024.25.07. № 604 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2024.25.07. № 604 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 156 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2024.25.07. № 604 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу қағидалары
ҚР Үкіметінің 2024.25.07. № 604 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Осы Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес әзірленді және қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы (бұдан әрі - өтемақы) төлеу тәртібін айқындайды. ҚР Үкіметінің 2019.11.10. № 757 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2024.25.07. № 604 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Өтемақы алуға құқығы бар тұлғалар оны алу үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қаза тапқанда (қайтыс болғанда) немесе оның судьясы қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткер қаза тапқанда (қайтыс болғанда) сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның кадр қызметіне, жергілікті немесе басқа соттың судьясы қаза тапқанда (қайтыс болғанда) немесе оның судьясы қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткер қаза тапқанда (қайтыс болғанда) сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерінің кадр қызметіне (бұдан әрі - кадр қызметі) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінішпен жүгініп, мынадай құжаттарды ұсынады: өтемақыны алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; азаматтық хал актілерін тіркеу органдары берген қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі; кәмелетке толмаған өтемақы алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі; неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәліктің не сот органдарының алимент туралы атқарушылық құжатының, не қамқоршылық туралы құжаттың көшірмесі не мұраға құқық туралы куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі; өтемақы алушының ағымдағы банктік шотының көшірмесі. Жұмыс істеп жүрген судья қайтыс болған жағдайда кадр қызметі өтемақы алуға құқығы бар тұлғаларды азаматтық хал актілерін тіркеу органдары берген қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұсынып, өтініш беруі қажет екені туралы жазбаша хабардар етеді. ҚР Үкіметінің 2024.25.07. № 604 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Кадр қызметі осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресімделуін тексереді және өтінішті осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеуге арналған өтініштерді тіркеу журналына тіркейді. Өтемақы алуға құқығы жоқ тұлға өтініш берген, оны алуға құқықтық негіздер болмаған, тиісті құжаттар толық ұсынылмаған және (немесе) олар дұрыс толтырылмаған жағдайда өтініш тіркелмейді, ол туралы өтініш берушіге жазбаша хабарланады. Кадр қызметі өтінішті журналға тіркеп, 10 күнтізбелік күн ішінде өтемақы алушыға іс қалыптастырады және оны тиісті қаржы қызметіне жібереді. ҚР Үкіметінің 2024.25.07. № 604 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4. Қаржы қызметі өтемақы сомасы туралы есеп-қисапты іске тіркеп, күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде істі өтемақы төлеу туралы шешім қабылдау үшін: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қаза тапқан (қайтыс болған) немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысына; жергілікті немесе басқа соттың судьясы қаза тапқан (қайтыс болған) немесе жергілікті немесе басқа соттың судьясы қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшесінің тиісті басшысына ұсынады. ҚР Үкіметінің 2024.25.07. № 604 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5. Өтемақы төлеуді қаржы қызметі банктердегі не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы алушының ағымдағы банктік шотына аудару жолымен өтініш берілген сәттен бастап екі ай ішінде жүзеге асырады. 6. Кәмелетке толмаған өтемақы алушыларға өтемақы төлеу Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 22-23-баптарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2024.25.07. № 604 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (2024 ж. 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу қағидаларына 1-қосымша
Кімге ____________________________________ (уәкілетті орган басшысының Т.А.Ә. (бар болса) ________________ мекенжайында тұратын _____________________________________ (өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болса)
Жерлеуге біржолғы ақшалай өтемақы төлеуге өтініш
Сізден _________________________________________________________ (қайтыс болған адамның Т.А.Ә. (бар болса) қайтыс болуына байланысты маған жерлеуге біржолғы ақшалай өтемақы төлеуді сұраймын. Қайтыс болған күні: ______________________________________________ Маған тиесілі соманы мынаған аударуды сұраймын: банктің атауы: _______________________________________________________ ағымдағы банктік шот нөмірі: __________________________________________ Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын: 1. 2. 3. Өтініш берушінің қолы 20 __ ж. «__» __________ __________________________
ҚР Үкіметінің 2024.25.07. № 604 Қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (2024 ж. 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы қағидаларына 2-қосымша
Жерлеуге біржолғы ақшалай өтемақы төлеуге арналған өтініштерді тіркеу журналы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |