Технологиялық желілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру жөніндегі Ережені бекіту туралы
ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 439 бұйрығымен күші жойылды
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңы 4-бабының 2-тармағының 7-тармақшасын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған технологиялық желілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру жөніндегі Ереже бекітілсін. 2. «Алкогольді өнім өндірудің көлемін автоматтандырылған есептеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Алкогольді өнімдерді өндіруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті Төрағасының 1998 жылғы 24 қарашадағы № 52 бұйрығының (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 753 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін және оны заңнама белгіленген тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға шаралар қабылдасын. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаржы Министрінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 138 бұйрығымен бекітілген
Технологиялық желілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру жөніндегі ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Осы технологиялық желілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру жөніндегі Ереже «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңы 4-бабының 2-тармағының 7-тармақшасына сәйкес алкоголь өнімін өндіру көлемін тиімді есепке алу мақсатында әзірленген.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|