Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарттарын бекіту туралы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 394-ө Бұйрығымен күші жойылды
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілген халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарты бекітілсін. 2. «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5566 болып тіркелген, 2009 жылғы 13 наурыздағы № 38 «Заң» газетінде жарияланған) № 26-ө бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 3. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызметтер департаменті (Манабаева Қ.А.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы ____________ Б. Садықов 4 қараша 2009 жыл «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі ____________ Ж. Түймебаев 3 қараша 2009 жыл
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 3 қарашадағы № 323-ө бұйрығымен бекітілген
Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарты
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|