|
|
|
Қазақстан Республикасының
Ойын бизнесі туралы (2009.30.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұйымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасы 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 4-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметтің негізгі 5-бап. Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік реттеу 6-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлері 7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 8-бап. Уәкілетті органның және өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті 9-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау 10-бап. Ойын бизнесін ұйымдастырушыларға және ұтыстарға салық салу 11-бап. Ойын мекемелерінің орналасуы 12-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптар 13-бап. Ойын бизнесін ұйымдастырушыларға лицензия алу үшін қойылатын біліктілік талаптары 14-бап. Міндетті резервтер және банк кепілдігі 15-бап. Ойын мекемелеріне келудің тәртібі мен ерекшеліктері 16-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 17-бап. Өтпелі және қорытынды ережелер Түпнұсқада мазмұны жоқ
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен мәтінде «ойын мекемесін ұйымдастырушы», «ойын мекемесін ұйымдастырушыға», «ойын мекемесін ұйымдастырушының», «ойын мекемелерін ұйымдастырушылардың» деген сөздер тиісінше «ойын бизнесін ұйымдастырушы», «ойын бизнесін ұйымдастырушыға», «ойын бизнесін ұйымдастырушының», «ойын бизнесін ұйымдастырушылардың» деген сөздермен ауыстырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) Осы Заң ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұйымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұйымдар пайдаланылады: 1) аппараттық-бағдарламалық кешен - міндеттер кешенін орындауды автоматтандыруға мүмкіндік беретін және электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін техникалық және бағдарламалық құралдар; 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 2) бәс тігу - қатысушылардың өз арасында не ойын бизнесін ұйымдастырушымен ұтыс көзделіп, олар қатыспайтын оқиғаның нәтижесіне жасалған, тәуекелге негізделген келісім; 3) букмекер кеңсесі - ойын бизнесін ұйымдастырушы мен қатысушылар арасында ерікті түрде бәс тігу жасалатын ойын мекемесі; 4) заңдастырылған белгілер - ойын мекемесінің кассалары арқылы сатылатын және құмар ойындарға қатысу үшін ойын мекемелерінде пайдаланылатын, қолма-қол ақшаны алмастыратын белгілі бір номиналдағы фишкалар, жетондар; 5) казино - құмар ойындарды ұйымдастыру және өткізу үшін ойын үстелдері пайдаланылатын ойын мекемесі; 6) казиноның немесе ойын автоматтары залының кассасы - ойын бизнесін ұйымдастырушы арнайы жабдықтаған, қолма-қол ақшаны заңдастырылған белгілерге және заңдастырылған белгілерді қолма-қол ақшаға ұсату (айырбастау) бойынша қызметтер көрсететін ойын мекемесіндегі орын; 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 7) құмар ойын - қатысушылардың өз арасында не ойын бизнесін ұйымдастырушымен ұтыс көзделіп, олар қатысатын оқиғаның нәтижесіне жасалған, тәуекелге негізделген келісім; 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен бап 7-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 7-1) құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге қатысушы - құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге қатысатын жеке тұлға; 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 8) міндетті резервтер - ойын бизнесін ұйымдастырушыға немесе өтінім берушіге меншік құқығында тиесілі, оның ішінде кредитке алынған және салымдарды алғаш талап ету бойынша (талап етуге дейінгі салым) және осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес олар пайдаланатын салымды беру шарттарымен банктік салым шарты негізінде Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде орналастырылатын ақша; 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 9) ойын автоматы - ойын бизнесін ұйымдастырушының немесе оның қызметкерлерінің қатысуынсыз, ұтысы ойын жабдығы корпусының ішінде орналасқан құрылғымен кездейсоқ жағдайда айқындалатын, құмар ойындарын және (немесе) бәс тігуді өткізу үшін пайдаланылатын ойын жабдығы (механикалық, электрлі, электрондық немесе өзге де техникалық жабдық);; 10) ойын автоматтары залы - құмар ойындарды ұйымдастыру мен өткізу үшін ойын автоматтары ғана пайдаланылатын ойын мекемесі; 11) ойын бизнесі - құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге байланысты кәсіпкерлік қызмет; 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 12) ойын бизнесі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік орган; 13) ойын бизнесін ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес берілген лицензияның негізінде құмар ойындарды (бәс тігуді) ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын тұла; 14) ойын жабдығы - құмар ойындар және (немесе) бәс тігу өткізуге арналған және пайдаланылатын құрылғылар немесе құралдар; 15) ойын мекемесі - ұтыс алуды көздейтін, лицензия негізінде құмар ойындар және (немесе) бәс тігу өтетін ғимарат, үй-жай, құрылыс; 16) ойын үстелі - ойыншының (ойыншылардың) және казиноның бір өкілінің қатысумен құмар ойындар өткізуге арналған ойын жабдығы; 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 17) онлайн-казино - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдаланатын және құмар ойындарды нақты уақыт режимінде бір адам пайдалану режимінде де, бірнеше адам пайдалану режимінде де ұйымдастыру және өткізу мүмкіндігін іске асыратын және ұтыстарды алуды көздейтін ойын мекемесі; 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен бап 17-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 17-1) өтінім беруші - Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензия беру туралы уәкілетті органға өтініш жасаған тұлға; 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен бап 17-2) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 17-2) ставка - құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге қатысушы ойын бизнесін ұйымдастырушыға беретін және ойын бизнесін ұйымдастырушы белгілеген ережелерге сәйкес құмар ойынына және (немесе) бәс тігуге қатысудың негізгі шарты болып табылатын ақша сомасы; 18) тотализатор - ойын бизнесін ұйымдастырушының делдалдығы арқылы қатысушылардың арасында бәс тігу жасалатын ойын мекемесі; 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 19) тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің кассасы - аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы ставкалар қабылдау (есепке алу) жүзеге асырылатын және ұтыстарды төлеу жүргізілетін орын; 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен бап 19-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 19-1) тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің электрондық кассасы - ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, ставкалар қабылдау (есепке алу) жүзеге асырылатын және ұтыстарды төлеу жүргізілетін ақпараттық жүйе; 20) 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 21) ұтыс -құмар ойынының және (немесе) бәс тігудің нәтижесі шыққан кезде құмар ойынының және (немесе) бәс тігудің қатысушысына міндетті түрде төленуге немесе берілуге тиіс, ойын бизнесін ұйымдастырушы белгілеген ережелерде көзделген, ақша немесе өзге де мүлік түріндегі мүліктік пайда, соның ішінде мүліктік құқықтар.
2-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 1) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың құқықтық жағдайы мен қызметінің ерекшеліктеріне байланысты; 2) ойынның өзін өткізу және (немесе) бәс тігу кезінде ойын бизнесін ұйымдастырушы мен құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушылар арасында туындайтын; 3) ойын бизнесін ұйымдастырушы мен уәкілетті органның арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 2. Осы Заңның күші лотереяларды ұйымдастыруға және өткізуге, сондай-ақ ойын автоматтарын пайдалана отырып, ұтыссыз қызметтер көрсетуге, спорттық іс-шараларды, оның ішінде боулинг (кегельбан), картинг, бильярд өткізуге байланысты қызметке қолданылмайды.
4-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметтің негізгі принциптері Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асырудың негізгі принциптері: 1) ойын бизнесіне қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды; 2) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың өз қызметін жүзеге асыру заңдылығын қамтамасыз ету болып табылады.
5-бап. Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік реттеу 1. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді және бақылауды уәкілетті орган және өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады. 2. Ойын бизнесі саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу нысандары: 1) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру тәртібін айқындау; 2) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру; 3) ойын бизнесі саласындағы қызметті мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
6-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлері 1. Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметтің мынадай түрлері жүзеге асырылады: 2. Қазақстан Республикасының аумағында: 1) осы баптың 1-тармағында көзделмеген ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыруға; 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 3) ақшадан басқа, өзге де мүлік түрінде ставкаларды қабылдауды көздейтін құмар ойындарын және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруға; 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен бап 4) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ( 4) осы Заңның 11-бабының 1-тармағында көзделген орындарды қоспағанда, ойын автоматтарын кәсіпкерлік мақсатта орнатуға және пайдалануға тыйым салынады.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді.
2009.28.08 № 192-IV ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-бап. Уәкілетті органның және өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті 1) ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады; 2) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтауын, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады; 3) Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді; 4) ойын бизнесін ұйымдастырушының осы Заңның 13-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сай болуын растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекітеді; 5) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияны береді; 6) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүргізу тәртібін бекітеді және онымен айналысу құқығына арналған лицензиялардың тізілімін жүргізеді. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды 7) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтаның нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді. 2. Өзге мемлекеттік органдар ойын бизнесі саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
9-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау 1. Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау осы Заңға және Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 2 тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 2. Ойын бизнесі саласындағы қызмет өтінім берушіге әрбір ойын мекемесіне он жыл мерзімге берілетін лицензиялардың негізінде жүзеге асырылады. 3. Лицензиялық алымның мөлшері, оны есептеу мен төлеудің тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады. 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен бап 4 тармақпен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 4. Лицензиялар туралы деректер ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиялардың тізіліміне енгізіледі.
10-бап. Ойын бизнесін ұйымдастырушыларға және ұтыстарға салық салу Ойын бизнесін ұйымдастырушыларға және ұтыстарға салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
11-бап. Ойын мекемелерінің орналасуы 1. Казино мен ойын автоматтары залдары Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучье ауданында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде орналастырылуға жатады. 2. Осы баптың 1-тармағында аталған аумақтарды қоспағанда, казино мен ойын автоматтары залдарын Қазақстан Республикасының аумағында орналастыруға тыйым салынады. 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 3 тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 3. Ойын мекемелері, тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің кассалары тұрғын үй қорына жатпайтын ғимараттарда ғана орналастырылуға тиіс. Оларды өнеркәсіп орындары мен олардың кешендерінің ғимараттарында және басқа да өндірістік, коммуналдық объектілерде және қойма объектілерінде, ғибадат ету ғимараттарында (құрылыстарында), мемлекеттік органдар мен мекемелердің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында, қалалық және қала маңындағы қатынастағы қоғамдық көліктің барлық түрлерінің станциялары мен аялдамаларында орналастыруға тыйым салынады.
12-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптар 1. Бір казинода кемінде жиырма ойын үстелі орнатылуға тиіс. 2. Ойын автоматтары залында кемінде елу ойын автоматы орнатылуға тиіс. 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 3 тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 3. Әрбір ойын автоматы тиісті ойын жабдығына қатысты Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сай болуға тиіс. 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара 4. Ойын бизнесін ұйымдастырушы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға ұтыстарды төлеуді өткізілетін құмар ойындардың және (немесе) бәс тігудің ережелерінде көзделген мөлшерде және мерзімде, бірақ осы құмар ойынның және (немесе) бәс тігудің нәтижелері шығарылған сәттен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей жүргізеді. 5. Ойын автоматтарын немесе олардың бөліктерін казинодағы және ойын автоматтары залдарындағы қабырғаларға, терезе мен есіктің ойықтарына монтаждауға тыйым салынады. 6. Ойын автоматына технологиялық түрде салынған ұтыс проценті тоқсан проценттен төмен болмауға тиіс. 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 7 тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 7. Ойын мекемелерінің кассалары мен ойын орындары жазылған ақпаратты кемінде жеті тәулік сақтауды қамтамасыз ететін және құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге барлық қатысушылардың әрекеттерін тіркейтін бейне жазу жүйелерімен жабдықталуға тиіс. 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 8 тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 8. Кассада немесе ойын бизнесін ұйымдастырушының шоттарында құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушыға ұтысты төлеу үшін ақша жетіспеген жағдайда ойын бизнесін ұйымдастырушы осы Заңның 14-бабында белгіленген ережелерді ескере отырып, жетпеген сомаға міндетті резервтерді пайдалануы тиіс. 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 9 тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 9. Букмекер кеңсесінің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы аппараттық-бағдарламалық кешен мен ойын жабдықтары арқылы жасалған ставкалардың жалпы сомасын қабылдауды, оның бірыңғай есебін жүргізуді, бәс тігуге қатысушылардың ставкаларын өңдеуді және ұтысты төлеуді жүзеге асыруға және қамтамасыз етуге міндетті. 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 10 тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 10. Букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы нәтижесіне бәс тігілетін оқиғаны өз бетінше айқындайды. 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 11 тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 11. Тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы бәс тігуге қатысушылардың нәтижесіне өздері ставка жасаған оқиғаның дамуы мен аяқталуын қадағалауға мүмкіндік беретін ойын жабдығын орнатуға міндетті. 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен бап 12 тармақпен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 12. Букмекер кеңсесінің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы ставкаларды тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің тиісті кассалары және (немесе) тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің электрондық кассалары арқылы қабылдайды. 2009.28.08 № 192-IV ҚР Заңымен 12 тармақпен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 12. Ойын бизнесін ұйымдастырушылар заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 13- бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 13-бап. Өтінім берушілерге лицензия алу үшін қойылатын біліктілік талаптары 1. Өтінім берушілерге лицензия алу үшін мынадай біліктілік талаптары қойылады: 1) ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі ғимараттың (ғимарат, құрылыс, үй-жай бөлігінің) болуы; 2) меншік құқығындағы ойын жабдықтарының болуы; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған жеке және заңды тұлғалармен шарттардың болуы; 4) ойын мекемесі жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген ережелерінің болуы; 5) қолданылатын заңдастырылған белгілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинацияларының болуы; 6) өтінім берушіде осы Заңда айқындалатын әрбір ойын мекемесі үшін міндетті резервтер түрінде (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткішпен) ойын бизнесі саласында мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін: казино және ойын автоматтары залдарын - 25000 мөлшерінде; букмекер кеңселерін - 20000 мөлшерінде; тотализаторларды - 5000 мөлшерінде қамтамасыз етудің болуы. 2. Өтінім беруші Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған әрбір лицензияны алу үшін уәкілетті органға (лицензиарға) өзінің осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды береді.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 14-бап. Міндетті резервтер 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 1. Міндетті резервтерді ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияларды алуға үміткер өтінім берушілер әрбір қызмет түрі үшін әрбір ойын мекемесіне осы Заңда белгіленген мөлшерде қалыптастырады және банктің клиентпен жасасқан шарты негізінде және алғаш талап ету бойынша (талап етуге дейінгі салым) салымды беру шарттарында Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде салым шарттарында орналастырылады. 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 2. Лицензияға өтінім беруші міндетті резервтерді осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда орналастыруды қамтамасыз етуге міндетті. 3. 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 4. Міндетті резервтер Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тек қана ойын бизнесін ұйымдастырушының құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға ұтысын төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындау мақсатында және ойын бизнесін ұйымдастырушының шоттары мен кассасында ақша жетіспеген жағдайда ғана пайдаланылуы мүмкін. 5. Егер міндетті резервтердің сомасы осы Заңда белгіленген мөлшерден азайған жағдайда, ойын бизнесін ұйымдастырушы осындай азайған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде міндетті резервтерді әрбір лицензияланатын қызмет түрі үшін осы Заңда белгіленген мөлшерге дейін толықтыруға міндетті. 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 6 тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 6. Ойын бизнесін ұйымдастырушы кемінде алты айда бір рет уәкілетті органға банктік салым шартын жасаған кезде ашылған банктік шоттар бойынша ақшасының көлемі және оның қозғалысы туралы анықтама табыс етеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |