Денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (С.А. Баймұқанов) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін оның мерзімдік басылымдарда ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 310 бұйрығына қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы күшін жойған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1) «Емдік препараттарды дайындау мен сатуға байланысты қызметті лицензиялау Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қазандағы № 1624 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің 2000 ж. 30 қарашадағы № 761 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2001 жылғы 5 қаңтарда № 1353 тіркелген); 2) «Рецептісіз босатылатын дәрілік заттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитеті төрағасының 2002 жылғы 27 тамыздағы № 110 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 3 қазанда № 2017 тіркелген, «Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені» жарияланған 2003 ж., № 2, 764 бет); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|