Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы (2006.08.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 26 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізуді ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 1-тармағының 28) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. ҚР Ішкі істер министрінің 2006.08.06. № 263 Бұйрығымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2. "Қазақстан Республикасында көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеудің Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 12 қазандағы № 343 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 679 болып тіркелген, № 1341 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы № 614, № 1458 болып тіркелген 2001 жылғы 25 наурыздағы № 249, № 1663 болып тіркелген 2001 жылғы 28 қазандағы № 762, № 2038 болып тіркелген 2002 жылғы 1 қазандағы № 632, № 3641 болып тіркелген 2005 жылғы 26 сәуірдегі № 249 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеудің Ережелерінде: кіріспедегі "есептен шығару," деген сөздер алынып тасталсын; 16-тармақтың 15-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "15) Сертификат немесе оның жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігін растайтын басқа да құжаттың негізінде тіркеуге әкелінген мынадай көлік құралдарына: Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, тіркеу пунктінде алғаш рет тіркелетін; тіркелген көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізілгеннен кейін мемлекеттік техникалық байқауды жүргізеді". Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|